KAZ Minerals құрамында карьерлер, жерасты кеніштері, Қазақстан мен Қырғызстанда өндірілетін мыс кенін байытатын фабрикалары бар.

null Шешілмейтін проблема жоқ

25.08.2016

Қарау саны: 0

Мен шахтаға кездейсоқ келдім. 2008 жылы құрылыста жұмыс істеп жүргем. Сөйтіп, Перевальное ауылында тұратын туысқандарыма қонаққа келгем. Әңгіме барысында шахта туралы сөз шығып, мен еңбекақы туралы сұрастыра бастадым. Әрбір еркек әйелі мен балаларын қоныстандыратын, өсіп-өнетін үй алғысы келетіні рас қой? Ал құрылыста жүріп мұндай қаражат таба алмайсын.Мен үңгушінің оқушысы болып жұмыс орналасып, Серік Шынғалиевтің озықтар бригадасына келдім. Менің тәлімгерлерім Нұрлан Төлебаевқа және Талғат Нұркеновқа бар білгендерін үйреткендері үшін рахмет айтудан шаршамаймын. Шахтаға алғаш рет барғанда клетьтің ішінде қорқынышты еді. Себебі, жер астына зырғып барасын, ал алдыңда горизонттардың шамдары зулап өтіп жатады. Дегенмен мұның бәрі қызықты да болды.

Шахтерлерге кездесетін кедергілер аз емес, бірақ біздің командамыз жақсы. Сондықтан барлық проблемаларды шеше аламыз. Егер мүмкіндік болса, осы мамандықты қайта таңдар едім.

Үйде әйелім мен қызым күтіп отыр мені. Егер Құдай қалап, ұлды болсам, ал ол кенші болам десе, оған лайықты жоғары білім беруге тырысамын. Сонымен қатар оған мансап жолын үңгушіден бастауға кеңес берер едім. Ол мінезді қалыптастыру үшін және жақсы басшы болу үшін өте қажет.

Қанат Мұхаметханов, үңгуші

Ертіс өндірістік кешені, «Шығыстүстімет» ЖШС

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов