В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null 40 жыл бір цехта

18.10.2016

Қарау саны: 45

; assetEntryID = 714455

Көптеген жылдар бойы жұмыс орнын ауыстырмай, бір жерде жұмыс істей беретін адамдарға үнемі таң қаламын. Өзінің цехына жан-тәніңмен беріліп, осыншама жыл жұмыс істеу үшін қандай шыдамдылық пен табандылық керек десеңші? Біреулер мұны кәсіби салада дамуға құлқы жоқ деп түсінеді. Ал мен үшін тұрақтылық шеберліктің белгісі. 

Александр Васильев - осындай шеберлердің бірі. Біздің кездесуіміз кездейсоқ болған жоқ. Оның әріптестері осынау еңбекқор да, әділ адамды, тәлімгер мен адал досты атап өтуді өтінген. Оған қоса кейіпкеріміз жақында 63 жасқа толған. Александр 43 жыл бойы бір жұмыс орнында жұмыс істеген. Мұны оның еңбек кітапшасындағы жазба айқын дәлелдейді.  Александр Иванович - өте ұяң адам және өзінің өмір жолы турады қысқа да, нұсқа айтып берді. Оның болмысы осындай. Шаруаны сөзбен емес, іспен тындырады.   

- Сегіз сыныптық мектепті тәмамдап, АПТУ-де тракторшы мамандығын алдым. Кейін теміржолда жұмыс істедім. Ал 1973 жылы сол кездегі Шығысқазақстандық мыс-химия комбинатының автокөлік цехына автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь болып жұмысқа қабылдандым. 1981 жылы Белаз жүк көлігінің тізгініне отырдым. Бастапқыда 27 тонналық, сосын 110 тонналық көлік еді. «Белазисттің» жұмысы өте ауыр, бірақ есесіне құрметке ие. Мұндай машинаны жүргізуді айтпағанда, қасында барған қорқынышты. 

2000 жылы Александр Иванович басқа көлік, ал 2008 жылы денсаулығына байланысты қайта слесарлыққа ауысты. Ол өзінің комсомолдық жастық шағын, бригадаларда 100-ге тарта адам болған кездерді, Николаев карьеріннің атағы ШҚО-нан алыс жерлерде дүркіреп тұрған уақытта еске алады. 

- Бұл кезде жас жігіттер жылдық жоспарды қарашадағы мерекелерге дейін орындап тастайтын. Себебі беріліп жұмыс істейтін. Талпыныс бар еді. Жақсы еңбек етіп, жақсы табыс табатын, - дейді кейіпкеріміз.

Александр Иванович өзінің тәлімгерлері мен әріптестері Сергей Павлович Шрамконы, Василий Иванович Грохотовты, Валерий Павлович Борисов ілтипатпен еске алады.

Бүгінгі ол өз ісінің маманы болуға талпынған жастарға көмегін аямайды. Оларға өз істеріне жауапкершілікпен қарап, ақша табуды ғана ойлай бермей, компанияның корпоративтік құндылықтарын сақтауды тілейді. Оның айтуынша, құндылықтар қазіргі жағдайдың айнасы. Сонымен қатар Александр Васильевич салауатты өмір салтын сақтап, отбасын қорғауға кеңес береді.

Константин Докучаев

Усть-Таловка кенті

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов