В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null 27 ақпандағы металдар нарығы

27.02.2017

Қарау саны: 36

; assetEntryID = 708031

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владислав Николаев дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы тоннасына $5991,0-дан $5881,0-ға дейін арзандады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 214,0 мың тоннадан 210,8 мың тоннаға дейін азайды.

Мыстың LME биржасындағы бағасы бір тоннаға 2016 жылдың тамыз айында $4758,2, қыркүйекте - $4707,0, қазанда - $4732,1, қарашада - $5443,2, желтоқсанда – $5666,2, қаңтарда - $5737,4,  орта есеппен ақпан айының өткен күндерінде $5942,6 құрады.

COMEX (Нью-Йорктік New York Mercantile Exchange, NYMEX биржасының бөлімі) алаңындағы уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде бір тоннасына $5826,8-дан $5908,3-ға дейін қымбаттады.

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннасы $7043,7-дан $6918,3-ға дейін арзандады. 

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауындағы мыс қорлары өткен аптада 295,7  мың тоннадан 289,8 мың тоннаға дейін азайды.

Биржалардың және Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарлауынша 24 ақпанда мыс бойынша сауда-саттық Нью-Йоркте қымбаттап, Лондон мен Шанхайда арзандады. 

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон метал биржасына (LME) саудасының соңғы күнінде төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы тоннасына $2841,0-дан $2822,0-ға дейін арзандады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 383,1 мың тоннадан 381,4 мың тоннаға дейін азайды

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы бір тоннаға 2016 жылдың тамыз айында - $2282,7, қыркүйекте - $2292,4, қазанда - $2314,1, қарашада - $2568,8, желтоқсанда – $2671,7, қаңтарда - $2713,0, орта есеппен ақпан айының өткен күндерінде $2908,3 құрады.       

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға маусым айында юаньнен аударғанда бір тоннасы $3370,9-дан $3310,4-ға дейін арзандады.  

Шанхай биржасы мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры 197,4 мың тоннадан 197,8 мың тоннаға дейін артты.

24 ақпанда биржа саудалары Лондон мен Шанхайда арзандады. 

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон нарығында (London Fixing) алтынның кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде унциясына $1247,9-дан $1253,65-ға дейін, ал күміс $18,00-дан $18,27-ға дейін қымбаттады.

New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде алтынның троялық унциясы үшін баға $1250,2-дан $1256,9-ға дейін, ал күмістің бағасы $18,11-дан $18,33-ға дейін қымбат.

24 ақпанда  алтын мен күмістің бағасы Лондон мен Нью-Йоркте қымбаттады. 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов