В составе KAZ Minerals - карьеры, подземные рудники и фабрики по обогащению медной руды, добываемой в Казахстане и Кыргызстане

null АРТЕМЬЕВ ШАХТАСЫ

23.03.2020

Қарау саны: 0

«Шығыстүстімет» ЖШС құрамына кіреді.
Орналасқан жері: Өскемен қаласының солтүстік-шығысында, шаһардан 120 км жерде орналасқан (ШҚО Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласының маңында).
Құрылған жылы: шахта 1958 жылы ашылған. Компания құрамына 1997 жылы кірді. 2005 жылы іске қосылды.
Қызметкерлер саны: шамамен 1200 адам.

 
Қуаты мен өндіріс көлемі:

  • Кәсіпорынның жобалық қуаты - 1,5 млн. тонна кен
  • Жылдық жоспарлы өндіріс көлемі  - 1,4 млн. тонна кен
  • Жылдық нақты өндіріс көлемі -  1,4 млн. тонна кен

Жабдықтар:

  • 43 дана (орта есеппен 7,4 жыл қолданылған) негізгі технологиялық стационарлық қондырғылар
  • 26 дана (орташа – 5,6 жыл) өзі жүретін технологиялық қондырғылар
  • 18 дана (орташа – 4,3 жыл) өзі жүретін қосалқы қондырғылар

Қызықты деректер:

  • Ең көп өндірілген кен көлемі - 2012 жылы 1,5 млн тонна
  • Геологиялық барлау жұмыстарының екі жылында 64 ұңғыма бұрғыланды
  • Ұңғымалардың ұзындығы – 55 мың қумаметр

 

Келешек жоспарлар:

«Шығыстүстімет» ЖШС құрамындағы  Артемьев кенішінде жаңа қуаттылықтар іске қосылмақ. Бүгінгі күні геологиялық барлау жұмыстары аяқталып, кеніштің екінші кезегіне кірісудің бастапқы техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп те қойды.

 

«Артемьев кенішінің құрылысы. Екінші кезек» жобасы 2012 жылдың маусымында қолға алынған болатын. Жоба жетекшісі Игорь Авдеевтің айтуынша, мұны жаңа кеніш деп емес, қолданыстағы кеніштің жалғасы ретінде қарастырған жөн. Жоспар бойынша кенішті тереңірек қазып өңдеу көзделген. Биылғы жылы жоба шеңберінде бұрғылау, геотехникалық және гидрогеологиялық зерттеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, кенішті аршу схемасы бекітіліп, ауа беретін оқпанының жобасы дайын тұр. Жоспар бойынша, Геология және жер қойнауын пайдалану басқармасының мемлекеттік қор комитеті 2015 жылдың бірінші тоқсанында кеніштегі қорды есептеп, ТЭН бекітуі тиіс.

 

Кесте бойынша Артемьев кенішінің қойнауын тереңірек игеру жұмыстары ТЭН құжаттары әзір болғаннан кейін үш жыл ішінде басталуы керек. Жоба іске қосылғаннан кейін кенішті пайдалану мерзімі кем дегенде тағы он жылға ұзармақ.


 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов