KAZ Minerals Тобы қызметкерлерімен кері байланыс арналарын үнемі дамытып отырады.

ЗАҢГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

Өтемақылар мен жеңілдіктер

Егер жұмыс орнында денсаулығыма зақым келсе, қандай өтемақы төленеді? Өтемақы мөлшерін белгілегенде, қандай шарттар назарға алынады?

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 937 бабының 1 тармағына сәйкес, денсаулығына зақым немесе басқа да зиян келген азаматқа алатын немесе алуы мүмкін табысы және денсаулыққа келген зақымға кеткен шығындар (емдеу, қосымша тамақтану, дәрі-дәрмек алу, протездеу, басқа біреудің көмегі, санатория-курорттық емделу, арнайы транспорттық көлікті пайдалану, басқа мамандыққа дайындалу және басқалары), егер денсаулығына зақым келген адам осы көмектерге және күтімге мұқтаж болса және оны тегін алып жатпаса, төленуі тиіс.
Денсаулыққа тигізген зардапқа байланысты шығындар (емдеу, қосымша тамақтану, дәрі-дәрмек алу, протездеу, басқа біреудің көмегі, санатория-курорттық емделу, арнайы транспорттық көлікті пайдалану, басқа мамандыққа дайындалу және басқалары) жұмыс беруші тарапынан денсаулығына зиян келген қызметкерге, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көрсетілген мөлшерде төленеді.
Азамат өтемақы төлемін (ұжымдық келісім немесе нақты келтірілген залал бойынша сақтандыру төлемі) және ай сайынғы алып жүрген және ала алатын еңбекақыны, мына құжаттар болған жағдайда ала алады:

  1. Өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт;
  2. Кәсіби еңбекке қабілеттілікті жоғалту деңгейі туралы анықтама;
  3. Эксперттік кәсіби патологиялық комиссияның қорытындысы (нақты ауру жайында);
  4. Жазатайым оқиға туралы хабарлама;
  5. Жазатайым оқиға туралы хабар.

Әрбір нақты жағдай орын алғанда, қызметкердің денсаулығына келген залалдың ауырлығына қарай өтемақының мөлшері белгіленеді.

05.01.2016
Ашу

Аналық

Декреттік демалысқа шығуды жоспарлаудамын. 2013 жыл Еңбек Кодекстің өзгерулеріне байланысты, жүктілік және бала туу және ай сайынғы еңбекақысы 10 ЖТМ-дан (Жалақының төменгі мөлшерлемесі) жоғары қызметкер үшін табыс жоғалтуға әлеуметтік жәрдем төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Менің ағымдағы еңбекақым бұл мөлшерден жоғары. egov.kz сайтында индивидуалды еңбек келісімінде жүктілік және тууға байланысты, қалған бөлік кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы ретінде жұмыс беруші тарапынан төленеді делінген. Мен бұл бөлімді өз еңбек келісімімнен таппадым. Бұл жағдайда компанияның позициясы қандай?

Компанияның арнайы позициясы туралы Сіз жіберген сұрақ құқыққа қатысты емес. Сондықтан HR бөлімнің қызметіне жүгінгеніңіз жөн.

Жүктілік және тууға байланысты төлемнің ерекшеліктері жайлы Кодекстің 194 бап 1 бөлімде көрсетілген: Егер бұл еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.

05.01.2016
Ашу

Еңбек мәселелерінің ерекшеліктері

Кейде іссапарға байланысты мен өзімнің демалыс күндерімді үйімде өткізе алмаймын (мысалы, бейсенбі ұшып келіп, бір аптадан соң қайтамын). Бұл демалыс күндері жұмыс болып есептеле ме және бұл үшін арнайы ақы төлене ме?

Іссапар - жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу. Іссапар кезіндегі қызметкер еңбек тәртібіне бағынады. Мысалы, қызметкер бес күндік жұмыс аптасында, іссапарда болса, демалыс күндерін (сенбі және/немесе жексенбі) тұрақты жұмыс орнынан басқа жерде өткізуге тура келсе және осы демалыс күндерінде еңбек міндеттерін атқармайтын болса (уақытын бос өткізу немесе жұмыс берушінің өтініші бойынша демалыс күндері жұмыс жасамауға келісу), мұндай жағдайда қызметкерге демалыс күндері үшін еңбекақы төленбейді. Бұған қоса, қызметкер тұрақты жұмысқа бара жатқан немесе кетіп бара жатқан жолда болса, осы шартқа кіреді.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 152 бабына сәйкес,  Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.
Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге::
1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін тәуліктік төлемдер;
      2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары;
      3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.

Еңбек туралы заң іссапарда жүрген қызметкер үшін, тіпті демалыс күндері үшін, басқаша айтқанда, жұмыс берушінің заңды құқықтары мен талаптарын бұзбайтын және зиян келтірмейтін жағдайларда, еңбек, ұжымдық келісім немесе жұмыс берушінің актісімен ақы төлеуге тыйым салмайды; Іссапардағы қызметкерге демалыс күндері үшін еңбекақы төлеу не төлемеу арнайы заңдық құқық болып саналмайды, тек коммерциялық күшке ие; ақы төлеу немесе төлемеу жұмыс берушінің өз еркіне байланысты.

 

05.01.2016
Ашу

Жалпы сұрақтар

Кейбір компанияларда басшылық қызметкерлерге пайызсыз қарыз береді. Сіздерде осындай тәжірибе бар ма?

Сіздің сұрақ құқықтық бөлімнің құзыретіне жатпайды. Сонымен қатар, қарыз беру мәселесінің KAZ Minerals Тобының іс-қызметіне қатысы жоқ.

05.01.2016
Ашу
KAZ Minerals компаниясының қызметкері бола тұрып, компанияның заңдық көмегіне немесе эксперттің кеңесіне жүгіне аламын ба? Қандай сұрақтармен және қандай жағдайда жүгіне аламын?

Жеке басқа қатысты сұрақтар бойынша кеңес берілмейді. Заңдық көмек немесе мамандардың кеңесі тұлғалар арасындағы жанжалда көрсетілмейді (мысалы, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы қақтығыс).

05.01.2016
Ашу

Қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері

KAZ Minerals қызметкерлерінің ортақ құқық және міндеттер жинағы бар ма? Бір бөлігі еңбек шартында, бір бөлігі ұжымдық, бір бөлігі еңбек заңнамасында. Компания заңгерлері осының бәрін бір жерге біріктірер ме екен?

Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттемелері ҚР Еңбек Кодекстің 22 бабында көрсетілген. Кодекстің 28 бабындағы 1 тармақтың 9 тармақшасында көрсетілгендей, еңбек шартында «Қызметкердің құқықтары мен міндеттері» бөлімі болуы тиіс. Сонымен қатар, қосымша міндеттер жұмыс берушінің берген актілері бойынша туындауы мүмкін. Жоғарыдағыларды ескере келе, өзініздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді толығырақ білгіңіз келсе, Еңбек Кодексі және еңбек, ұжымдық шарттармен танысуға кеңес береміз.

05.01.2016
Ашу

Жұмысқа орналасу және еңбек шартын бұзу

Зейнет жасына жеткеннен кейін компанияда жұмыс жасай аламын ба?

Зейнет жасына жету Сізді еңбек ету құқығынан айырмайды, сондықтан еңбек етуді жалғастыруға кедергі бола алмайды.

05.01.2016
Ашу
Қандай негізде жұмыс беруші менімен еңбек шартын бұза алады?

Еңбек шартын тоқтату негіздері мыналар:

1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;

2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;

3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу:

  • жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған;
  • қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;
  • біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
  • өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
  • сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған;
  • қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған;
  • қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған;
  • 7-1) тиісті актімен расталған, алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық күйге түсіретін заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;
  • қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған;
  • қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған;
  • ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса;
  • тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған;
  • қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
  • егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қызметкердің мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған;
  • еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған;
  • жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшесі басшысының еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге материалдық залал келтіруге әкеп соққан;
  • қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке жарамсыздықтың анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
      Өндірістік жарақат алуына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айрылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады;
  • қызметкер сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы не ереуілді тоқтата тұру туралы шешімін қызметкердің назарына жеткізгеннен кейін ол ереуілге қатысуды жалғастырған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
  • 2. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзудың қосымша негіздері көзделген.

 4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

      5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;

      6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;

      8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;

      9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.

05.01.2016
Ашу
KAZ Minerals кәсіпорындарына жұмысқа орналасу үшін қандай құжаттар қажет?

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (әрі қарай – Кодекс) сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. 

Кодекстің  31 бабының 1 тармағына сәйкес еңбек шартын жасасуға қажетті құжаттар:

1) жеке куәлiгi немесе паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiгi) қажет.
      Оралмандар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары берген оралман куәлігін ұсынады;

2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

3) тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

4)  еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

5) әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін);

6) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін);

7) тұрғылықты не уақытша тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

8) кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесі және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасқан кезде сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама қажет.

Жұмыс беруші, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы 31 баптың 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.


Қызметкердің келісімімен құжаттардың түпнұсқалары жұмыс берушіде сақталған не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдырылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.

15.07.2015
Ашу