KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

Контент с Publication Date 2018 .

 

2017: KAZ Minerals-тың өндірістік іс-қызметінің нәтижелері

25.01.2018

2017 жылы KAZ Minerals Тобы былтырғы жылмен салыстырғанда мысты 80%-ға артық өндіріп, бұл көрсеткішті 259 мың тоннаға дейін жеткізді (2016 жыл: 144 мың тонна). Ал жоспарланған жылдық аралық 250-270 мың тонна. Алтынның өндірісі – 179 мың унция. Бұл 160-180 мың тонна көлеміндегі жоспарланған жылдық аралықтың жоғарғы шегіне сай.

 

Алғашқы конференция

15.02.2018

Өскемен қаласында «Шығыстүстімет» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі І конференция өтті. Мамандар қауіп-қатерді басқару, қауіпсіздік саласындағы ақпарат алмасу және есеп беру, апатты әрекет ету және оқиғаларды тергеу мәселелерін талқылады. Әрбір қызметкер жұмысты бастамас бұрын өзінің жұмыс орнын және жалпы жағдайды бағалауды көздейтін қауіп-қатерді жеке бағалаудың SLAM жүйесіне ерекше мән берілді.

 

Бозшакөлдің алтын дауысы

19.02.2018

12 ақпанда Бозшакөлдің демалыс орталығында Ғашықтар күніне орай «Бозшакөлдің алтын дауысы» атты караоке-конкурс ұйымдастырылды. Бұл күні караоке залында ине шаншар жер болмады. Бұған конкурсқа деген қызығушылық па, әлде көктемнің жақындап қалғандығы әсер етті ме? Белгісіз. Конкурсқа қатысуға «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-нің қызметкерлерімен қатар мердігерлік «САС-Kazakhstan» компаниясының және «Глобус» күзет агенттігінің өкілдері өтініш берді.

 

Бозымшақтың парамедиктері

21.02.2018

Парамедик. Бұл термин АҚШ-да қолданылатын «парапрофессионал» сөзінен қалыптасқан. Оның мәні – кәсіпқойдың көмекшісі. Яғни, жоғарғы білім жоқ, бірақ арнайы курстарда білім алып, қажетті көмек көрсете алатын маман. Бозымшақ КБК-дегі медицина қызметкерлерінің көмекшілері 2017 жылы пайда болды. Бұл жоба бірден KAZ Minerals Тобы деңгейінде қолдау тауып, «парамедиктер» өткен жылы KAZ Minerals корпоративтік құндылықтарының аясында іске асырылған жобалардың арасында үздік атанды.

 

KAZ Minerals-тың 2017 жылдағы қаржылық есебі

22.02.2018

KAZ Minerals Тобы 2017 жылдағы өндірістік іс-қызметінің және аудиттелген қаржылық нәтижелерін жариялады. Топтың жалпы табысы 2017 жылы екі еселеніп, $1, 938 млрд жетті (2016: $969 млн). Жалпы EBITDA 2016 жылдағы $492 млн-дан 2017 жылдағы $1, 235 млрд-ға дейін 2, 5 есе артты. Операциялық пайда көлемі $715 млн жетіп, үш есе артты (2016: $218 млн).

 

Жезкент. Кеншілер мекені

02.03.2018

«KAZ Minerals Инфо» «Біздің өңір» атты жаңа айдарды бастайды. Топтың кәсіпорындары Қазақстан мен Қырғызстанның түрлі аймақтарында орналасқан. Бір жерде олар ірі қалалардың немесе өзге өнеркәсіптік нысандардың жанында орналасса, енді бір жерде олар қала құраушы жалғыз кәсіпорын болып отыр. Бүгін Жезкент кенті (Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданы) туралы сөз болмақ.

 

Орын басуға дайынмын

05.03.2018

Бір жыл бұрын KAZ Minerals Тобында Негізгі лауазымдарға кадрлық резервті қалыптастыру бағдарламасы іске қосылды. Топтың компанияларындағы жоғары тұрған негізгі лауазымдарға резерв ретінде қызметкер 232 адам таңдап алынды. Олардың арасындағы 24 қызметкер 2017 жылы мансап жолымен жоғарылап үлгерді.

 

KAZ Minerals Тобының көріктілері

06.03.2018

KAZ Minerals Тобында 13 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың 3 мыңнан артығы (24%) әйелдер. Егер үлесі бойынша ескерсек, ең көп арулар, яғни 58% KAZ Minerals Projects B.V. компаниясында жұмыс істейді. Бозшакөлде әйелдердің үлесі тек 11%. Ал нақты сандарға келсек, ең көп ханымдар «Шығыстүстімет» ЖШС-де жұмыс істейді.

 

Корпоративтік газеттің наурыздағы нөмірі

07.03.2018

Корпоративтік газеттің мерекелік нөмірі біздің сайтымызда жарияланған.

 

19 наурыздағы металдар нарығы

19.03.2018

Дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы тоннасына $6885, 5-дан $6923, 0-ға дейін қымбаттады.

— 10 объекта(-ов) на странице
Показывается результатов: 1 - 10 из 79.

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР