В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null 8 ақпандағы металдар нарығы

08.02.2017

Қарау саны: 94

; assetEntryID = 709578

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владислав Николаев дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы тоннасына $5786,0-дан $5802,0-ға дейін қымбаттады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 253,7 мың тоннадан 253,4 мың тоннаға дейін азайды.

Қолма-қол мыстың LME биржасындағы бағасы бір тоннаға орташа бағасы 2016 жылдың тамыз айында $4758,2, қыркүйекте - $4707,0, қазанда - $4732,1, қарашада - $5443,2, желтоқсанда – $5666,2, қаңтарда - $5737,4,  орта есеппен ақпан айының өткен күндерінде $5851,0 құрады.

COMEX (Нью-Йорктік New York Mercantile Exchange, NYMEX биржасының бөлімі) алаңындағы уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде бір тоннасына $5831,2-дан $5785,3-ға дейін арзандады. 

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннасы $6765,6-дан $6786,3-ға дейін қымбаттады. 

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауындағы мыс қорлары өткен аптада 212,9 мың тоннадан 223,8 мың тоннаға дейін артты.

Биржалардың және Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарлауынша 7 ақпанда мыс бойынша сауда-саттық Нью-Йоркте  арзандап, Лондон мен Шанхайда қымбаттаумен аяқталды. 

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон метал биржасына (LME) саудасының соңғы күнінде төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы тоннасына $2764,5-дан $2774,5-ға дейін қымбаттады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 389,4 мың тоннадан 386,6 мың тоннаға дейін азайды

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы бір тоннаға 2016 жылдың тамыз айында - $2282,7, қыркүйекте - $2292,4, қазанда - $2314,1, қарашада - $2568,8, желтоқсанда – $2671,7, қаңтарда - $2713,0, орта есеппен ақпан айының өткен күндерінде $2804,3 құрады.       

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға маусым айында юаньнен аударғанда бір тоннасы $3284,9-дан $3284,1-ға дейін азайды.  

Шанхай биржасы мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры 162,2 мың тоннадан 162,0 мың тоннаға дейін азайды.

7 ақпанда биржа саудалары Лондонда қымбаттап, Шанхайда арзандады. 

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон нарығында (London Fixing) алтынға кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде унциясына $1226,75-дан $1231,0-ға дейін, ал күміс $17,28-дан $17,60-ға дейін артты.

Уақыты бойынша жуық арада орындалатын фьючерстік алтын келісімдері New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде баға троялық унция үшін $1230,0-дан $1234,2-ға дейін, ал күміс $17,66-дан $17,73-ға дейін қымбаттады.

7 ақпанда Лондон мен Нью-Йоркте алтын мен күмістің бағасы қымбаттады.

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов