В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null Ұжым болып жұмылды

11.11.2016

Қарау саны: 31

; assetEntryID = 713111

Қалың жауған қар өскемендіктерге таңсық емес. Алайда қараша айында қапалақтап жауған қар қала тұрғындарын біршама әбігерге түсірді. Коммуналдық қызметтер жолдарды тазартып, оларға құм сеуіп үлгермеді. Соның кесірінен автобустар өз кестесімен жүруге үлгермеді, ал трамвайлар мүлдем тоқтап қалды. 

«Бір тәулік ішінде қалада бір айлық қардың көлемі жауды. Біздің барлық қызметтер күшейтілген дайындық деңгейіне ауысты», - деді Ержан Коңырбаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары.

Дегенмен коммуналдық техника орталық жолдар мен көшелерді тазартып жатқанда, аулалар қараусыз қалды.  "Шығыстүстімет" ЖШС аумағы да қар құрсауында қалды. Адамдар жалғызаяқ жолдармен жүруге мәжбүр болды. Ал бұл ыңғайсыз, әрі қауіпті. Сондықтан компания қызметкерлері қолдарына күрек алып, аула сыпырушыларға көмектесуге шықты.   

«Бір тәулік ішінде осыншама қар жауады деп ешкім ойлаған жоқ. Әдетте біз ауланы тазарту үшін трактор жалдаймыз. Бұл жолы техника табылмады. Білуімше, барлық күш қала көшелерін тазартуға жұмылдырылған. Сол себепті біз ерлер арасында ұран тастадық. Сөйтіп, жігіттер ұжым болып жұмылып, аумақты қардан тазартты», - дейді Шынар Жұмағазықызы, "Шығыстүстімет" ЖШС әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы.

Ел арасында "ақсаусақ" саналатын кеңсе қызметкерлері айналдырған бір сағаттың ішінде барлық жолдар мен алаңқайларды қардан тазартты. Тіпті ара-тұра қарды қалай тазалау керектігі жайлы даулар туып, анағұрлым тиімді әдістер таңдалып алынды. Командалық жұмыс деген осы. 

Ермек Дюзкенев,

Өскемен  

   

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов