KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Шахтерлар әулеті - адал еңбектің мекені

24.08.2018

Қарау саны: 32

; assetEntryID = 695372

KAZ Minerals Инфо редакциясы шахтерлар отбасының мүшелеріне өздері туралы айтып беруді ұсынды. Бұл сұхбатқа отбасының барлық мүшелері қатысты. Таныса отырыңыздар – Байжұмановтар отбасы.

Отағасы – Амангелді Байжұманов, ШТЖҚ-нің электргаздәнекерлеушісі (Орлов ӨК Орлов шахтасының шаң-тозаң және желдету қызметі), жер астындағы жұмыс өтілі - 21 жыл:

- Мен сонау 1992 жылы Орлов шахтасындағы бұрғылау-жару жұмыстарының учаскесіне жерасты дәнекерлерушісі болып орналастым. Ал 1997 жылы №2 жерасты учаскесіне Вадим Ромашконың бригадасына бұрғылаушының көмекшісі болып ауыстым. Бұл жерде 1999 жылға дейін еңбек еттім. Сонымен қатар, біздің оқыту комбинатымызда жарушының мамандығын игеріп жүрдім.  Жарушы санатын алған соң жару жұмыстарына ауыстым. Сөйтіп, 2013 жылға дейін жұмыс істедім. Сосын денсаулығыма байланысты жер бетіне ауыстырды. Қазір Орлов шахтасы шаң-тозаң және желдету қызметінде электргаздәнекерлушісі болып еңбек етіп жүрмін.

Шахтер мамандығын не үшін таңдадым дейсіз бе? Негізі мен малшылар отбасынан шықтым. Әкем атақты бригадир еді. Бірақ өндірісте ешқашан жұмыс істемеген. Ал анамның ағасы  - Айтқұл Сүлейменов шахтер еді. Ол әрдайым шахта туралы айтып отыратын. Мен болсам, әлгі әңгімені қалт жібермеуші едім. Кейін шахтердің қызына үйлендім. Менің қайын атам – Оразғали Ниқамбаев Алтай өңірінің (Ресей) шахталарында жұмыс істеген үңгуші болатын.

Мектептен кейін мен училищені тәмамдам, «байланысшы, кабельші-дәнекерлеуші» мамандығын игердім. Одан кейін Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, Қиыр Шығыста Әуеге қарсы қорғаныс сапында Отан алдындағы борышымды өтедім. Әлі күнге дейін әскери бөлімнің нөмірі есімде - 30593. Әскерден келіп, Семей қаласындағы техникумға оқуға тапсырдым. Автомеханик мамандығын игеріп, автопаркте инженер ретінде жұмыс істедім.

1984 жылғы 4 тамызда сүйікті жарым – Сәулемен тағдырымыз қосылды. Келесі жылы біздің тату-тәтті өмір сүріп келе жатқанымызға 35 жыл толады.

 

 

Араларына бір жыл салып, 1985 және 1986 жылдары Әділжан және Дәулет есімді ұлдарымыз дүниеге келді. Отағасы ретінде жанұяма қамқор болуым керек. Сол себепті шахтаға баруға бел будым. Бұл шахтерлардың жері, қайын атам шахтер, ағам да шахтер дегендей. Сөйтіп, қазір мен мұндамын, яғни Орлов өндірістік кешеніндемін.  

Жер астындағы жалпы жұмыс өтілім – 21 жыл. Шахтаға келгеніме өкінген күнім болған жоқ. Әлі күнге дейін өзімді шахтермын деп санаймын. Бұл атақты мақтан тұтамын. Шахта  мені тәрбиеледі, мінезімді шыңдады. Өзімнің жарушы жұмысымды да қатты жақсы көрдім. Жер қойнауынан кен өндіру өте қызықты дүние. Жұмыс қиын, әрі қауіпті болғанымен, өзіндік романтикасы да бар. Біздің жігіттер ең берік, әрі күшті. Дене бітімін емес, мінезін айтамын. Шахтерлардың достығы да бекем болады. Мен мұны жоғары бағалаймын.

Ұлдарым да тау-кен ісіне тағдырларын арнады. Тұңғышым Әділжан Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің тау-кен-металлургия факультетін тәмамдады. Учаскелік маркшейдер болып еңбек жолын бастады. Кейін оны Орлов ӨК жобалау бюросына шақырды. Қазір ол кешеннің техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінде жұмыс істейді. Шахтаға барып тұрады. Кенже ұлым Дәулет - Орлов шахтасының тау-кен үңгу жұмыстарының учаскесінде (ТКҮЖУ) үңгуші болып жұмыс істейді. Ол Алексей Щербаковтың бригадасында, бұл бригада үлгілі болып саналады.  Биыл ұлымның жерасты жұмысының өтілі 10 жылға жетті. Ол шахтаға 2008 жылы келді.

 

 

Үш немерем бар: Әділжанның екі ұлы, Дәулеттің бір ұлы. Олар шахтерлық істі жалғастырамыз десе, қуанар едім.

Кенже ұлым ешқашан шахтаға бармайтынын айтқаны есімде. Алайда, Өскемен қаласында жолы болмағасын «Сандалып жүрмей, жұмыс істе – отбасыңды асырау керек» дедім. Кенішке өзім алып келіп, орналасуға көмектестім. Бастапқы кезеңде кеңес беріп жүрдім. Ол жақсы жерге барды. Серікбол Ауылбаевтың (3-дәрежелі «Кенші даңқы» белгісінің кавалеры) даңқты бригадасында бұрғылаушының көмекшісі болды. Кейін үңгуші санатын алып, ТКҮЖУ-де 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Жасыратыны жоқ, бастапқыда ұлыма қамқоршы болдым. Дегенмен әріптестеріме сенімді едім. Ол еңбекқор. Ең бастысы – жұмыстан қашпайды. Шахтада жалқаулар мен аңқаулар жұмыс істей алмайды. Ұлыма және барлық жастарға «Шахта ойын алаңы емес» деп үнемі айтамын. Одан қорқудың қажеті жоқ, бірақ әрдайым мұқият болып, барлық нәрсеге жауапкершілікпен қарау керек. Жер астында ұзақ жылдар бойы жұмыс істесең де, немқұрайлылыққа жол берме. Кез-келген уақытта қауіп-қатер болуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн. Ең  бастысы – мұқияттылық. Өзіңе және әріптестеріңе абай бол!

Жұмыс орнында не үшін алаңдаймын дейсіз бе? Жігіттер жақсы жұмыс істеп, учаскемізде жарақаттар болмасын, жоспар әрдайым орындалсын деймін. Барлығының отбасылары бар, жеке жоспарлары бар, ақша табу керек. Жастар пәтер, көлік және т.б. сатып алғысы келеді. Жасы келіп қалғандар балаларын, немерелерін оқытуды ойлайды. Жұмыс ойдағыдай болсыншы!

Әйелдеріміз туралы ерекше айтқым келеді. Олар бізді үйде күтіп, алаңдап отырғандары үшін алғысымыз шексіз. Кейде жұмыста бөгеліп қалуға туралы келеді – апаттық жағдай немесе тағы басқа оқиғалар болады. Сол кезде сүйіктілеріміз ұйықтамай, дұғаларын айтып күтіп отырады. Оларға үйіміздің жай-күйі байланысты ғой. Үйде жылы, әрі жайлы болса, жаныңда сүйіктің, бала-шағаң болса, ешқандай қиындықтан қаймықпаймыз!

Қазір мен электргаздәнекерлеушісімін, тәжірибем де жеткілікті. Әрине, жастарды үйретуден жалықпаймын. Дәнекерлеу ісі бейне бір ғылым іспеттес. Дәнекерлеу жігін жәй ғана әдемі, әрі түзу ету аз, оның басты жері - жіктің тамыры. Ол жақсылап дәнекерленуі тиіс. Біздің жігіттер жарап тұр! Кезінде менен үйреген мамандардың өздері қазір шәкірт тәрбиелеп жүр. Ұжымымыз айрандай ұйып тұрған, тату-тәтті команда. Мен әрдайым кеңес те бере аламын, керек болса, ұрсып та аламын.

Сәуле, әйелі:

- Дәулет шахтаға жұмысқа баратынын естігенде сене алмадым. Оның үстіне ең алдыңғы шеп – үңгушілер қатарына баратын болды. Шахтаның не екенін мен білемін ғой! Әкем шахтер. Өзім шахтада өлшеуші болып істедім. Күйеуім шахтер. Уайымдау, жылау, алаңдау – бұлар менің өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды. Кез-келген әйел балалары, күйеуі үшін қатты алаңдайтыны белгілі. Бірақ, туған-туыстарың шахтада жұмыс істесе, бұл алаңдаушылық сезімі бірнеше рет арта түседі. Ұлымды бармауға көндірмек болдым. Алайда еркектер айтқан сөзінен қайтсын ба? Көнбеді.

Әділжан, тұңғыш ұлы:

- Шахтада жұмыс істеу -  менің байырғы арманым еді. Тіпті мектептен кейін тау-кен инженері мамандығына тапсырғым келген. Алайда, денсаулығым келмейді екен. Сондықтан маркшейдер мамандығын игеріп алдым. Сөйтіп, толықтай болмаса да, арманым орындалды. Себебі, маркшейдер болсын, мен сияқты жоспарлаушы болсын, өлшеуге, зерттеуге кейде шахтаға түсіп тұрады.

Егер ұлдарым тау-кен ісін таңдаса, мен қарсы болмаймын. Өз еріктерімен таңдаса болғаны. Шахтерлар әулетін жалғастыру керемет қой. Мен қолдаймын оларды. Менің ойымша, ұлдарым өскенше шахталарда жұмыс істеу мұндай қауіпті болмайды. Уақыт бір орында тұрмайды. Ғылым дамып, жаңашыл технологиялар енгізілуде, роботтар келіп жатыр дегендей. Шахтердың жұмысы ең қауіпсіз жұмыс болатын күнге жететінімізге сенемін.

 

 

Дәулет, кенже ұлы:

- Шынымды айтсам, шахтада жұмыс істеуді ешқашан армандаған емеспін. Тіпті шахтаға жұмысқа барасын ба дегенде, басымды ала қашып, «Ешқашан бармаспын» дейтінмін. Мектепті тәмамдаған соң, психолог-криминалист мамандығына тапсырдым. Дегенмен мен ойлағандай болмады. Үш жылдай оқып, оқуды аяқтамастан кетіп қалдым. Жезкентіме қайтым келдім. Әкем Орлов кенішіне баруға кеңес берді. Басында бір жылдай жұмыс істеп, ақша жинағасын басқа жұмыс табамын деп ойладым. Алайда, міне, биыл шахтаның үңгуінде жүргеніме он жыл толады. Тәжірибе жинадым, шахтерлардың арасынан достарымды таптым. Қазір басқа мамандықты елестете алмаймын.

Егер ұлым шахтаға барам десе, мүмкін тау-кен инженері болса, келісермін.

 

 

Татьяна Маер, ОӨК

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов