KAZ Minerals ежегодно реализует множество проектов для своих работников.

null 2019 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАСЫ

03.02.2020

Қарау саны: 0

Корпоративтік құндылықтар жөніндегі «2019 жылдың үздік жобасы» байқауының  басталуы туралы жариялаймыз.

Байқауға қатысу және жобаларды аяқтау мүмкіндігін арттыру мақсатында, байқауды өткізудің мерзімдері жаңартылғанын хабарлаймыз.

Байқауға компанияның бір немесе бірнеше корпоративтік құндылықтарына сәйкес келетін  өзінің жеке немесе топтық жобаларды іске асырған  KAZ Minerals Тобының  барлық қызметкерлері қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін 2020 жылғы 01 наурызға дейін қоса тіркелген үлгіге сәйкес толтырылған өтінішті konkurs@kazminerals.com электрондық мекенжайына жолдау қажет. Өтінім үлгісін www.kazminerals.info сайтынан да жүктеп алуға болады.

Қатысушы жобаларға қойылатын міндетті талаптар:

  • Жоба 2019 жылы іске асырылды
  • Жобаның бастамашылығы (жобаға қызметкер(лер) бастамашылық етті, жоба компанияның бастамасы болған жоқ)
  • Корпоративтік құндылықтардың айқын көрінісі
  • Жаңашылдық, бірегейлік және жобаның компания үшін тәжірибелік маңыздылығы
  • Жобаға қатысушылар – жобаны жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асыруға белсенді қатысқан қызметкерлер

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапаттау рәсіміне Алматы қаласына шақырылады, сонымен қатар естелік сыйлықтар мен тану белгішелерін алады.

1-орын – 5 белгіше

2-орын – 4 белгіше

3-орын – 3 белгіше

Барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны үшін бір белгішеден беріледі.

Байқаудың ерекше туындылары корпоративтік газеттің арнайы шығарылымында және kazminerals.info сайтында жарияланады.

Барлық ұйымдастырушылық мәселелер бойынша Топтың оқыту және дамыту бөліміне (ішкі 15 403, 15 361 ) және konkurs@kazminerals.com электрондық поштасына хабарласыңыздар.

Құрметпен,

Топтың Оқыту және дамыту орталығы

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов