KAZ Minerals жыл сайын өзінің қызметкерлеріне арналған көптеген жобаларды іске асырады.
Қауіпсіздік белгілері-бұл қауіптерге назар аудару үшін пайдаланылатын көрнекі ақпарат құралдары. Белгілер қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ хабардар ету үшін белгілі бір іс-қимылдарға рұқсат береді немесе ұйғарады.

Қазақстан Республикасының аумағында барлық ұйымдар үшін қауіпсіздік белгілерін қолдану міндетті болып табылады. Қауіпсіздік белгілерінің қаншалықты дұрыс орналастырылғанына және нақты орындалғанына олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі байланысты.

Негізгі қауіпсіздік белгілерінің түрлері:
  • тыйым салатын;
  • ескерту;
  • нұсқамалық;
  • өрт қауіпсіздігі белгілері;
  • эвакуациялық;
  • медициналық;
  • сілтеуіш.
Негізгі қауіпсіздік белгілерінен басқа қосымша (негізгі белгілерді түсіндіру үшін) және құрамдастырылған (негізгі және қосымша белгілердің үйлесімі) қолданылуы мүмкін.

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР