KAZ Minerals өзінің қызметкерлеріне және сыртқы аудиторияға арналған медиа өнімдерді шығарады.
Возникла непредвиденная ошибка.
 

Ақтоғай

27.05.2016

Ақтоғай - KAZ Minerals Тобының мыс өндіретін екінші ірі жобасы. Ол Шығыс Қазақстанда орналасқан. Ашық карьер ретінде жұмыс істейді, онда өндірілген кен осы жерде, яғни кен байыту фабрикасында қайта өңделетін болады. Құрылыс жұмыстары 2013 жылдың бірінші жартысында басталған. Тотыққан кеннен катодты мыстың алғашқы өндірісі 2015 жылдың тоқсанында басталады деп көзделіп отыр. Ал сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру 2017 жылға ...

 

Белоусов кен байыту фабрикасы

27.05.2016

Бұл компанияның ең «жасы үлкен» кәсіпорыны. Фабрика 1945 жылы пайдалануға берілді және қазір жылына Ертіс шахтасының 650 мың тонна кенін қайта өңдейді. Дайын өнімі – мыс және мырыш концентраттары. ШҚО Глубокое ауданының Белоусов кентінде орналасқан.

 

Бозымшақ (Қырғызстан)

27.05.2016

2014 жылдың наурыз айында Қырғызстандағы «Бозымшақ» мыс жобасы бойынша нысандар іске қосыла бастады. 2014 жыл бойы кенорындағы өндіріс бірқалыпты жүріп жатты. Ал 2015 жыл бойы көлемді арттыру жоспарланған. Алғашында кеніш ашық типтегі карьер ретінде пайдаланылып, жылына 1 млн тонна кен өндіру деңгейінде жұмыс істейді. Бозымшақтағы кенорынды пайдалану мерзіміндегі орташа жылдық өндіріс көлемі 6 мың тонна катодты мыс пен 28 мың ...

 

Ертіс шахтасы

27.05.2016

Мұнда жерасты тәсілімен мыс-мырыш полиметал кені өндіріледі. Бұл компанияның байырғы кеніштерінің бірі. Мұнда қалыпты түрде 1964 жылдан бастап кен қазылып келеді. Қазір өндірілетін кеннің көлемі – жылына 650 мың тонна. Тау қазбаларының ерекшеліктеріне байланысты Ертіс шахтасында бұрғылау қолмен, яғни арнайы перфораторлармен жүзеге асырылады. Шахтада жерасты байланысы (Интернетке қосылудың корпоративтік желісі, бейнебақылау, дыбысты байланыс). ШҚО Глубокое ауданының Алтай кентінде ...

Жезкент кен байыту фабрикасы

27.05.2016

Орлов шахтасының кенін қайта өңдейді – жылына орташа алғанда 1, 4 млн тонна кен. Фабрика 1988 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген және мыс пен мырыш концентраттарын шығарады. Кен флотациялық әдіспен байытылады. ШҚО Бородулиха ауданының Жезкент ауылында орналасқан.

Көксай

27.05.2016

Көксай – бұл KAZ Minerals Тобының өндірісін кеңейтуге бағытталған үшінші жоба. 2014 жылдың сәуір айында $260 млн сатылып алынды. Көксай мыс кенорны Алматыдан 234 км жерде, дамыған инфрақұрылымның жанында орналасқан. Қазір жобаға техникалық-экономикалық негіздеме жасалуда. Болжамдық бағалау бойынша кеніш 20 астам уақыт жұмыс істейді және орташа жыл сайын 80 мың тонна катодты эквиваленттегі мыспен қатар ілеспе өнім ретінде алтын, күміс ...

— 6 объекта(-ов) на странице
Показывается результатов: 7 - 12 из 16.

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР