В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null 16 қыркүйектегі металдар нарығы

16.09.2016

Қарау саны: 22

; assetEntryID = 716166

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владислав Николаев дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы  $4694,5-дан $4727,0-ға дейін қымбаттады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 351,5 мың тоннадан 349,2 мың тоннаға дейін азайды.

Қолма-қол мыстың LME биржасындағы бағасы бір тоннаға орташа бағасы 2016 жылдың қаңтар айында $4462,7, ақпанда - $4595,4, наурызда - $4947,5, сәуірде -  $4851,1, мамырда -  $4708,3, маусымда - $4630,6, шілдеде - $4855,7, тамызда - $4758,2, қыркүйектің өткен күндерінде орта есеппен  $4633,8 құрады.

COMEX (Нью-Йорктік New York Mercantile Exchange, NYMEX биржасының бөлімі) алаңындағы уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде бір тоннаға $4735,5-дан $4744,7-ға дейін қымбаттады. 

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннасы $5488,0 болды. Күз ортасы мерекесіне орай сауда болмады. 

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауындағы мыс қорлары өткен аптада 152,4 мың тоннадан 143,7 мың тоннаға дейін азайды.

Биржалардың және Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарлауынша 15 қыркүйекте мыс бойынша сауда-саттық Нью-Йорк пен Лондонда негізінен бағаның жоғарылауымен аяқталды. 

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон метал биржасына (LME) саудасының соңғы күнінде төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы $2232,0-дан $2246,0-ға дейін қымбаттады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 446,6 мың тоннадан 445,5 мың тоннаға дейін азайды.  

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы бір тоннаға 2016 жылдың қаңтарында  $1512,2, ақпанда  – $1710,8, наурызда - $1804,6, сәуірде - $1851,5, мамырда - $1871,2, маусымда - $2023,0, шілдеде  - $2184,8, тамызда  - $2282,7, қыркүйектің өткен күндерінде орта есеппен $2295,1 құрады.       

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға маусым айында юаньнен аударғанда бір тоннасы $2630,2 құрады.

Шанхай биржасы мониторинг жүргізетін  қоймадағы мырыш қоры 187,3 мың тоннадан 186,2 мың тоннаға дейін азайды.

15 қыркүйекте биржа саудалары Лондон қымбаттады.

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон спот нарығында (London Fixing) алтынға кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде унциясына $1321,75-дан $1310,80-ға дейін, күміс $19,04-дан $18,96-ға дейін арзандады.

Уақыты бойынша жуық арада орындалатын фьючерстік алтын келісімдері New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде баға троялық унция үшін $1321,5-дан $1313,6-ға дейін, ал күміс $18,98-дан $18,55-ға арзандады.

15 қыркүйекте алтын мен күміс Лондон мен Нью-Йоркте арзандады.

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов