KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Жариялы мен жасырынды ажырата біл

16.08.2018

Қарау саны: 50

; assetEntryID = 695717

Фейсбук, Инстаграм, Youtube, Вконтакте және Одноклассники қазіргі заман адамының өміріндегі ажырамас дүниелерге айналды. Қолы босай қалса, телефон немесе компьютер арқылы әлеуметтік желілердің жаңалықтарын қарамайтын адамдар кемде-кем.

WeAreSocial компаниясының Global Digital Report есебінің мәліметеріне сәйкес 2017 жылдың 12 айында әлеуметтік желілердің аудиториясы 13%-ға артып, 3, 196 млрд адамды құрайды екен. Бұл Жер шары тұрғындарының жартысы (2018 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес әлемде 7, 444 млрд адам) бір-бірімен пернелерді басу арқылы қарым-қатынас орната алады деген сөз. Көзге көрініп тұрған артықшылықтарымен қатар, олардың кемшіліктері бар.

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар көптеген даудамайларға себепкер болды. Олардың ішінде жеке және корпоративтік жанжалдар бар. Тіпті Интернеттегі кейбір мақалалар әкімшілік және қылмыстық істерге негіз болды.

Әлеуметтік интернет-ресурстарды қолдану зиян келтірмес үшін KAZ Minerals-тың ақпараттық және өзге қауіпсіздік жөніндегі сарапшылары ұсынымдар тізімін жасады.

 

Интернетте жарияламай-ақ қоятын 7 дүние:

  • Төлқұжатты, жүргізу куәлігін, рұқсатнаманы немесе өзге де жеке құжаттарды жарияламау

«Әлеуметтік желілердің және электронды поштаңыздың құпия сөздерін өз парақшаңызда сақтау немесе жариялау оларды оңай ашып, сіздің жеке ақпаратыңызды ұрлауға әкеп соқтыруы мүмкін. Туған күніңіз, төлқұжаттың, сақтандыру немесе зейнетақылық куәліктің нөмірі алаяқтарға сіздің қаржылық ақпаратыңызды оңай жымқыруға көмектеседі.

Банк картасына байланған телефон нөмірін де әлеуметтік желіде көрсетпеген жөн. Ол нөмірге түрлі жарнамалық спам-ақпаратпен қатар, алаяқтардың түрлі талаптары да келуі мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі қосымша қызметтердің ақысын банктік карталармен төлемеген жөн. Мұндай әдіс өте қауіпті.

Жұмысқа қатысты кез-келген ақпаратты әлеуметтік желіде жариялау кезінде де мұқият болу керек. Мұндай мәліметтер журналистердің назарына ілініп, ресми жарияланымына дейін компанияның жоспарлары немесе оқиғалар туралы ақпарат таралуы мүмкін», – дейді Денис Конюшин, қауіпсіздік қызметінің бастығы, KAZ Minerals Aktogay.


  • Жұмыс сәттерін, апаттарды және қауіпсіздік техникасының бұрмалаушылықтарын жарияламау

«Оқиға орнынан, бұрмалаушылықтар орнынан фотосуреттерді, бейнежазбаларды және тағы басқа ақпаратты тарату тек компания беделіне ғана нұқсан келтіріп қоймайды. Куәгер болған адам ең алдымен зардап шеккендерге көңіл аудару керек. Көмектесуге тырысқан жөн: егер қолынан келсе, алғашқы медициналық немесе өзге көмек көрсетіп, басшылыққа хабарлау қажет. Тергеу амалдары сәтті болуы үшін оқиға орнында ештеңеге тиіспеу керек. Оған қоса, зардап шеккендері бар апаттар мен жазатайым оқиғалар бейнеленген материалдарды тарату этикаға сай емес және «Дербес мәліметтер және оларды қорғау» заңына қайшы келеді», – дейді Тимур Әлімбеков, KAZ Minerals Тобының ӨҚ және ЕҚ жөніндегі менеджері.


  • Компания туралы құпия ақпаратты жарияламау: ресми жарияланымға дейінгі қаржылық көрсеткіштер, есепшоттар бойынша қозғалыстар, заңгерлік ақпарат, мәмілелер, оның ішінде жоспарлы мәмілелер, туралы ақпарат

«KAZ Minerals Тобының акциялары Ұлыбритания және Қазақстанның биржаларында айналымда. Біз барлығымыз биржаның ережелеріне бағына отырып, біздің іс-қызметіміз және компанияның іс-қызметіне қатысты ақпаратты пайдаланғанда өте абай болғанымыз абзал. Тоқсандық өндірістік көрсеткіштер, қаржылық нәтижелер және болуы мүмкін инвестициялар туралы ақпаратты оның ресми жарияланымына дейін таратуға болмайды. Құпия ақпаратты рұқсатсыз жариялау жағдайлары заңды бұрмалау болып саналады», – деп ескертті Крис Бакналл, KAZ Minerals Тобы Корпоративтік байланыстар департаментінің және Инвесторлармен байланыс департаментінің басшысы.


  • Корпоративтік желілердің техникалық параметрлерін (оның ішінде Wi-Fi), корпоративтік логиндер мен құпия сөздерді жарияламау

«Ашық түрде корпоративтік желілердің логиндерін, құпия сөздерін, құрылымын және техникалық параметрлерін жариялай отырып, біз алаяқтарға Топтың желісіне «Хош келіңіздер» деп өзіміз шақырып тұрғандай боламыз. Жарияланған мәліметтерді пайдаланған алаяқтар корпоративтік желілер мен жүйелерді басып алып, Топқа қаржысына және беделіне нұқсан келтіруі әбден мүмкін. Мысал ретінде бір шетелдік компания туралы айтып берейін. Алаяқтар Интернет арқылы тауып алған мәліметтерді пайдалана отырып, өндіріске жауапты бағдарламаға еніп кетті. Кейін анық болғандай бұл қастандық өндірісті тоқтатуға бағытталған екен. Қалпына келтіру және өндірісті іске қосу жұмыстары бір тәулікке созылды. Тоқтаған уақытта компания айтарлықтай шығындарға тап болды», – дейді Валерий Соколенко, KAZ Minerals Management ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас маманы.


  • Заң бұзу көріністерін жарияламау

«Айталық, сіз жол жүру ережесін немесе қоғамдық тәртіпті бұза отырып, әлеуметтік желідегі жарияланымның кейіпкеріне айналуыңыз мүмкін екендігін есте сақтаңыздар. Тіпті ішкі істер органдарының WhatsApp арқылы келген немесе түрлі ресурстарда жарияланған фотосуреттер мен бейне роликтерге қатысты әрекет еткен кездері де бар. Ал өзіңіз жасаған құқықбұзушылықты желіде жариялау тіпті қисынсыз. Менің тәжірибемде мынандай жағдай болған. Басшылардың бірі Фейсбукте жолда жылдамдықты асыра жүріп келе жатқан бейнесін жариялаған. Бұл құқықбұзушылық жасағанды жариялы түрде мойындау екені аздай, әріптестер үшін жаман үлгі ғой», – дейді Мақсұт Жапабаев, Корпоративтік байланыстар департаментінің Қазақстандағы басшысы.


  • Күмәнді сілтемелерді баспау

«Осыдан бірнеше ай бұрын ғана Технодом брендін жамылған алаяқтар WhatsApp арқылы дүкендер желісінің өткізіп отырған акциясы туралы хабарлама таратқан. Хабарламада акцияға қатысушысы толтыратын үлгінің Интернеттегі нұсқасына апаратын сілтеме бар еді. Бұл үлгіге вирус-бағдарлама қоса тіркелген екен. Үлгіні толтыру барысында әлгі вирус іске қосалды. Вирус-бағдарлама телефонға орнатылғаннан кейін телефонның өзі де, оның ішіндегі мәліметтер де алаяқтардың қолына түседі. Ал иесі алаяқтардың құрбаны болады», – дейді Валерий Соколенко, KAZ Minerals Management ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас маманы.


  • Кемсіту сипатындағы материалдарды жарияламау

«Шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және тағы басқа жағдайларға байланысты кемсітуге елімізде тыйым салынған. Оған Қазақстан Республикасы Конститутциясының 14 бабының 5 тармағы дәлел. Тек әлеуметтік желілерді айтпаймын. Қазіргі уақытта мұндай сипаттағы жарияланымдар үшін бас бостандығынан да айырылуға болады», – деп ескертті Әйгерім Түкіпова, Корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері.


Ал жалпы әлеуметтік желілер қарым-қатынас пен жаңалық алмасудың керемет алаңы.

Facebook-те KAZ Minerals-тың жаңалықтарын оқыңыздар, өзіңіздің компания туралы  жарияланымдарыңызда #kazminerals хэштегін қолданыздар, бірақ виртуалды беделіңізге жауапкершілікпен қараңыздар. Сонымен қатар, Интернетте жарияланған кез-келген дүние көптеген адамдарға тарайтынын ұмытпаңыздар.

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов