KAZ Minerals құрамында карьерлер, жерасты кеніштері, Қазақстан мен Қырғызстанда өндірілетін мыс кенін байытатын фабрикалары бар.
Возникла непредвиденная ошибка.
 

Лайықты ортам

25.08.2016

Шахтаға дейін мен де құрылысшы болғам. Бірақ бұл жұмыс маусымға тәуелді – біресе жұмыс бар, біресе жоқ. Ал бұл кезде туысқаным шахтада жұмыс істеп жүрді. Сөйтіп, жер астындағы түрлі мамандықтар туралы сұрастыра келе, үңгуші болам деп шештім. Әдеттегідей үңгушінің оқушысы болып жұмысқа кірістім. Ол кездегі тәлімгерім – Алексей Чирва. Ол маған бар білгенін үйретті.

 

Отбасылық ісіміз

25.08.2016

Шахта отбасылық ісіміз болғандықтан мен осында келдім – әкем және бауырларым шахтерлер. Басқа амалдарды мүлдем қарастырмадым. Алғаш рет шахтаға үңгуші болып Балқаш қаласында түстім. Сол кездегі жолдасым Мейірліні ерекше ықыласпен еске аламын.

 

Шахта – тағдырым

25.08.2016

Курстарды аяқтаған соң Артемьев кенішіне жұмысқа орналастым. 2009 жылдан бастап мұнда дәнекерлеуші болып жұмыс істедім. Ал 2010 жылы №3 өндіріс учаскесіне шпур бұрғылаушысы болып ауыстым. Шынымды айтсам, бұл уақытта көптеген амалдар болды. Бірақ мен аса көп ойланған жоқпын. Себебі, шахта менің тағдырым екенін түсіндім.

 

Шахтаға деген сүйіспеншілік

25.08.2016

Мен өзімнің жұмысымды жақсы көремін. 1997 жылы әскерден келе сала шахтаға кеттім. Адам сияқты демалып та үлгермеппін. Сол жылы Орлов шахтасына жаппай қабылдау жүріп жатты. Міне, 19 жыл бойы шахта екеуіміздің арамызда сүйіспеншілік бар. Басқа мамандықта өзімді елестете алмаймын.

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР