В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null 2018 жылдағы KAZ Minerals

28.12.2018

Қарау саны: 73

; assetEntryID = 694495

2018 жылы KAZ Minerals Тобының өмірінде көптеген оқиғалар болды. Жаңа міндеттерді жүктейтін Жаңа жыл қарсаңында өткен жылдың елеулі оқиғаларына шолу жасап көрейік.

 

Қауіпсіз конференция

Ақпан айында KAZ Minerals Тобының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы І конференциясы өтті. Топтың 160 жуық қызметкері өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты түрлі мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментінің 2018 жылдағы басым бағыты ретінде учаскелердегі қауіп-қатерді анықтау жарияланды. ҚТ мамандарының негізгі мақсаты  - әр қызметкерді SLAM жеке қауіп-қатерді анықтау бірыңғай жүйесінің көмегімен тәуекелдерді анықтап, оларды басқаруға үйрету.

 

Сән мәселесі

Сәуір айында Топта арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдарының брендтері мен үлгілерінің бірыңғай түржинағы пайда болды. Енді Шығыстүстіметке, Востокэнергоға, KAZ Minerals Service-ке және өркендеу жобаларына сатып алынатын арнайы киімдер, аяқ киімдер және ЖҚҚ сапасы мен сыртқы келбетінің бірыңғай талаптарына сай болуы керек.

 

Алғашқы мерейлі мереке

Мамыр айында Бозымшақ КБК бірқатар мерекелік іс-шараларды өткізді. Компанияның 10 жылдық мерейтойы мерекеленді. Алғашқы мерейтойды кәсіпорын Қырғызстанның тау-кен саласындағы көшбасшы ретінде тойлады. Бес жыл қатарынан KAZ Minerals Bozymchak елдегі үздік компания болып танылып келеді.

 

Жаңа деңгей!

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақтоғайдағы сульфидті кендерді өңдейтін байыту фабрика есептік қуатына жетті. Екінші тоқсанда фабриканың орташа өткізу мүмкіндігі есептік қуатының 89% құраса, ұзақ уақыт бойы кәсіпорын 100% деңгейде жұмыс істеді.

 

Көксайдың жағдайы не болды?

Маусым айында KAZ Minerals Non Ferrous China (NFC) компаниясымен Көксай жобасына $70 млн инвестиция салу туралы келісті. Есесіне NFC жобаның 19,4% үлесін алады. Естеріңізге сала кетейік, Көксай – Алматы қаласынан 230 километр қашықтықта орналасқан ашық карьерлік типтегі кеніш. Кен орынның минералды қорлары – құрамында 3,1 млн тонна мыс бар 736 млн тонна кен.

 

Тау-кен ЭКСПО

Шілде айында Астана қаласында 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгрессі өтті. KAZ Minerals бұл халықаралық көрменің алтын серіктесі болды. Жаһанның түпкір-түпкірінен келген геологтардың, кеншілердің және металлургтердің басты кездесуі ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өтіп, 2000 астам өз ісінің кәсіпқойларын бір жерге жинады.

 

Жылдың үздік геологы

«Шығыстүстімет» ЖШС Орлов өндірістік кешенінің бас геологы Николай Лысенко «Алтын Гефест» ұлттық салалық конкурсының «Жыл кәсіпқойы – жыл геологы» номинациясында жеңімпаз атанды. Еліміздің үздік геологы бір кәсіпорында, яғни Орлов ӨК-де 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Негізгі жұмысынан бөлек Николай Лысенко KAZ Minerals-тың жас геологтар буынына қуана тәлім береді.

 

Алғашқы бозшакөлдік молибден

Екінші тоқсанда Бозшакөлде аздаған көлемде молибден концентраты өндірілді. Сынақ түрінде жасалған партияның сынамалары әлеуетті клиенттерге коммерциялық талдау үшін жөнелтілді.

 

Чукоткаға кеттік!

Тамыз айында KAZ Minerals Ресейдің Чукот автономды өңіріндегі Баимская жобасын сатып алу туралы келісім жасады. Бұл ашық типтегі кеніштің негізінде аз шығынды мыс өндірісін құру әлеуеті бар әлемдегі игерілмеген ең ірі мыс кен орындарының бірі. JORC кодексіне сәйкес оның қазіргі ресурстары орташа үлесі 0,43% болатын 9,5 млн тонна мыс пен орташа үлесі 0,23 г/т болатын 16,5 млн унция алтынды құрайды. Алғашқы он жылдағы ортажылдық өндіріс көлемі 250 мың тонна мыс пен 400 мың унция алтын болмақ. Кенішті пайдаланудың мерзімі шамамен 25 жыл.

 

Төртінші рет

Қыркүйек айында бірінші басшының Топтың барлық кәсіпорындары мен компанияларының ұжымдарымен IV Тікелей желісі өтті. Биылғы жаппай еңбек жиналысы YouTube желісінде көрсетілді. Бұл арқылы көрермендер саны екі есе артты. Жалпы эфирді екі жарым мыңнан астам көрді. Биылғы жаңашылдықтардың бірі - компанияның ресми whatsapp-нөмірі қолданылып, ол арқылы қызметкерлер өздерінің сұрақтарын жолдай алды. Бұл байланыс құралы арқылы сұрақтардың 65% келді. Жалпы топ-менеджердің атына IV Тікелей желі аясында 170 жуық сұрақ түсті. Олардың үштен бір бөлігі тікелей эфирде қойылды. Тікелей көрсетілім 2 сағат 55 минутқа созылды. Қызметкерлер көтерген мәселелердің көпшілігі шешілді немесе атқарылу үстінде.

 

Халықаралық рейтинг

KAZ Minerals-тың екі қызметкері «Әлемдік тау-кен өнеркәсібіндегі шабыттандыратын 100 әйел» халықаралық рейтингіне кірді. Бұл туралы толығырақ  - 13-бетте.

 

Құнды қатысушылар

Қазан айында KAZ Minerals корпоративтік құндылықтар саласындағы үздік жобаны анықтайтын ІІІ жыл сайынғы конкурсты қорытындылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қатысушы жобалардың деңгейі арта түскен. Бұл туралы толығырақ – 14-бетте.

 

Салауат

Үш жылдан бері алғашқы рет KAZ Minerals-тың құрама командасы Алматы Марафонының экиден-эстафетасындағы үздік он команданың қатарынан көрінді. Біздің команда 94 құраманың арасында тоғызыншы орынға жайғасты. Жалпы биыл бұл жарысқа компанияның 39 қызметкері қатысты – алтауы құрама команда сапында және 33 адам 10 және 21 километрлік жеке жарысқа түсті.

KAZ Minerals Management-тің екі қызметкері Эвересттің негізгі базасына дейін шықты. Тиянақты дайындықтан кейін қаржылық менеджер Бауыржан Қордабаев пен операциялық іс-қызметті қаржылық бақылаушы Олег Юн теңіз деңгейінен 5364 метр биіктікке көтерілді. Бұл атақты шыңның бөктеріне олар 17 әуесқой альпинисттердің қатарында барды.

Топтың ІІ онлайн-спартакиадасына жеке және командалық жарыстарда 100 астам адам қатысты. Олардың үштен бір бөлігі жүлдегер атанды, мыс белгішелерге және бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Востокцветмет» футбол командасы 2018 жылы футболдан әуесқой командалардың арасындағы ҚР-ның біріншілігінде жүлдегер атанды. Бұл жарыс Өскемен қаласында өтті. Биыл Орлов өндірістік кешенінің футболшылары да түрлі турнирлерде белсенділік танытты.

KAZ Minerals-тың туы KAZ Minerals Management-тің қаржылық аға талдаушысы Мәлика Бергариповамен бірге түрік жағалауында болды. Ол 2018 жылдың жазында әлемнің ондаған елінен келген 1500 жүзгіштер қатарында Босфорды жүзіп өту халықаралық іс-шарасына қатысты. Ашық судағы 6,5 км қашықтықты Мәлика 1 сағат 28 минут 45 секундта жүзіп өтті.

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов