KAZ Minerals құрамында карьерлер, жерасты кеніштері, Қазақстан мен Қырғызстанда өндірілетін мыс кенін байытатын фабрикалары бар.
2014 жылғы 31 қазан

ТОПТЫҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ АЯҚТАЛДЫ

Орталық Қазақстан және Жезқазған өңірлерінде орналасқан тау-кен қазу, қайта өңдеу, мыс балқыту және энергетика активтерінің Топ құрамынан шығарылуына алып келген кең ауқымды қайта құрудан кейін компания Қазақстандағы шығыны аз, заманауи тау-кен қазу өндірістеріне назар аудара бастады. Компанияның атыes KAZ Minerals PLC болып өзгерді.
2014 жылғы 15 тамыз

ТОПТЫҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ

2014 жылғы 15 тамызда біздің акционерлер Топты қайта құруға дауыс берді. Нәтижесінде Жезқазған және Орталық Қазақстан өңірлеріндегі бірқатар активтер негізгі акционеры Владимир Ким болған Cuprum Holdings компаниясына беріледі. Қайта құру аяқталғанда жариялық компанияның атауы KAZ Minerals PLC болып өзгерді.
7 қаңтар 2014 жыл

НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ – МЫС ҚАЗУ МЕН ӨНДІРУ

Топ Екібастұз МАЭС-1-дің 50 % үлесін сатуды мақұлдады. Негізгі бағыт – мыс қазу және өндіру
11 Қараша 2013 жыл

ENRC ҮЛЕСІН САТУ

Топ ENRC компаниясындағы үлесін сату туралы хабарлайды. Мәміленің нәтижесінде Қазақмыс акцияларының басым бөлігі еркін айналымға кетті.
2010 жылғы ақпан айы

БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫ НЫҒАЙТУ

Компания өзіне тиесілі «Екібастұз МАЭС-1» электр станциясының 50% үлесін «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на $681 млн сатуды аяқтады. Бұл туралы шешім 2008 жылдың мамыр айында аталмыш электр станциясын сатып алған кезде қабылданған.
2010 жылдың қаңтар айы

ӨРКЕНДЕУ ЖОБАЛАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Топ өркендеу жобаларын қаржыландыру үшін Қытайдың даму банкі ұсынған жалпы сомасы $4,2 млрд болатын екі қамтамасыз етілмеген несие желілерінің алғашқысын алғандығы туралы хабарлады.
2005 жылдың қаңтар айы

ЛОНДОН ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ ЛИСТИНГІНЕ ҚОСУ

Қазақмыстың акциялары Лондон қор биржасында бір акцияға 540 пенс бағасы бойынша орналастырылды. Компания Лондон листингіне кірген тау-кен кәсіпорындарының қатарына енді.

КОМПАНИЯ ИЕСІНІҢ АУЫСУЫ

Компанияны басқаруға кәрістік Самсунг корпорациясы кірісті. 1996 жылы Самсунг корпорациясы Қазақмыстың 40% үлесін сатып алып, кейінен сатып жіберді.
1992 год

КОМПАНИЯНЫҢ РЕСМИ ҚАЛЫПТАСУЫ

Қазақстанның үкіметі «Жезқазғантүстімет» ААҚ құрды. 1992-2002 жылдар арасындағы жекешелендірулер нәтижесінде Үкіметтің үлесі 100%-дан 0% дейін қысқарды.
1971 год

ӨНДІРІСТІК ІС-ҚЫЗМЕТТІҢ КЕҢЕЮІ

«Жезқазғантүстімет» ӨБ мыс балқыту өндірісі жұмыс істей бастады.