KAZ Minerals Тобы қызметкерлерімен кері байланыс арналарын үнемі дамытып отырады.

БАСШЫЛЫҚҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

Жалпы сұрақтар

Теміржол станциясынан Ақтоғай КБК-не дейінгі жолдың жағдайына көңіл аударыңызды сұраймыз (Ақтоғай, ШҚО)

Ақтоғай кентінен/станциясынан – Ақтоғай КБК-не дейінгі жолдың ұзындығы 27,8 км. Кенттен теміржол көпіріне дейінгі 3,5 км жол Аягөз ауданы әкімдігінің  балансында. Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, көпірден АКБК-не апаратын бұрылысқа дейінгі 10,3 км жол «иесіз» екен. Аталған жолды біреудің  балансына берудегі басты проблема – бұл жол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан. Сол себепті жөндеуге қаржы бөлу үшін немесе сырттан инвестиция тарту үшін алдымен оны екі облыстың бірінің балансына қою керек. Сондай-ақ, Ақтоғай кенті әкімінің айтуынша, бұл жолды «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-не де беруге болмайды. Себебі бұл кентке апаратын жалғыз жол. Сондықтан оны жеке ұйымдарға беруге тыйым салынған. Ал бұрылыстан өткізу-тексеру пунктіне дейінгі 14 км жол «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-нің балансында және компанияның есебінен және оның күшімен жөнделген. 

14.03.2017
Ашу
Шахтаның асханасын жөндеу мәселесін жылдамдатуға бола ма? Асханамыз өте ескі және күрделі жөндеуді талап етеді. Ол 40 адамға ғана арналған, ал бізде мердігерлерді есептемегенде 680 адам жұмыс істейді (Ертіс шахтасы, ШҚО )

Ертіс шахтасының асханасын жөндеуге қатысты жобалау жұмыстарына тапсырма жасалды. Мердігерлерден жобаны жасау туралы коммерциялық ұсыныстар да бар. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу құнының іріленген есебі шығарылды. Барлық ақпарат Ертіс өндірістік кешенінің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөліміне тапсырылды. Бөлім тарапынан тиісті қаражат бөлу туралы хат жолдану қажет.  Егер қаржы бөлінсе,  мемлекеттік органдарда бекітілгеннен кейін жоба 2017 жылдың маусым айында дайын болады. Ал құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімі 2017 жылдың маусым-қараша айларына жоспарланып отыр. 

14.03.2017
Ашу
Бозшакөл мен Ақтоғайды іске қосқаннан кейін Шығыстүстіметті Қазақмыс корпорациясына беру жоспарланып отыр ма? Мен корпорация Белоусов кенішіндегі жұмыстарды жандандырады деп естідім.

Топты қайта құру кезінде біз Ақтоғай мен Бозшакөлдің жұмыс істейтінін білдік. Сол себептен оларды іске қосу Шығыстүстіметке ешқандай әсер етпейді. «Шығыстүстімет» ЖШС-нің активтерін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не беру жоспарланып отырған жоқ. Белоусов кенішінің кенін біздің кәсіпорындарда қайта өндіру саласында Қазақмыспен серіктестік орнату мәселесін талқылағанымыз рас.  Себебі Белоусов кен орнының жер қойнауын пайдалану келісімшарты Қазақмысқа тиесілі.  

25.03.2016
Ашу