KAZ Minerals Тобы қызметкерлерімен кері байланыс арналарын үнемі дамытып отырады.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ СҰРАҚТАР

Бос жұмыс орындары

KAZ Minerals Тобында үміткерлерді объективті түрде бағалайтын жүйе бар ма?

Топ құрамындағы әр компанияның жеке, әбден ойластырылған бағалау тәртіптемесі бар. Жүйе үміткерлердің кәсіби білімі мен тәжірибесін, олардың мүмкіндіктері мен деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Бағалау әбден екшелген, сенімді тәсілдерге негізделген. Белгілі бір адамның кандидатурасын бос тұрған жұмыс орнына ұсынатын кезде аталған бағалау тәсілі міндетті түрде ескеріледі.

16.02.2016
Ашу
Болашақта жұмыс орындары босаған жағдайда қаралатын түйіндемелерді қандай электронды мекенжайға жолдауға болады және ол тұрақты түрде қарала ма?

Түйіндемелеріңізді humanresources@kazminerals.com мекенжайына немесе корпоративтік сайтқа жолдауларыңызға болады. Аталған каналдарға жолданған түйіндемелердің бәрі бос жұмыс орындарына үміткерлер іздеу барысында міндетті түрде қаралады және болашақта босайтын жұмыс орындарына арналған мәліметтер базасында сақталады.

16.02.2016
Ашу

Қызметкерлерге жұмсалатын инвестициялар

Компания өз қызметкерлерін дамытуға қаржы жұмсай ма?

Әлбетте, қызметкерлерімізді дамытуға бюджеттен белгілі бір көлемде қаржы бөлініп отырады. Біз  жұмысшылардан бастап, жоғарғы буын басшыларына дейін барлық деңгейдегі қызметкерлерімізді кәсіби тұрғыдан дамытып отыруға күш саламыз. Біз өз қызметкерлеріміздің білікті де, тәжірибелі болғанын қалаймыз. Сондықтан кәсіби біліктілікті арттыру компаниямыз үшін маңызды басымдықтардың бірі болып саналады.

16.02.2016
Ашу

Корпоративтік мәдениет

Сіздердің компанияларыңыздың корпоративтік құндылықтары бар ма?

KAZ Minerals Тобының 5 корпоративтік құндылығы бар. Ол – қауіпсіздік, ұзақ мерзімді тиімділік, командалық жұмыс, кәсіби даму және адалдық. Бұл құндылықтарды әзірлеу барысында компания қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама негізге алынды. Респонденттер берген жауаптарында дәл осы құндылықтарды жиі атап өткен. Шын мәнінде, оларды біз күнделікті өмірде белгілі бір деңгейде қолданып жүрген қағидалар деуге де болады.

Корпоративтік құндылықтар өз күшіне, әріптестері мен өзі жұмыс істейтін компанияға сенетін, білімін толықтыруға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға, өзіне сеніп тапсырылған ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауға талпынатын  қызметкерлеріміздің бет-бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. Біздің қызметкерлеріміздің мінезі ашық, жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын және ертеңгі күнін ойлайтын жауапты адамдар. Жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде осы құндылықтар міндетті түрде басшылыққа алынады. Біз осы құндылықтарды сақтай отырып, әріптестер, контрагенттер мен реттеуші органдардан да осыны талап етеміз.

16.02.2016
Ашу

Тағылымдама

Менің KAZ Minerals Тобында жұмыс істегенімен 5 жылдан асты. Өз жұмысымды жақсы білемін және өз міндетімді ойдағыдай атқарып жүрмін. Тәжірибе алмасу үшін басқа өндіріс бөліміне барып тәжірибеден өте аламын ба?

Біліміңізді толықтырғыңыз келсе немесе өз білгеніңізбен бөліспек ойыңыз болса компаниямыздың Оқу және даму жөніндегі бөліміне хабарласып, Топ ішінде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруді өтінуге болады. Бөлім қызметкерлері тәжірибеден өту мүмкіндіктерін қарастырып, аталған мәселе бойынша мүдделі тараптармен келіседі.

16.02.2016
Ашу
Институттардың соңғы немесе алғашқы курстарының студенттері KAZ Minerals Тобында өндірістік тәжірибеден өте ала ма?

Иә, институттардың соңғы және алғашқы курстарының студенттері өтініш негізінде KAZ Minerals Тобында өндірістік тәжірибеден өте алады. Оған ақы төленбейді.

16.02.2016
Ашу

Еңбек қатынастары

Жүктілік пен бала тууға қатысты демалысқа орай жұмыс берішу тарапынан әлеуметтік төлемдер мәселесін қарастыруды сұраймыз. Бұл мәселені «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері мен жұмыс беруші арасындағы ұжымдық шартқа қосуды өтінеміз.

Бұл маңызды мәселе 2017-2020 жылдарға арналған ұжымдық шарттың жобасын талқылау барысында қаралды. Сондай-ақ, бұл сұрақ KAZ Minerals Management басшылығына да жолданды. Аталған төлемдер компанияға қыруар қаржылық шығындар әкелетіндіктен балама шешім қабылданды: әйелдерге жүктілік пен бала тууға қатысты демалысқа шығудың алдында ақылы қосымша 10 күндік демалыс беріледі. Осы жағдай «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері  мен жұмыс беруші арасындағы 2017-2020 жылдарға арналған ұжымдық шартта да көрініс тапты. 

14.03.2017
Ашу
Мен өндірістік кешенге жұмысқа орналаспақшымын. Бұрын басқа салада жұмыс істедім. Бастапқы бірер айда жұмыс берушіден қандай көмек күтуіме болады?

Әр компанияда немесе өндірістік кешенде жаңадан келген жұмысшыларға бастапқы бірнеше айда қолдау көрсету тәртібі бар. Қалай болғанда да қызметіңізді атқаруға қажетті білім мен тәжірибені міндетті түрде жинақтайсыз. Жұмысшы мамандығына қабылдау жөнінде өтініш беретін болсаңыз танысу мақсатындағы курстан өтуіңіз керек немесе тәжірибесі мол тәлімгер-маманның қарамағында істеп, біраз нәрсе үйренуге болады. Жұмыс істей жүріп, компания, жұмысшыларға жасалған жағдайлар, сізге қойылатын талаптарды тәлімгерден үйреніп аласыз.

Егер әкімшілік қызметке тағайындалған болсаңыз, жетекші немесе тәлімгердің рөлін желілік менеджер атқарады. Қызметкерлермен жұмыс істеу жөніндегі бөлім бейімделу процесінен өтуге және KAZ Minerals Тобымен, компанияның саясатымен және тәртіптемелерімен танысуға көмектеседі.

16.02.2016
Ашу
KAZ Minerals Тобында еңбекақы көлемі қайта қарала ма?

Иә, еңбекақы мөлшері жыл сайын қайта қаралып отырады. Қайта қарау барысында ағымдағы еңбекақы, жеңілдіктер, нарықтық факторлар, компания іс-қызметінің нәтижелері, сондай-ақ, компаниямыз бен қызметкерлерімізге әсер ететін түрлі экономикалық факторлар есепке алынады.

16.02.2016
Ашу
Қызметкерлерге неше күн еңбек демалысы беріледі?

Еңбек кодексіне сәйкес, жеке еңбек шартында басқаша көрсетілмеген жағдайда Компания өз қызметкерлеріне күнтізбелік 24 күн (жиырма төрт) демалыс береді.

16.02.2016
Ашу