KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null ВостокАвтоТранс: 2 жылдағы өзгерістер

02.05.2017

Қарау саны: 28

; assetEntryID = 704377

Мамыр айында "Шығыстүстімет" ЖШС-нің "ВостокАвтоТранс" филиалының құрылғанына 2 жыл толады. Филиал директоры Ерлан Сергебаев kazminerals.info-ға берген сұхбатында осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстар жайлы айтып берді.  

Ерлан Бағдатұлы "ВостокАвтоТранс" филиалының жұмыс істеп бастағанына екі жыл толды. Осында алғаш келгендегі сезімдеріңіз, көрген дүниелеріңіз туралы айтып бере аласыз ба?

Бұл кезде техникалық парк ескірген автокөліктерден тұрды. Олардың 75%-ында рульдік басқару, тежегіш жүйелерінің ақауы болған. Бұл мұндай көліктер автобазаның аумағынан мүлдем шықпауы керек деген сөз. Әсіресе автобустардың жағдайы қынжылтатын – қолданыстағы автобустардың көпшілігі 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып келген. Едендері шіріген, орындықтары бұзылған, кейбіреулерінің корпусы мүлдем тесік болған, құрамдас бөлшектердің жағдайы өте нашар еді. 

Жеңіл көліктер қатарында түрлі модельді мен маркалары автомобильдер, тіпті рулі оң жақта орналасқан көлектер де бар еді. Менің ойымша бұл қауіпсіздік саласындағы біздің қағидаттарымызға қайшы еді. Ғимараттар ішкі және сыртқы жағдайы да мүлдем сын көтермейтін. Белоусовка, Жезкент және Шемонаихадағы негізгі автобазалардағы ғимараттардың төбесінен толассыз су ағып жатты. Төбелер опырылып құламас үшін қосымша құбырлармен бекітілген еді. Жылыту жүйесінің жағдай тіптен мүшкіл еді. Менде 3 метр құбырда 15 астам бекіткіш орнатылған құбылардың суреттері бар. 

Қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету де ақсап жатты. 500 шаршы метрден астам қойма бола тұра, сүзгілер мен белдіктерден тұратын екі сөре ғана бар еді. Қызметкерлермен сөйлескенде олардың алаңдаушылығы айқын сезіліп тұрды. 

Қандай проблемаларды алдымен шешуге тура келді? Қандай мәселелер туындады?

Проблемалар көп болды. Бірақ алдымен нәтижеге қол жеткізуге талпынатын команда қалыптастыру керек. Кәсіпорындардың қашықтықта орналасу ерекшеліктері мен жоғары емес еңбекақы көлемін ескере отырып, сауатты мамандарды жұмылдыру қиын болды. Ұзақ іздедік, дегенмен жақсы нәтижеге қол жеткіздік – қазір бізде бүкіл Қазақстаннан жиналған мамандар жұмыс істеп жүр. 

Бастапқыда кәсіпорында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі еді. Ал бұл KAZ Minerals Тобында қабылданған жоғары талаптар сай емес. Осының салдарынан алғашқы 3 ай ішінде бірнеше ауыр ЖКО орын алды.

Жабдықтау жағы да жедел шешімдерді талап етті. Егер филиал құрылған сәтте жанар-жағар майларды жеткізу мәселесі шешілсе, қосалқы бөлшектермен, автошиналармен және басқа материалдармен қамтамасыз ету үш айдан соң қолға алынды.

Жөндеу жүргізу үшін кейбір машиналарды «донор» ретінде пайдалауға тура келді. Жаңа қосалқы бөлшектердің орнына жөндеуден өткен ескі бөлшектерді қойдық. Алайда бұл қиындықтардың барлығына қарамастан кәсіпорын жұмысын тоқтатқан жоқ және барлық тапсырыстарды орындауды жалғастырды.

Бізде бухгалтерияны, пайдалану қызметін, қызметкерлерді басқару қызметін және жөндеу қызметін бір-бірімен байланыстыратын және IFS пен ERA Financials жүйелерін сәйкестендіретін бірыңғай ақпараттық жүйе болмады. Алғашқы айларда жол парақшаларын қолмен толтыруға тура келді. Ал олардың саны ай сайын 8 мыңға жуық! Ал толтырып болғасын бұл ақпараттың барлығын электронды базаға енгізу керек болды. 

Бастапқыда бұл проблемаларды шешу мүмкін емес сияқты көрінді. Дегенмен KAZ Minerals Тобы және "Шығыстүстімет" ЖШС басшылығы артқан сенімді ескере отырып, өзімнің және компания мамандарының тәжірибесін қолдану арқылы түйткілді мәселелерді шеше алдық. 

 

Әдетте қызметкерлер "жаңаша" жұмыс тәсілдерін бірден қабылдап кете алмайды. Бұл жағдайдан қалай өттіңіздер? 

Қызметкерлермен былай келістік: біз жұмыс беруші ретінде еңбек жағдайын жақсартуыға тырысамыз, ал қызметкерлер кәсіби жағынан барынша қолдау көрсетеді. 

Жұмыс барынша қызметкер күрделі бір олқылыққа жол берсе, жазалау шаралары да көзделген. Алайда алғашында ауызша ескертілермен шектелеміз. Біздің негізгі мақсатмыз - қызметкерлердің қауіпсіздік техникасына деген көзқарасын өзгерту. Компанияның ірі шығындарына алып келген қауіпсіздік техникасын бұрмалау фактілері, сеніп тапсырылған көлікке деген немқұрайлылық үшін шарттарды бұзуға дейін барған кездер де болды. 

Біз әріптестерімізбен үнемі кездесіп, барлық өндірістік алаңдардағы ұжымдардың пікірлерін тыңдаймыз. Осындай сұхбаттар барысында жұмыс берушіні де, қызметкерді де қанағаттандыратын шешімдерді табамыз. 

 

Ескі көліктерді сатып жатырсыз дар екен. Оның орнына жаңа көліктер келіп жатқаны да құпия емес. Бұл бағыттағы жоспарларыңыз қандай?

Екі жыл бойғы жұмыстың нәтижесінде 90-нан астам көлік құралы сатып алынды. Бұл бүкіл техникалардың үштен бір бөлігі. Биылғы жылдағы меже – аталған көрсеткішті 50%-дық деңгейге дейін жетізу.

Негізі бұл міндет те орындалуға жақын қалды – барлық құжаттар әзірленіп, басшылықтың мақұлдануына жолданды. Биылғы басым бағыт - жүк көліктері.

Пайдаланылмайтын ескі көліктерді есептен алудың орнына оларды нарықтық бағамен сату туралы шешім қабылданды. Бұл арқылы біз компаниямызға қосымша табыс әкелуге тырысып жатырмыз. Қазірдің өзінде 25 автомобильді сатып алу туралы тапсырыстар бар. Қалғандары өздерінің сатып алушыларын күтіп тұр. Барлық мүдделі жандар үшін қажетті ақпарат Шығыстүстіметтің өндірістік бөлімшелерінің хабарлама тақталарында жарияланады.

Біз өзіміз үшін әр көлік түрінің максималды пайдалану мерзімін анықтадық. Яғни, біз аталған мерзім жеткен кезде техниканы ауыстыратын боламыз. Техника толығымен істен шығуын күтпейміз. Өйтпегенде жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейді және қолдау мен жөндеу жұмыстарына қосымша шығын кетеді.  

 

Сіз паркте әртүрлі маркалы көліктер көп болды дедіңіз. Бұл қандай да бір проблемала туындатты ма? 

Бұрын автопаркте көліктердің 63 түрі бар еді. Автонарыққа талдау жасап, ШҚО ауа райы және жол жағдайларын ескере отырып, ВостокАвтоТранстың қызметкерлері жеңіл көліктер толық жетекті, қауіпсіз және пайдалануда қарапайым болуы керек деген шешімге келді. Талдау барысында сапасы мен бағасының қатынасы, қосалқы бөлшектердің қол жетімділігі, өңірлік сервистік орталықтардың болуы және басқа жағдайлар ескерілген. Мамандардың пікірінне сүйене отырып,  Toyota, Chevrolet Niva және УАЗ автокөліктеріне тоқтадық.

Жолаушылар көлігінің негізін сыйымдылығы шағын ПАЗ (көпшілік бағыттарда пайдаланылады) және сыймдылығы жоғары НЕФАЗ (Усть-Таловка – Шемонаиха – Артемьев шахтасы, Жезкент – ОӨК бағыттарында) автобустары мен ГАЗель микроавтобустары (кезекші көлік ретінде қолданылады) құрайды.

Жүк көліктерінің арасында КамАЗ көліктерін және оның бірнеше модификациясын пайдаламыз. Кроме того, на базе КамАЗ созданы автомобили НефАЗ, которые также имеются в парке.

 

Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары туралы не айта аласыз? 

Бастапқыда филиал қызметкерлеріне арналған әлеуметтік-тұрмыстық бөлмелер мүлдем жоқ еді. Қазіргі уақытта Белоусов көлік учаскесінің автогаражаы жөнделді, бұл жерде киім ауыстыру және жуыну бөлмелері пайда болды. 

Шемонаиха КУ санитарлық-гигиеналық кешенді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Онда сауна, жуыну бөлмелері және 140 адамға арналға киім ауысытыратын жер болады. Жезкент КУ ӘТК төбесін жөндеп болғасын, кешеннің ішкі жайларын жөндеуге кірісеміз. Филиал басқармасының қызметкерлері отыратын ғимараттың есік-терезелері ауыстырылды, сантехникасы мен жиһаздары жаңарды. 

 

Тағы қандай шаралар атқарылып жатыр?

Тұрақты негізде қызметкерлер арасында жол қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында оқыту жүргізіледі. Жұмысқа қабылдау кезінде ЖҚЕ бойынша емтихан тапсыру жөніндегі жаңа талаптар енгізілді. Қауіпсіздік мақсатында көлік құралдары жарық шағылыстыратын жолақтармен қамтамасыз етілген, жылдамдықты бақылау үшін GPS арқылы қадағаланады. Барлық жеңіл көліктерде маусымдық шиналар бар. 

2016 жылдан бастап сатып алынып жатқан көліктердің барлығы KAZ Minerals стандарттарына сай түсі ақ, барлық жолаушыларға арналған қаупісздік белдіктері бар. 

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов