KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Ведомости: Қытай компаниялары мыстың әлемдік нарығын тұрақтандырмақ

22.12.2015

Қарау саны: 1815

; assetEntryID = 745367

Виталий Петлевой "Ведомости" газетіндегі мақаласында Қытай компаниялары металл өндірісін 200 000 тоннаға қысқартпақшы деп жазады.

Қытай компаниялары: Jiangxi Copper және Nonferrous Metals келесі жылы мыс өндірісін 200 000 тоннаға қысқартуға келісті деп жазады Bloomberg сенімді ақпарат көздерге сүйеніп. Шанхайда өткен Asia Copper Conference- 11-ші отырысына қатысқан "Ведомости"-ге сұхбат беруші тұлға бұл мәлімдеменің растығын мақұлдады. Оның айтуынша, компаниялардың мұндай шешімге келуіне Қытайдағы мыс сынықтарының бағасы өсіп, мыс бағасының арзандауы түрткі болған.

2015 жылдың басында мыс 30%, яғни 1 тоннасына $4531 дейін арзандаған, Лондонның металл биржасының мәліметіне сүйенсек, бұл 2008 жылдан бергі ең төмен баға. 2015 жылдың қорытындысы бойынша, әлемдегі мыс тұтыну 22.1 млн. тоннаны құрайды. Бұл болжамды ұсынған осы металды өндіруші Ресейлік компания «Норильский никель» (368 000 т).  Шамамен 11 млн. тонна мысты Қытайдың өзі тұтынып, артығын экспортқа шығарады. Bloomberg-тің мәліметінше, Қытай 2015 жылы қаңтар-қараша аралығында 171 000 монна мыс экспортқа шығарған. Салыстырар болсақ, 2014 жылы бұл көрсеткіш 265 865 тоннаны құраған.

«Норникель»-дің мәліметіне қарасақ, осы жылы әлемде мыс өндірісі сұраныстан 200 000 тоннаға артық. Осыған сәйкес, Jiangxi Copper және Nonferrous Metals өндірісті қысқарту арқылы нарықтағы артық металл көлемін жоймақшы. Ресейлік мыс өндірушілер Қытай нарығына тәуелді емес: кедендік статистикаға сүйенсек, осы жылы Қытайға бар-жоғы 16 000 т мыс ($87 млн.) экспортталса, импорт – 7000 т ($58 млн) ғана. Өндірістің қысқаруы Ресейлік мыс өндірушілерге тікелей әсер етпейді. RMG аналитигі Андрей Третельниковтың айтуынша, бұл өзгеріс метал бағасының кемуін болдырмайтындай дәрежеде емес (LME қоймасында 243 350 тонна мыс қалды), яғни құнының артуына әкеліп соқпайды. Егер Қытайда және әлемде мыс тұтынудың баяулауы бұдан әрі созылмаса, онда метал бағасы өсетініне Третельников нық сенімді.

«Норникель» өкілдері және Ресейлік мыс компаниясы (РМК) Қытайдың соңынан ілесіп, өндірісті қысқартуға құлықты емес екенін атап өтті. «Саладағы ең төмен шығындар біздің компанияда және біздің өндіріс бұдан бұрын болжанған мөлшерде қалады», - дейді «Норникель» өкілдері. РМК өкілдерінің айтуынша, компанияның өнімдеріне сұраныс жеткілікті, әрі мысты Қытай емес, Таяу Шығысқа жеткізумен айналысуда. Урал тау-металлургия компаниясының басшылары қандай да бір пікір беруден бас тартты.

Өндірісті қысқартып жатқан тек Қытай мыс өндірушілері ғана емес. Ай басында  Ресей-Қытай біріккен үкімет аралық комиссиясы UC Rusal және Chalco компанияларына алюминий өндірісін ықшамдап, энергоресурстарды тиімсіз шығындаудан құтылудыұсынды.  UC Rusal-дің бизнесті дамыту және стратегия бойынша директоры Олег Мухамедшин Bloomberg-ке берген сұхбатында, бағаның құлдырауын тоқтату үшін (жыл басынан бері 25%-ға, $1585-ға дейін) Қытай тарапы алюминий өндірісінің көлемін қайта қарауға дайын екендігін жеткізді.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов