KAZ Minerals құрамында карьерлер, жерасты кеніштері, Қазақстан мен Қырғызстанда өндірілетін мыс кенін байытатын фабрикалары бар.

null Зейнетке арым таза, жаным тыныш боп шығамын

02.06.2016

Қарау саны: 0

Зейнет жасы. Бірлеулер үшін бұл қорқыныш. Себебі, қайда барып, енді не істейтінін белгісіз. Ал бірлеулер үшін бұл жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жоспарлар уақыты. Күлнәзи Оразаева өзін екінші топтағы адамдар қатарына жатқызады. Ол зейнет жасына жетті. Дегенмен көңілі көтеріңкі.

Үйде Күлнәзи апайды апасын жанындай жақсы көретін немерелері күтіп отыр.

"Шамамыз келгенше адал қызмет еттік. Шалыс басқан кездер де, қателескен кездер де болды. Дегенмен зейнетке арым таза, жаным тыныш боп шығамын. Енді не істейсін дейсіз бе? Менің бес немерем бар ғой. Олар жалықтырмас. Үй шаруасына да көбірек көңіл бөлем енді», - дейді Күлнәзи Қабдолдашқызы.

 

(Күлнәзи Оразаева ортада)

Күлнәзи апай еңбек жолын 1983 жылы Ертіс кенішінде хатшы-машинист болып бастаған. 1986 жылы желдету қызметінің учаскесіне ауысты. Сөйтіп, бұл учаскеде 20 жыл қызмет етеді. 2013 жылы Ертіс ӨК қызметкерлерді басқару қызметіне ауысты.

Негізгі жұмысымен қатар ол қоғамдық іс-қызметке де көңіл бөлген жандардың бірі - Ертіс шахтасының кәсіподақ басшысы болған. Шахтерлерге түрлі мәселелерді шешуге көмектесіп, олардың құқықтары  мен міндеттерін түсіндірді. Оған басшылар үлкен көмек көрсетті.

«Бұл жылдар арасында шахтада көп басшылар ауысты. Қазіргі жас басшымыз - Ертіс шахтасының бастығы өз міндеттін лайықты атқарып отырғаны қуантады. Ол ұжымның мұқтажын біледі, аға буын өкілдерін құрметтейді, жас мамандарды қолдайды. Жалпы мұндай қиын-қыстау уақытта KAZ Minerals тұрақты жұмыс істеуге тырысқаны құптарлық іс», – дейді ол.

Күлнәзи Оразаева шахтада 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеді және оның айтуынша бұл жылдар бір күні сияқты өте шықты.

«Мені үнемі құрбым, әрі әріптесім Таисия Томилова, СӨК жөндеу-механикалық арнайы басқармасының қызметкері қолдап жүрді», – дейді Күлнәзи. Оның қажырлы еңбегі елеусіз қалмады. Қоржынында компания басшылығы мен кәсіподақ өкілдері берген грамоталар мен нагрдалар бар.

Айтпақшы, Күлнәзи Оразаеваның күйеуі, күйеубаласы және басқа туыстары да KAZ Minerals-та жұмыс істейді.

Жанна Мұзапарова, Белоусовка кенті

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов