KAZ Minerals жыл сайын өзінің қызметкерлеріне арналған көптеген жобаларды іске асырады.

null ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІГЕ ДАЙЫНДЫҚ

11.11.2015

Қарау саны: 0

one_employee
 

Қызметкерлердің тікелей желі өткізу туралы ұсынысын Басқарма төрағасы мақұлдағаннан кейін, яғни, 2015 жылдың басында, дайындық жұмыстары қызу басталды. Оның уақыты екі рет өзгерді. Бір жағынан бұл жағдайдың жобаның сапасына жағымды әсер еткені рас. Жарты жыл ішінде Ақпараттық технологиялар департаменті қызметкерлері бейне-конференциялық байланыспен жабдықталған бөлмелер санын едәуір арттыруға мүмкіндік алды.

Мәселенің техникалық тұрғыдан дұрыс шешілуі Топ құрамындағы барлық кәсіпорын жұмысшыларының топ-менеджерді естіп, көріп қана қоймай, оған өздерін мазалаған сауалдарды жолдауына мүмкіндік берді. Жұмыс компанияның ішкі техникалық ресурстары арқылы ұйымдастырылды. 50 шақты ІТ-маман, Қызметкерлерді басқару департаменті мамандарынан жасақталған 40 модератор мен Корпоративтік байланыстар департаментінің 5 қызметкері  тамыз айының ортасынан бастап бейне-аудио құралдарды сынақтан өткізді.

Бастапқыда желіге шамамен 600-650 адам қатысады деп жоспарланған болатын. Тікелей желі қорытындысына сүйенсек, шараға 900 жуық адам қатысқан. Бұл компания қызметкерлерінің 10 пайызы ғана.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР