KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Вахта және уақытша тіркелу

12.01.2017

Қарау саны: 17

; assetEntryID = 710797

Арнайы қалашықтарда тұрып, вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге уақытша тіркелудің қажеті жоқ деп хабарлайды ҚР ІІМ миграциялық полиция департаментінің бастығы Серік Оспановқа сілтеме жасаған  informБюро порталы. 

Порталдың хабарлауынша тұрғылықты үйінен тысқары жерде бір айдан аз уақыт жұмыс істейтіндерге тіркелудің қажеті жоқ. Егер вахтаның уақыты бір айдан көп болса, онда қызметкерді жұмыс беруші тіркеуі қажет. Ал жұмыс уақытында тіркелмеген вахталық қалашықтың ғимараттарында тұрып жатқан адамдар не істемек? «Ішкі мигранттарды тіркеу туралы заң күшіне ие акт бар. Біз сол актіде оларды тіркеуге алмау туралы мүмкіндікті ескереміз. Егер вахталық қалашықтың және сондағы ғимараттардың ресми мекенжайы болмаса, онды ескеру қажет», – деді Серік Саинов.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап "Терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң күшіне енді. Оған сәйкес азаматтар басқа қалаға немесе елді мекенге уақытша келгенде міндетті тіркеуден өтуі қажет. Сондай-ақ, баспананы жалға беретін тұлғалар мен мүлік иелері сол жерде тұрып жатқан адамдарды міндетті түрде тіркеуден өткізуі қажет. Бұл талаптар орындалмаса, мүлік иесі, жалға алушы немесе жалға беруші, тіркеусіз тұрып жатқан азаматтар әкімшілік жауапқа тартылады. Ақылы түрде тұрып жатқан немесе баспананы жалға беретіндер 10 күннің ішінде тіркеуден өтуі тиіс; баспанада тегін тұратын немесе келетіндер, мәселен қонақтар, 1 ай ішінде тіркеле алады. Уақытша тіркеуден өтпеген азаматтарға 7 АЕК (16 000 теңгеге жуық) айыппұл салынады, жалға берушіге салынатын айыппұл көлемі 10 АЕК (23 000 теңгеге жуық). Заң қоғамда айтарлықтай дау туғызды. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов