KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Жезкент. Кеншілер мекені

02.03.2018

Қарау саны: 171

; assetEntryID = 698475

«KAZ Minerals Инфо» «Біздің өңір» атты жаңа айдарды бастайды. Топтың кәсіпорындары Қазақстан мен Қырғызстанның түрлі аймақтарында орналасқан. Бір жерде олар ірі қалалардың немесе өзге өнеркәсіптік нысандардың жанында орналасса, енді бір жерде олар қала құраушы жалғыз кәсіпорын болып отыр. Бүгін Жезкент кенті (Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданы) туралы сөз болмақ.

Орлов өндірістік кешенінің тарихы XX ғасырдың 50-ші жылдарынан бастау алады. Бұл кезде Алтай экспедициясының бас геологы Леонид Иванович Панкуль терең зерттеулердің нәтижесінде өңірдің әлеуеттін негіздей отырып, дәлелдеген. 1961 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттік жоспарында Орлов кен орны бойынша техникалық-экономикалық баяндама және кәсіпорынды салудың уақытша кондициялары бекітілді.

Кеніштің құрылысы 1964 жылы басталып, 1974 жылы республиканың Түсті металлургия министрлігінің бұйрығымен Орлов комбинаты дербес кәсіпорын болып қалыптасты. Осы кезден бастап кеншілер ауылы да өсіп, өркендей бастады. 1975 жылы еңбеккерлердің өтініші бойынша бұл елді мекенге «Жезкент» атауы берілді, ал мұндағы кәсіпорын – Жезкент тау-кен байыту комбинаты деп аталды.

«Тұрғын үйлердің іргетасы 1973 жылы қаланды. Ал 1974 жылы көп пәтерлі ірі панельді алғашқы үш үй дайын болды. Сол жылы бұл үйлерде жерлестеріміз қоныс тойларын тойлады. Жаңа пәтерлердің кілттерін бірінші болып құрылысшылар мен көлік саласының қызметкерлеріне табыстады. Бұл кезеңде екі құрылыс алаңы бар еді – біреуі тұрғын үй кешенінде, екіншісі өнеркәсіптік құрылыста. Мамандар мен жұмысшылар көп болды. Жастар жан-жақтан келіп жатты.  Баспана керек болғандықтан жедел түрде жұмыс істелді. Жылына екі-үш үйден салынатын. Мен құрылыс жөніндегі инженер-куратор болғандықтан басынан аяғынан дейін араламаған үйім болмады кентте. Әр торапты, әр қабатты, әрбір пәтерді, керек десеңіз тіпті терезедегі штапикке дейін тексеретін едік. Себебі, құрылыс қарқынымен қатар, оның сапасы да маңызды еді біз үшін. Тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын, өнеркәсіптік нысандарды біз, яғни комбинаттың құрылыс сапасын бақылау бөлімі қабылдайтын», – деп еске алды Татьяна Дмитриевна Бровкина.

«Қай жылдан бері мұндамын дейсіз бе? Ең бастапқы кезден, яғни алғашқы игеру жұмыстарынан бастап осындамын. Семей геологиялық барлау  техникумын тәмәмдаған соң осында тәжірибеден өтуге келгем. 1973 жылғы 12 сәуірде тұрақты жұмысқа қабылдандым. Өнеркәсіптік барлаудың жерасты учаскесінде учаскелік геолог болып еңбек жолымды бастадым. Мамандардың жұмысы мен өміріне барлық жағдайды жасап, баспана берілетін. Балаларды дамытуға бағытталған түрлі жобалар бар еді: радиотехника үйірмесі, музыкалық өнерпаздар үйірмесі, ансамбльдер, спорт секциялары, жүзу бассейні жұмыс істеп тұрды. Қызметкерлердің орта жасы 28 жас болатын. Қажырлы еңбек етіп, сәйкесінше демалатынбыз. Әлеуметтік дәрежеге немесе ұлтқа бөлінбейтін ешкім. Бір отбасындай болдық. 

Орыстың қасында қазақ та, татар да, неміс те, украин да қатар тұратын. Алғашқы күннен бастап еңбек жарысы ұйымдастырылды. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, кенішті игерудің қуаты тетігі еді. Комбинатта 648 еңбек екпіндісі, коммунистік еңбектің 12 бригадасы еңбек етті. Анатолий Милохов, Олег Вепрев, Николай Карпекин, Валерий Иванов, Анатолий Кряжев, Анатолий Новосёлов, Зият Макенов, Виктор Моисеев, Әсержан Кәрібаев сияқты кеншілердің есімі дүркіреп тұрды, бұларға қарап бой түзедік. Сол заманның ұраны: Бүгінгі рекордың, ертеңгі күннің нормасы!» – деп еске алады Валентина Геннадьевна Серпикова, аға геолог, зейнеткерлікке шығарда - қор бойынша маман.

Бүгінгі күні «Шығыстүстімет» ЖШС-нің құрамындағы Орлов өндірістік кешенінің стратегиялық жоспары 2025 жылға дейін жасалған. 2018 жылдың кен өндіру жоспары  - 1 150 000 тонна. 2018 жылдың басындағы мәліметке сәйкес Жезкентте 8321 адам тұрады. Орлов өндірістік кешенінің фабрикасы мен кенішінде 1871 адам еңбек етеді.

«Орлов өндірістік кешенін қазіргі уақыттың өзінде де кентіміздің күретамыры деп атауға болады. Кәсіпорынның тұрақты жұмысының және еңбекақының уақытында төленуінің арқасында шағын кәсіпорындар пен ауылдың инфрақұрылымы өздерінің жоспарларына сәйкес дами алады. Жаңа жұмыс орындары құрылып, жезкенттіктердің әл-ауқаты артады», – деп атап өтті Жезкент кенттік округының әкімі Қуантай Отызбаев.

Бүгінгі күні Жезкенттегі «Металлург» клубында хореография, вокал, халық шығармашылығы, декупаж, театр өнері және тағы басқа үйірмелер мен бірлестіктер жұмыс істеп тұр. Бір жыл бұрын мұнда менталды арифметиканың «SUPREME» білім беру орталығы ашылды. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында клубта еркін күрес, каратэ, үстел теннисі секциялары, әйелдерге арналған денсаулық топтары, спорт және тренажер залы жұмыс істейді.  

Еріктілерден құралған «Кто, если не мы» волонтерлік қозғалысы да табысты қызмет атқаруда. 2015-2017 жылдар аралығында оның мүшелері ауыр науқасқа шалдыққан балаларға қаражат жинау үшін 6 қайырымдылық концерт ұйымдастырды.

Жезкентте 500-ден астам бүлдіршінді қамтыған «Тополёк» және «Солнышко» балабақшалары жұмыс істеп тұр. Өскелең ұрпақ орта білім беретін мекемелер - мектеп-лицейі (697 оқушы) мен орта мектепте (570 оқушы) білім алады.

Кенттің аумағында 200 жуық жеке кәсіпорындар жұмыс істейді – жеке жиһаз цехы, шұжық және сүт өндіру цехтары бар.

 

Татьяна Маер, Жезкент кенті

 
0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов