Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null «Бозымшақ» КБК: KAZ Minerals компаниясының Қазақстаннан тысқары жерде орналасқан алғашқы жобасы іске қосылуға дайын

20.12.2014

Қарау саны: 0

2014 жылдың соңында Қырғызстанның оңтүстігінде орналасқан "Бозымшақ" тау-кен байыту кешені іске қосылады деп жоспарланған. Қазір мұнда іс ке қосу-реттеу жұмыстары аяқталып қалды. Жобалық қуатына шыққанда "Бозымшақ" КБК жылына бір миллион тоннаға жуық кенді қайта өңдейтін болады.

 

Бозымшақты оның қызметкерлерінің көзімен көргілеріңіз келе ме? Қырғыз еліндегі компанияның баспасөз-хатшысы Бақай Самыйбек уулу "KAZ Minerals Инфо"  оқырмандарына арналған фоторепортаж дайындады. 


Бақай Самыйбек: «Қазақмыс Голд Қырғызстан – KAZ
Minerals еншілес компаниясы – 2007 жылдан бері Бозымшақ алтын-мыс кен орнында жұмыс істеп келеді. Кен орын Джалал-Абад облысының Ала-Буке ауданында, теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте орналасқан.



Кеніштің айналасы бөктерінде қылқан жапырақты орман өскен таулар. Бозымшақ орналасқан аймақта кәсіпорынның қасында мекен ететін сарышұнақтарды, қояндарды және түлкілерді кездестіруге болады. Әсем табиғат және таулы саф ауа. Бозымшақ жылдың әр мезгілінде де керемет.
 
Тынчтык Жороев, үгітуші: «Мен үгіту және ұнақтақтау учаскесіндегі зертханада жұмыс істеймін. Біз бұл жерде кенді кептіріп, сұрыптап, үгітеміз. Оны 2 мм өлшемге дейін жеткізіп, ұнтақтаймыз. Бізге жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған, жаңа жабдықтар орнатылған.  Мұндай жағдайда қуана жұмыс істейсін.



Нұрсұлтан Қабылов, диірмен машинисті:
 «Ұсақтау бөлімінде МШЦ-3772 екі диірмені орнатылған. Әрқайсысының жобалық өнімділігі сағатына 65 тоннаны құрайды. Диірменге 128 тонна шарлар салынады. Диірмен жұмысының негізгі жобалық көрсеткіші - 95% ұсақталған 0,074 мм класстағы кенді өндіру. Мұндай ұсақтау кеннен мысты толығымен бөліп алу үшін қажет». 




Кулсунай Чириева, флотатор
«Біздің фабрика замануи кәсіпорын. Оның өнімділігі - тәулігіне 3120 тонна концентрат. Біз ұжымдық флотация әдісін қолданамыз: мыс, алтын жән күміс аламыз. Кеннен мысты бөліп алу жобалық көрсеткіші 86% құрайды. Қазір осы көрсеткішке жету бағытында жұмыс істеп жатырмыз». 





Болот Торобеков, еңбекті қорғау жөніндегі инженер: «Біз қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға ерекше көңіл бөлеміз. Қызметкерлерді арнайы киімдермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеміз. Өндірістік цехтер, ӘТК, жатын ғимараттар және басқа да нысандар - барлығы қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сәйкес». 







Григорий Диденко, фельдшер: «Егер қажет болса, біз кез-келген уақытта медициналық көмек көрсетуге дайынбыз. Медициналық пункт тәулік бойы жұмыс істейді. Барлық қызметкерлер жүйелі түрде медициналық тексеруден өтеді, қан қысымы мен температура тексеріледі. Жұмысқа қажет барлық жабдықтар, тіпті жедел терапия бөлмесі бар. Мұнда қажет болған жағдайда жедел медициналық көмек көрсетуге болады».




Мұраталы Сарыбағышев, аспаз: «Біз күнделікті 400 адамға арнап тамақ дайындаймыз. Таулы аймақты және жергілікті тағамдарды ескере отырып, арнайы ас мәзірін Қырғыз елінің Тамақтану институты дайындаған. Біз компания қызметкерлері толық, әрі пайдалы тамақтануы үшін бар күшімізді саламыз».







Бозымшақ - Қырғызстанның тау-кен саласындағы ірі жобалардың бірі және Қазақстан мен Қырғызстанның өзара тиімді, қоян-қолтық жұмысының үлгісі. Мұны Қырғызстанның премьер-министрі Джоомарт Оторбаев та атап өтті. Ол 2014 жылдың мамыр айында Бозымшақта жұмыс сапарымен болған.



Суреттерді авторы: Арзымат Абдыкеримов

 

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 2:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 8:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов