В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Өтіріктің арты бір тұтам

15.12.2017

Қарау саны: 232

; assetEntryID = 698934

Еңбекке жарамсыздық парағы немесе жәй сөзбен айтқанда «аурхана парағы», «больничный» деп аталып кеткен құжат қызметкерге уақытша еңбекке жарамсыздығана орай медициналық мекемеде беріледі. Бұл құжат адамның жұмыста болмауының заңды екенін растайды.  Өкінішке қарай, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемді алып, жұмысқа келмей қоюды таңдайтындар көбейіп барады. Көбінесе қызметкерлер өздеріне аздаған демалыс жасау үшін бұл құжаттың мүмкіндіктерін пайдаланады.

«Сұраныс ұсынысты туғызады демекші, қазіргі уақытта жалған еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеу оңай болып кетті. «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіпорындарындағы 2017 жылдың қаңтар-қазан айларындағы тексеру барысында еңбекке жарамсыздық жөніндегі жалған парақтарын тапсырудың 71 жағдайы тіркелген. Сонымен қатар, еңбекақыны сақтап қосымша демалысқа рұқсат беретін қан тапсыру туралы жалған анықтамалар тапсырылған. Жүргізілген тергеудің нәтижесінде жеті адам жұмыстан шығарылды, 22 адам тәртіптік жауапқа тартылды. Екі іс бойынша материалдар құқық қорғау органдарына қылмыстық іс қозғау үшін жолданды.  Бухгалтериямен бірлесіп келтірілген шығындардың орнын толтыру жұмыстары жүріп жатыр», – дейді «Шығыстүстімет» ЖШС-нің қауіпсіздік жөніндегі директоры Олег Ни.

Айта кететін жәйт, жалған құжаттарды жасау немесе жұмыстан жалтарудың салдары қиын болуы мүмкін. Айталық, тәртіптік жауапқа тартудан бастап, жұмыстан шығару мен заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту. Қазіргі уақытта «Шығыстүстімет» ЖШС қауіпсіздік қызметінің мамандары жалған құжаттарды анықтау бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп отыр. 

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов