KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Сенбіліктер кезеңі

25.04.2017

Қарау саны: 88

; assetEntryID = 704736

"Шығыстүстімет" ЖШС өндірістік кешендерінің қызметкерлері себіліктер маусымын бастап кетті. Көктемді тазалықпен қарсы алу керек дейді әріптестеріміз. Сол себепті кешендер директорларының бастамасымен және кәсіпорын қызметкерлерінің қолдауымен аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстары басталды. 

Адамдар тазалық жұмыстарына қуана атсалысты. Артемьев ӨК директоры Қайролла Журсунбаевтың айтуынша бұл тек қана дайындық. Алда әлі талай жұмыстар бар. Сондықтан жақын уақытта АӨК цехтары мен қызметтерімен бірге мердігерлерік ұйымдар да Усть-Таловка кентінің аумағын тазалауға  және абаттандыруға жұмылдырылатын болады. 

Сенбілікке қатысқан әріптестеріміз мұндай іс-шаралар тазалыққа және адамдардың тәртібіне оң әсерін беретінін айтады. Ұжымның жауапкершілігі артып, достығы мен бірлігі нығайя түседі. 

- Бұрын адамдар Лениннің туған күнінде сенбілікке шығатын. Ал бүгін менің туған күнім. Сондықтан әріптестерім қалжыңдап, бұл күнді Левиндік сенбілік деп атап кетті. Біз жұмыста көп уақытты өткіземіз. Екінші үйіміз болып кетті. Ал жақсы қожайынның үйі үнемі таза болады, - дейді Александр Левин, ҚШБ қойма шаруашылығының бастығы.

Санитарлық тазалау эстафетасын Ертіс өндірістік кешенінің қызметкерлері жалғастырды. Кешен директоры Роман Хан бастаған қызметкерлер аумақты тұрмыстық қалдықтардан және табиғи қоқыстан тазартты. 

- 21 сәуір күні кешеннің аумағында сенбілік өткіздік. Әріптестеріміз белсенді қатысып, аумақты абаттандырды. Осылай біз бір команда екенімізді тағы бір көрсеттік! Сенбілік көңілді өтті. Енді тек осы тазалықты сақтау керек, - дейді Татьяна Подойникова, Белоусов алаңының ТББ бастығы.

Орлов өндірістік кешенінің қызметкерлері де әріптестерінен қалыспай, көктемнің шуақты күндерін туған кенттерінің игілігі үшін атқарған қажырлы еңбектерімен қарсы алды. 

Константин Докучаев

Жанна Мұзапарова

Татьяна Маер

 

 

 

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов