KAZ Minerals құрамында карьерлер, жерасты кеніштері, Қазақстан мен Қырғызстанда өндірілетін мыс кенін байытатын фабрикалары бар.

null Шахтаға деген сүйіспеншілік

25.08.2016

Қарау саны: 0

Мен өзімнің жұмысымды жақсы көремін. 1997 жылы әскерден келе сала шахтаға кеттім. Адам сияқты демалып та үлгермеппін. Сол жылы Орлов шахтасына жаппай қабылдау жүріп жатты. Міне, 19 жыл бойы шахта екеуіміздің арамызда сүйіспеншілік бар. Басқа мамандықта өзімді елестете алмаймын.

Өзімнің тәлімгерлерім Тіреубек Найманбаевты, Иван Кохты, алғашқы бригадирім Владимир Смирновты алғыс айта отырып, еске аламын. В.Смирнов маған бригадирлікті тапсырғанына 8 жыл болыпты. Ұжымымыз жақсы. Еріншектерді ұстамаймыз, бір-бірімізді сөзсіз, жәй ғана көзқарастан түсінетін деңгейге жеттік. Мұндай ынтымақтастықты бізге тәлімгерлеріміз үйретіп кетті. Ал енді біз жас ұрпаққа білгенімізді, тәжірибемізді, өзгенің еңбегіне деген құрметті үйретіп жүрміз.

Кәсіби мерекеміз сәтті уақытта тойланады. Себебі, Шахтер күні тамыздың соңына келеді. Ал бұл уақытта егістік жетіліп, бау-бақшадағы өнімдер, дәрумендер дайын болады. Мәселен, менің саяжайымда бәрі жайқалып, гүлдеп тұр!

Барлық шахтерлерді мерекелерімен құттықтаймын! Денсаулықтарың мықты, ал төбелерің берік болсын! Өздеріңізді күтіп, әріптестеріңізге мұқият болыңыздар!»

Александр Скоробогатов, бекітушілердің бригадирі

Орлов өндірістік кешені, «Шығыстүстімет» ЖШС

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов