KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Жергілікті тұрғындар КБК аралады

15.12.2017

Қарау саны: 192

; assetEntryID = 698986

Ақтоғай КБК-не жақын маңдағы Ақтоғай және Қопа ауылдарының ақсақалдары, беделді тұрғындары келіп, кәсіпорынды аралады.

«Біз әртүрлі сөздерді естігеміз. Кислота төгіліп жатыр, аспанға улар ұшып жатыр деген әртүрлі сөздер естігенбіз. Бізге оның зияны қатты тиіп жатқандай көрінді. Біз өз көзімізбен көрейік деп келдік. Әртүрлі радиациялық фонды зерттейтін приборларды қосты. Егер ол 0,50, 0,33 болуы керек болса, мұнда бұл көрсеткіш  ары кетсе 0,17 екен. Ең соңында хвостохранилищеге де бардық. Ол жер де өте таза. Көлдің жанында жүрген құстарды да көрдік. Оның барлық құжаттарын тексердік. Тіпті шетелдік компаниялар да бірнеше рет келіп тексеріпті. Сілтісіздендірудің астына төселген геомембрананы да көрсетті. Керемет қатты ұнады. Біріншіден риза болғанымыз – бізді алып жүрген мамандардың барлық процесстермен таныстырғаны және қандай сұрақ қойсақ та, бәріне жауап бергені. Екіншіден, мұнда бәрі өте таза. Адамдардың барлығы өздерінің жұмыстарымен айналысып жатыр. Темірдей тәртіп бар екеніне көзіміз жетті», – дейді көп жылғы еңбек өтілі бар химия пәнінің мұғалімі, қазіргі зейнеткер Нұрша Балабекова.

Өз учаскесінде ақсақалдарды қарсы алған әрбір қызметкер өзінің жұмысы және жауапты саласы туралы толық ақпарат берді. Экскурсия жүргізген мамандар бүкіл технологиялық процессті көрсетті. Қонақтар тіпті карьердегі бұрғылау-жару жұмыстарымен де танысты.

Әріптестеріміз КБК-гі экскурсиямен шектелмей, ірі делегация болып, Ақтоғай кентінің тұрғындарымен кездесуге барды. Компанияның тау-кен және өндірістік бөлімшелерінің өкілдері жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, барлық рұқсатнамалық және тәртіптік құжаттарды көрсетті. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов