В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Алғашқы конференция

15.02.2018

Қарау саны: 37

; assetEntryID = 698760

Өскемен қаласында «Шығыстүстімет» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі І конференция өтті. Мамандар қауіп-қатерді басқару, қауіпсіздік саласындағы ақпарат алмасу және есеп беру, апатты  әрекет ету және оқиғаларды тергеу мәселелерін талқылады. Әрбір қызметкер жұмысты бастамас бұрын өзінің жұмыс орнын  және жалпы жағдайды бағалауды көздейтін қауіп-қатерді жеке бағалаудың SLAM жүйесіне ерекше мән берілді.

Өкінішке қарай «Шығыстүстімет» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы статистикасы қуантып отырған жоқ.  Соңғы үш жылда мұнда 11 адам қаза болды. Олардың арасында әріптестеріміз де, мердігер ұйымдарының өкілдері де бар.

«Қазір кез-келген жолмен жеңіске жетуді көздейтін соғыс жылдары емес. Өкінішке қарай мұны көпшілік түсіне бермейді. Адамдардың ойы мынандай: егер жоспарды орындамасам, еңбекақысыз қаламын. Мұндай жолмен жоспарды орындағанша, мүлдем еңбекақысыз қалған артық», – деді конференция барысында Ильсур Даутов, «Шығыстүстімет» ЖШС-нің басқарма төрағасы.

Конференцияға қатысушыларға бейне хабарлама арқылы KAZ Minerals Тобының бас операциялық директоры Марк Андерсон сәлем жолдады. Ол өз сөзінде «қауіпсіздік басым бағыт емес, ол құндылық» деді. Себебі басым бағыттар өзгереді, ал құндылықтар үнемі сақталады.

Конференция аяқталғанда 2017 жылы өндірістік жарақаттану жағдайларына жол бермеген кәсіпорындар марапатталды. Олардың арасында «Востокэнерго» ЖШС, «KAZ Minerals Service» ЖШС, «ВостокАвтоТранс» филиалы және Қойма шаруашылығы басқармасы бар. 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов