KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Шынайы, әрі нақты есеп

07.10.2016

Қарау саны: 37

; assetEntryID = 714823

6 қазанда Қазақстанда бейреси түрде Есепшілер күні аталып өтеді. Бұл күнді тойлау кеңес заманынан келе жатқан дәстүр. Есепшінің жұмысы мұқияттылық пен дәлдікті талап етеді. Себебі олардың қолында жәй ғана сандар емес, білдей кәсіпорындардың тұрақты жұмысы мен адамдардың тағдыры.

«Біздің іс дәлдікті, табандылықты, мұқияттылық пен кірпияздықты талап ететін мамандық қой. Дұрыс есептеу, нақты есеп беру, баланс, жоспарлау дегендей. Дегенмен ең бастысы - жұмысынды жақсы көру. Солай болса, қолдан кез-келген іс келері сөзсіз.», - дедйі Надежда Яковенко, Жезкент бухгалтерлік бюросының бухгалтері.

Надежда Григорьевна - өз ісіне адал жандардың бірі. Ол Жезкентке жұбайымен бірге келген. Жас Надежда ол кезде ойланған да жоқ, пайдасын да ойлаған жоқ. Сүйгеніне сеніп келді. Олар бір ауылда өсті. Надежданың күйеуі Виталий Яковенко "Біз оның ағасымен дос едік. Сол кезде-ақ Надежда менің жан жарым болатынын білгем"  дейді. 

Шынымен солай болды. Виталий Орлов кенішіне слесарь болып келді, жатақханадан бөлме алып, жас жұбайын алып келді. 1977 жылы Надежда Орлов кенішінің жоспарлау бөліміне барды, сосын бухгалтер болды.

«2016 жылғы 9 қыркүйекте Орлов өндірістік кешенінің бухгалтериясына келгеніме 39 жыл болды. Жақсы жұмыс істедік. Түрлі адамдарды да таныдық. Енді демалысқа да шығуға болады. Өзімнің ізбасарым Аленаға барлық шаруаны тапсырдым. Ол өз ісін жақсы біледі. Ұжымымыз жасарып келеді. Барлығы еңбекқор», - дейді Надежда Яковенко.

Барлық есепшілерге денсаулық, төзімділік пен отбасылық береке тілейміз.

Татьяна Маер,

Жезкент кенті 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов