В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null 2019 жылғы бірінші тоқсанның нәтижелері

25.04.2019

Қарау саны: 128

; assetEntryID = 693962

2019 жылдың бірінші тоқсанында KAZ Minerals Тобы 70 мың тонна мыс өндірді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық (2018 жылдың 1-тоқсаны: 67,3 мың тонна). Жыл соңына дейін Бозшакөлдегі мыс үлесінің жоғары болуының, сонымен қатар, Николаев кен байыту фабрикасындағы (КБФ) және каолин балшығы бар кендерді өңдейтін Бозшакөл КБФ-ғы өңдеу көлімінің өсуінің арқасында өндіріс артады деп күтілуде. Сульфидті кендерді өңдейтін Бозшакөл және Ақтоғай КБФ-лары бірінші тоқсанда өткізу мүмкіндігінің жобалық деңгейіне жетті. Компания 2019 жылға жоспарланған 300 мың тонна мыс көлеміндегі көрсеткіштерге жету жолында.

Ақтоғай

Ақтоғай КБК-гі жалпы тоқсандық мыс өндіру көлемі 36,7 мың тоннаны (2018 жылдың 4-тоқсаны: 36 мың тонна) құрады. Бұл 2015 жылдың желтоқсан айынан, яғни, кеніш іске қосылғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. 2019 жылдың тоғыз айы ішінде диірмендерді екі рет қаптау жоспарланған. Сондай-ақ, кендегі мыстың үлесі қазіргі көрсеткіштен төмендейтіні болжанып отыр. 2019 жылғы жоспарлы мыс өндірісі - 130-140 мың тонна.

Сульфидті кеннен өндірілген мыстың көлемі бірінші тоқсанда 31 мың тоннаға жетіп, өткен тоқсанмен салыстырғанда 6%-ға (2018 жылдың 4-тоқсаны: 29,2 мың тонна), ал былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 47%-ға (2018 жылдың 1-тоқсаны: 21,1 мың тонна) артық. Қысқы суық кезеңге орай оксидті кеннен өндірілген катодты мыстың өндірісі, жоспарланғандай, төмендеді (2018 жылдың 4-тоқсаны: 6,8 мың тонна, 2019 жылдың 1-тоқсаны: 5,7 мың тонна). Дегенмен бұл 2018 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда (5,3 мың тонна) 8% артық – бұл кезеңде қатты аяздар өндіріске әсер еткен.

2019 жылдың алғашқы үш айында кен өндіру көлемі (11 млн тонна) КБФ қарқынын арттырып жатқан 2018 жылдың бірінші тоқсанымен (8,5 млн тонна) салыстырғанда 30%-ға артқан. 2018 жылдың төртінші тоқсанында Ақтоғай КБК-нін кеңейту жобасына карьерді дайындау мақсатында атқарылған аршу жұмыстарының арқасында өндірілген сульфидті кеннің көлемі өңдеуге қажетті көлемнен асып түсті.

Бозшакөл

2019 жылдың бірінші тоқсанында Бозшакөл КБК-нінде мыс өндірісі 23,8 мың тоннаға (2018 жылдың 4-тоқсаны: 26,6 мың тонна) дейін азайды. Алайда кендегі мыс үлесінің жоғарырақ болуының және каолин балшығы бар кендерді өңдеудің қайта жандануының (каолин КБФ-ның су және мелиорация жүйелерін жаңғыртуға тоқтаудан кейін) арқасында биылғы жылдың қалған үш тоқсанында өндіріс көлемі артады деп күтілуде. 2019 жылғы мыс өндірісінің жоспарланған аралығы – 105-115 мың тонна.

Бірінші тоқсандағы алтынның2 өндіріс көлемі – 30 мың унция. Бұл былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда (2018 жылдың 1-тоқсаны: 36 мың унция) 17%-ға аз. Бұған негізінен 2018 жылдың бірінші тоқсанында өңделген кеннің құрамындағы алтынның жоғарырақ үлесі себеп болды. Күміс2 169 мың унция көлемінде өндірілді. Бұл өткен тоқсандағы көрсеткіштерге сәйкес келеді (2018 жылдың 4-тоқсаны: 172 мың унция).

Жыл соңына дейін Бозшакөлде 130-140 мың унция алтын және 700 мың унция күміс өндіру жоспарланған.

Сульфидті кенге қол жеткізу үшін көбірек қазылып, жинақталған каолин балшығы бар кендердің арқасында кен өндіру 19%-ға артып (2018 жылдың 4-тоқсаны: 7,5 млн тонна), 8,9 млн тоннаға жеткен. Бұл жағдай өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кен өндірудің 9%-дық өсіміне мүмкіндік берді (2018 жылдың 1-тоқсаны: 8,1 млн тонна).

Шығыс өңір мен Бозымшақ

Шығыстүстіметтің кәсіпорындары мен Бозымшақта кен өндіру көлемі 947 мың тоннаны құрады. Бұл өткен тоқсанмен (2018 жылдың 4-тоқсаны: 963 мың тонна) салыстырғанда 2%-ға аз. Дегенмен былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі (2018 жылдың 1-тоқсаны: 959 мың тонна) өндіріс көлеміне сәйкес келеді.

Негізінен Николаев кен байыту фабрикасының жоспарлы тоқтауына орай кен өңдеу көлемі 982 мың тоннадан 625 мың тоннаға дейін азайды. Фабрика сәуір айының басында жұмысын қайта бастады. Өңдеу көлемінің 36%-ға азаюы мыс өндірісінің 38%-ға, яғни, 9,5 мың тоннаға дейін (2018 жылдың 4-тоқсаны: 15,3 мың тонна) азаюына алып келді.

Өңдеу көлемінің азаюы мен Орлов шахтасындағы кеннің құрамындағы үлестің азырақ болуының салдарынан концентраттағы мырыштың өндірісі төмендеді (6,2 мың тонна; өткен тоқсанда 11,4 мың тонна болған). Жалпы 2019 жылы концентраттағы мырыштың өндіріс көлемі жоспарланған 50 мың тоннадан аз болады деп күтілуде. Себебі, 2019 жылдың тоғыз айында өнімділік толықтай қалпына келіп үлгермейді.

Өңдеу көлемінің төмен болуы салдарынан алтын өндірісі 11%-ға азайып, 12,5 мың унцияны (2018 жылдың 4-тоқсаны: 14 мың унция) құраған. Бозымшақтағы өндіріс көлемінің жоғары болуы аталған төмендеудің орнын толтырды – 10,6 мың унция (2018 жылдың 4-тоқсаны: 9,6 мың унция).

2019 жылдың бірінші тоқсанындағы күміс өндіру – 314 мың унция (2018 жылдың 4-тоқсаны: 631 мың унция).

Мыс, алтын және күміс өндірісіне қатысты жоспарлы аралық бұрынғы қалпында сақталады. Өйткені, қалған үш тоқсанда өндіріс көлемі артпақ.

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам былай деп мәлімдеді: «Ақтоғай мен Бозшакөл қысқы кезеңде жақсы жұмыс атқарып, екі сульфидті фабрика да өткізудің жобалық деңгейіне жетті. Ақтоғайдағы өңдеудің рекордтық көрсеткіштері мен бөліп алудың жоғары қарқынының арқасында бірінші тоқсанда мыстың өндіріс көлемі 37 мың тоннаны құрады. Бұл жағдай кендегі мыстың орташа үлесінің азаюының және оксидті өндірістегі маусымдық толқылаулардың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Қалған тоғыз айда Бозшакөл мен Шығыс өңірдің кәсіпорындарында анағұрлым жоғары өнімділік болады деп күтіп отырмыз. Топтың 2019 жылға жоспарлаған мыс өндірісінің жоспарлы көлемі 300 мың тонна шамасында сақталып отыр».

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов