В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Фильтр:

null «Фабрика – менің өмірім»

06.01.2020

Қарау саны: 18

; assetEntryID = 692791

Жаңа жыл қарсаңында Орлов ӨК-нің байыту фабрикасына 30 жыл толады! 1989 жылғы 30 желтоқсанда кәсіпорын (сол кезде – Жезкент БФ) ресми түрде жобалық көрсеткіштермен жұмысқа кірісті.

Әр адамға отбасымен мен тегінің, сондай-ақ, еңбек ұжымының тарихын да есте сақтау және құрметтеу маңызды. Кәсіпорынның барлық ұрпақтарының жетістіктерін мақтан тұту қажет. Өндіріс ардагерлеріне құрмет көрсету, ерекше көңіл бөлу, олардан кәсіп пен кәсіпорынға деген ілтипатынан үлгі алған абзал. Олардың кейбіреулері әлі күнге дейін бізбен жұмыс істейді – олар Орлов БФ-ның қалыптасу кезіндегі нағыз даңқты еңбектің өкілдері. Олар тек білім мен өмірлік тәжірибенің алтын қоры ғана емес, олар фабриканың дамуының куәсі.

Михаил Митусов, электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер, еңбек өтілі-33 жыл:

"Іске қосу күні жақсы есімде. Алдымен сынамалық іске қосу болды, жабдықты сынау қажет еді. Роликтер бірінші кеннен қалай жан-жаққа ұшып кеткені есімде, олар ірі фракцияға бейімделмеген. Кенді үгіткіш арқылы өткізу керек еді, ал мұнда бірден ірі кендерді жіберді. Соның кесірінен роликтер бұзылды. Тоқтауға тура келді, слесарлар жабдықты күшейтті. Бірінші флотацияны да реттедік. Бірақ ешкім ешқашан шағымданбады. Қуана жұмыс істедік, кез-келген міндеттер жедел орындалды. Біз барлығымыз іске қосу кезінде дайын маман едік, сондықтан бағыт-бағдар табу қиын емес еді. Бастапқы жоспар -сағатына 90 тонна. Сабырлықпен жұмыс істедік. Болашақ үшін уайымдамадық, бұл сенімді заман еді. Ұжым да жас, фабрика да жаңа - бізде бәрі алда болды.

Мен біздің фабрикамызға өз бала сияқты қараймын. Ол шынымен бір үлкен тірі ағза сияқты. Міне, оған 30 жыл болды, мен ол туралы бәрін білемін, менің көз алдымда өсті, әр бұрышын білемін, маған әрбір гайка, оның ағзасының әрбір ролигі, әлсіз және күшті орындары таныс, қай жер мұқияттылықты талап етеді, қай учаскенің жабдығын уақытында қарау керектігін айта аламын. Менің ойымша, бұл - махаббат. Ол адамның оған деген көзқарасын сезінетініне сенімдімін. Егер қызметкер техникаға, жабдыққа ұқыпты болса, онда ол да үздіксіз жұмыспен, агрегаттар мен тораптардың тұрақты көрсеткіштерімен жауап береді. Бұған өз тағылымдамадан өтушілерімді де үйретемін - он бес адамдай "менің қолымнан" өткен шығар. Озық жабдықтармен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар қазіргі әріптестерім үшін өте қуаныштымын. Уақыт орнында тұрмайды. Mitsubishi жаңа түрлендіргіштері өте қуантады, тұрақты жұмыс істейді. Жақында жаңа панельдерге жоспарлы ауыстыру жүргізілді, сол өндірушінің релесі көңілді қалдырмайды. Тек жұмыс істесең болды.

Қазіргі және бұрынғы барлық әріптестерімді ортақ мерекемізбен - фабриканың мерейтойымен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, гүлдену мен тұрақтылық тілеймін!»

Пекетай Никомбаев, диірмен машинисті, еңбек өтілі – 33 жыл: "1989 жылдың қазан айында сынақ түрінде іске қосу болды, ал желтоқсан айында кәсіпорын ресми түрде жұмыс істей бастады. Мен 1986 жылдан бастап жұмыс істеп келемін. Сол кезде химиялық зертханада бір ғана кабинет болды, құрамында  алты-ақ адам, фабриканың бастығы – Станислав Семенович Адлер. 1989 жылы іске қосылғаннан кейін ол қызмет жолымен жоғарылап, басшы қызметіне Михаил Петрович Ямщиков келді. Фабриканы іске қосу кезінде менен басқасын барлығы уайымдаған шығар. Себебі мен дайын маман болып келдім, тәжірибем де бар еді – бұған дейін Горняк қаласындағы БФ-да жұмыс істеген едім. Сол кезде Жезкентке Ресейден, бүкіл Қазақстаннан, көпшілігі Қарағайлы КБК-нен көптеген кәсіпқойлар келді. 1989 жылы фабриканттарға арнап №13 үйдегі екі жүзден астам жайлы пәтерлердің кілттері берілді. Бұл үйді "фабрикалық"деп атайтын.

Татьяна Копылова, зейнеткер, бұрынғы табельші, еңбек өтілі – 35 жыл:

"Комбинатқа мен 1984 жылы келдім. 1988 жылғы 4 қазанынан бастап  фабрикада қосалқы жұмысшы болып жұмыс істей бастадым, бізде барлығы 32 адам болды және норматив бойынша табельші лауазымы қарастырылмаған. Ал 1991 жылы адам саны шамамен 420-ға жеткенде, мені табельші қылды. Сөйтіп, 2017 жылға дейін осы мамандықта жұмыс істеп шықтым.

Фабриканы іске қосқан кез есімде жақсы қалған. Алдымен жабдықтарды, электр жабдықтарын, диірмендерді, флотацияны айналдырды. 1989 жылғы 30 желтоқсанында алғашқы концентрат алынды. Бұл керемет, ауадағы жеңіс лебі есіп тұрды, барлығымыз қуандық! Жаңа жыл қарсаңы және мерекелік көңіл-күй дегендей. Оның үстіне осындай керемет оқиға орын алды!

Фабрика-менің өмірім, көз алдымда көптеген мамандар өсті. Қазір "Шығыстүстімет" ЖШС-нің бас байытушысы Рашид Өтегенов диірмен машинисті болып бастаған. Абзал Теңізбаев жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін қарапайым диірменші еді, бүгін – біздің фабриканың бастығы. Евгения Кокорева ауылға жас маман болып келген, оның кәсіпқойлығы мен еңбекқорлығы өз нәтижесін берді - қазір ол бас инженер. Дәмелі Дәуенова университеттен кейін бізге тарату жолдамасы бойынша түсті. Бірақ әлі де табысты еңбек етіп келеді. Айта кетерлігі - біздің еңбек әулеттеріміздің екінші буынын байқап отырмын. Олар мен үшін де, ата–аналар үшін де ерекше мақтаныш. Мысалы, бас корпустың флотаторы Ольга Мяделец - жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер Владимир Бугаевтың қызы. Әкесі де кезінде біздің фабриканы "іске қосқан". Сондай–ақ, менің балаларым – Михаил Копылов пен Евгения Давыдова - біздің фабрикада еңбек жолын бастады, көп нәрсеге үйренді, тәжірибе жинақтады, енді екеуі де "Шығыстүстімет" ЖШС-нің басқармасында еңбек етеді.

Осы ерекше күнде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, ал біздің кәсіпорындарға – гүлдену тілеймін!»

1997 жылы фабрика өзінің жобалық қуатына жетті -жылына 1,5 млн тонна кен, бұл реттегі мыс концентратының сапасы 20,7% -ға, ал мысты концентратқа бөліп алу 89,8%-ға (жоспар - 88%) жетті.

Архив: Жезкент БФ – флотатор Татьяна Будницкая, ауысым шебері Мұратбек Сүлейменов, 1989 жыл.

2002 жылы Орлов ӨК-нің фабрикасында кенді байытудың цианидсіз технологиясы енгізілді, бұл ретте өңделетін кен көлемі жылына 1,73 млн тоннаға дейін ұлғайтылды, мыс концентратына 90,2% (+2,2% жоспардан) мыс және мырыш концентратына 64% мырыш бөліп алуға қол жеткізілді. 2017 жылы кен дайындау схемасын өзгерту жұмыстары жүргізілді – қара мырыш концентратын ұсақтаудың және қосымша ұсақтаудың екі сатылы сұлбасы енгізілді.

2019 жылы мыс концентратына 90,5% мысты бөліп алуға қол жеткізілді (жоспар - 90,0%).

Абзал Теңізбаев, Орлов кен байыту фабрикасының бастығы:

"Біз өз нәтижелерімен мақтан тұтамыз, бұл бүкіл ұжымның еңбегі. Фабриканың 30 жылдық мерейтойы - ұрпақтардың ақпараттық, энергетикалық сабақтастығының ерекше шебі. Жастар өндірісте әлі де жұмыс істеп жатқан аға ұрпақтың баға жетпес көп жылдық тәжірибесін игерсе, тәжірибелі мамандар жас мамандардың көптеген озық тәжірибесін көреді. Әріптестердің әрқайсысы ашық және оқуға дайын болғаны маңызды, ұжымда өзара түсіністік, бірлік пен өзара көмек көрсетудің болуы маңызды – бұл процесс құнды және мен оны мақтан тұтанмын.

БФ-ның мерейтойына орай мен барлығына мықты денсаулық пен отбасыларына амандық тілеймін. Барлығымызда табысты еңбек жылдары болсын. Біздің өндірісіміз өз қуатын ұлғайтуды жалғастырып, табысқа кеңеліп, дами берсін!».

 

 

 

 

Фабриканың мерейтойы қалай өткендігін біздің фотогалереядан көріңіздер. 

 

Татьяна Маер, ОӨК

0 комментария(-ев)

Популярное на сайте

Популярное на сайте

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов