В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Өркендеу жобаларының рекордтары

24.10.2019

Қарау саны: 145

; assetEntryID = 692807

2019 жылдың тоғыз айында KAZ Minerals Тобы 230,5 мың тонна мыс өндірді. Бұл 2018 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 6% артық (216,8 мың тонна). Үшінші тоқсан Топ үшін мыс пен алтын өндіруде рекордты кезең болды: 82,9 мың тонна (2019 жылдың 2-тоқсаны: 77,6 мың тонна) және 58,5 мың унция (2019 жылдың 2-тоқсаны: 44,3 мың унция). Аталған нәтижелерге Ақтоғай мен Бозшакөлдің жоғары көрсеткіштері жағдай жасады.

Компания 2019 жылға жоспарланған мыс өндірісінің 300 мың тоннаға жуық көлеміне жету жолында келеді. Сонымен қатар, алтын өндірудің жоспарланған ауқымының (170-185 мың унция) шамамен 5%-ға артуы болжануда.

Ақтоғай

Үшінші тоқсанда Ақтоғай КБК-нде 37,3 мың тонна мыс өндірілді, бұл екінші тоқсандағы көлемге сәйкес келеді (37,4 мың тонна). Сульфидті кендегі мыстың жоғары мөлшері сақталуда, сульфидті кен байыту фабрикасы (БФ) жыл бойы толық қуатта жұмыс істеді.

2019 жылдың алғашқы тоғыз айында Актоғайда сульфидті кеннен 92,9 мың тонна мыс өндірілген. Бұл сульфидті кен байыту фабрикасы (БФ) өндірісті есептік қуатқа дейін ұлғайту үстінде болған өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 21%-ға артық (2018 жылдың 9 айы: 76,5 мың тонна).

Тоғыз айда оксидті кеннен катодты мыс өндірісі (18,5 мың тонна) өткен жылғы көрсеткішке (18,9 мың тонна) сәйкес келеді. Жылдық жоспарлы көрсеткіш шамамен 25 мың тонна деңгейінде сақталады.

2019 жылдың төртінші тоқсанында катодты мыс өндірісінің маусымдық төмендеуі, сондай-ақ, сульфидті кендегі мыс құрамының төмендеуі және желтоқсан айында сульфидті БФ-да жоспарлы техникалық қызмет көрсету күтілуде. Дегенмен, үшінші тоқсандағы жемісті жұмыстың арқасында Ақтоғай мыс өндірудің бұрын жоспарланған 130-140 мың тонна жылдық жоспарлы көрсеткішінің жоғары шегіне қол жеткізуді көздеп отыр.


Бозшакөл

Тоқсандық есепте Бозшакөл КБК-ндегі мыс өндіруге жоғары өткізу қабілеті мен кендегі мыстың үлесі оң әсер етті. Нәтижесінде мыс өндірісі 38%-ға, яғни, екінші тоқсандағы 23,3 мың тоннадан үшінші тоқсандағы 32,1 мың тоннаға дейін артты. Тоғыз айда Бозшакөл 79,2 мың тонна мыс өндірді (2018 жылдың 9 айы: 75 мың тонна). Бұл сульфидті кенді өңдеудің жоғары көлеміне және бөліп алудың жоғары дәрежесіне байланысты.

Үшінші тоқсанда алтын өндіру көлемі 47%-ға, яғни, 43 мың унцияға (2019 жылдың 2-тоқсаны: 30 мың унция) дейін жетті – бұл Бозшакөл үшін рекордтық көрсеткіш. Ал тоғыз айда өндіріс 103,0 мың унцияға дейін өсті (2018 жылдың 9 айы: 93,7 мың унция).

Күміс өндірісі үшінші тоқсанда 233 мың унцияны (2019 жылдың 2-тоқсаны: 165 мың унция) және тоғыз айда 567 мың унцияны (2018 жылдың 9 айы: 494 мың унция) құрады.

2019 жылдың төртінші тоқсанында жоспарлы техникалық қызмет көрсету салдарынан БФ-ның өткізу қабілетінің төмендейтініне қарамастан, Бозшакөл КБК 105-115 мың тонна көлеміндегі мыс өндірісінің жылдық көрсеткішіне, 130-140 мың унция көлеміндегі алтын өндіру ауқымының жоғарғы шегіне, сондай-ақ, 700 мың унция шамасындағы күміс өндірудің жылдық жоспарына жету жолында келеді.


Шығыс өңір мен Бозымшақ

Үшінші тоқсанда мыс өндірудің көлемі 13,5 мың тоннаға дейін азайды (2019 жылдың 2-тоқсаны: 16,9 мың тонна). Оған негізінен кенді өңдеу көлемінің мен кендегі металл үлесінің азаюы себеп болды. 2019 жылдың тоғыз айында Шығыстүстімет пен Бозымшақ КБК-нің кәсіпорындарында 39,9 мың тонна мыс (2018 жылдың 9 айы: 46,4 мың тонна) өндірілді. Бұл бұрын айтылған болжамға сәйкес келеді. Жыл қорытындысы бойынша мұнда 55 мың тонна мыс өндіріледі деп күтілуде.

Өткен тоқсанмен (13,9 мың унция) салыстырғанда алтын өндіру 4%-ға артып, 14,4 мың унцияны құрады. Кендегі металдың жоғары үлесі мен бөліп алудың коэффициенті өңдеу көлемінің қысқаруын артығымен өтеді. Тоғыз айдағы өндіріс - 40,8 мың унция (2018 жылдың 9 айы: 41,0 мың унция). Шығыс өңір мен Бозымшақ 40-45 мың унция көлеміндегі жылдық жоспарлы аралықтың жоғарғы деңгейінен асады деп болжануда.

Үшінші тоқсанда 583 мың унция (2019 жылдың 2-тоқсаны: 616 мың унция), 2019 жылдың тоғыз айында 1,513 млн унция күміс өндірілді (2018 жылдың 9 айы: 1,725 млн унция). Өндіріс көлемі шамамен 1,8 млн унция мөлшеріндегі жылдық жоспардан асады деп күтілуде.

Концентраттағы мырыштың өндіріс көлемі үшінші тоқсанда 14%-ға азайып, 10,5 мың тоннаны құрады (2019 жылдың 2-тоқсаны: 12,2 мың тонна). Тоғыз айда кендегі металдың төмен мөлшерінің салдарынан 28,9 мың тонна өндірілді. Өткен жылдың осындай кезеңінде 38,3 мың тонна өндірілген еді. Шығыс өңірдегі кәсіпорындар концентраттағы мырыш өндірудің жоспарлы 40-45 мың тонна көлеміне қол жеткізу жолында жұмыс істеуде.

Шығыс өңірде операциялық тиімділікті арттыру үшін 2019 жылғы 1 қарашадан бастап Белоусов БФ кен өңдеуді тоқтатады. Ертіс шахтасындағы өндіріс жалғасады, бірақ кен Николаев БФ-нда өңделетін болады.


Қаржылық ақпаратты жаңарту

KAZ Minerals Тобының таза берешегі 2019 жылғы 30 маусымдағы $2,56 млрд-тан 2019 жылғы 30 қыркүйектегі $2,635 млрд–қа дейін өсті. Негізінен бұған Ақтоғайды кеңейту жобасының күрделі шығындары себер болды. Бұдан басқа, Қытайдың мемлекеттік даму банкіне қарыз міндеттемелері бойынша жарты жылдағы пайыздық төлемдер және жалпы сомасы $95 млн экспорттық несие желісі бойынша ай сайынғы пайыздық төлемдер төленді. Үшінші тоқсанда пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен роялтиді төлеу $55 млн құрады.

Қазақстанның даму банкі ұсынған $600 млн несие желісінің $140 млн-ы үшінші тоқсанда қосымша игерілді. Тағы $340 млн-ды 2019-2020 жылдары Ақтоғай кеңейту жобасын қаржыландыру үшін пайдалану жоспарланып отыр.

2019 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ақша қаражаты мен оның баламаларының жалпы сомасы – $601 млн, жалпы берешек $3,236 млн.

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам былай деп мәлімдеді: «Мен үшінші тоқсанда 83 мың тонна мыс пен 59 мың унция алтын өндірген біздің ірі ауқымды әрі аз шығынды ашық кеніштердің рекордтық жұмыс деңгейі туралы хабарлауға қуаныштымын. Жылдың алғашқы тоғыз айында өндірістің 6%-ға өсуінің арқасында KAZ Minerals бұрын жоспарланған шамамен 300 мың тонна мыс өндірісінің жылдық көрсеткішіне қол жеткізу үшін нақты жағдай жасады. Ал алтын өндірісінің көлемі 170-185 мың унция жылдық жоспарлы аралықтан асады деп болжануда. Топтың операциялық кәсіпорындары біздің өркендеу жобаларымызды қолдаудың берік іргетасы болып отыр».

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов