KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Сен резервистер қатарында барсың ба?

16.08.2018

Қарау саны: 26

; assetEntryID = 695749

Басшылары KAZ Minerals-тың негізгі лауазымдарында жұмыс істейтін мамандар мен орта буын басшылары өздерін сол лауазымның резервіне ұсына алады. Кадрлық резерв бағдарламасында өзін-өзі ұсынатын адамдарға қатысу мүмкіндігі пайда болды.  

KAZ Minerals Тобында Қадрлық резерв бағдарламасы екі жылға жуық жұмыс істеп тұр – оны енгізу біртіндеп іске асты. Бұған дейін бағдарламаға қатысушыларды олардың тікелей басшылары ұсынған – шамамен бір орынға екі резервистен келетін. Егер түрлі себептерге байланысты басшының орны босай қалса, үміткер ретінде ең алдымен кадрлық резервтегі қызметкерлерді қарастырады. Осы уақытқа дейін 40 резервист өзінің мансап жолымен көтеріліп үлгерді. Тағы 198 адам бүгінгі күні бағдарламаның қатысушы ретінде тіркелген. Болашақта олардың саны қанша болмақ?

««Қолымнан келеді!», «Мен істей аламын!» деп келген адамдарға ерекше мән беретін боламыз. Олар қазіргі резервистерге лайықты бәсекелес болса екен деймін. Өзіңізді қызметіңіздің құрылымындағы кез-келген басшылық лауазымға ұсынуға болады. Бізге келгендердің барлығын қарастыруға дайынбыз. Себебі, бізге ынта-жігері жоғары адамдар керек. Сондықтан, өзін-өзі ұсынушыларға осы мүмкіндікті жасадық», – дейді Оксана Омельченко, KAZ Minerals-тың қызметкерлерді оқыту және дамыту бөлімінің басшысы.

Бағдарлама екі бағыттан тұрады – кәсіби дағдыларды дамыту және корпоративтік құзыреттерді дамыту. Бірінші бағытқа тікелей басшы жауап берсе, екіншісіне әр компанияның қызметкерлерді оқыту және дамыту бөлімі жауапты. Резервистер 4 сағаттық оқыту тренингтерінен өтіп, TDC қашықтықтан оқыту арнайы сайтында қосымша тапсырмаларды орындайды.

«Мына жәйт маңызды: әлде кім кадрлық резервте болса, бұл оның басшылық лауазымға тағайындалатынының кепілі емес. Басшылық қызмет кенеттен босап қалып, резервтегі маман дайындалып үлгермейтін жағдай болады. Мұндайда біз сырттан келген үміткерді тағайындаймыз. Мынандай жағдайлар да бар: басшылық лауазым босайды, бірақ нарықтағы ұсыныстарды саралаған резервист компаниядан кетуге бел буады. Бұл қалыпты жағдай. Мұндай бағдарламаға қатысушылардың үштен бірі компаниядан түрлі себептерге байланысты кетіп жатады. Айталық, біреуге еңбекақы деңгейі ұнамайды. Компаниямызда ішкі ережелер бар. Оларға сәйкес қызметкердің лауазымы ауысқанда оған бұрынғы басшының деңгейіндегі еңбекақы емес, ал өзінің бұрынғы еңбекақысының өзгерісі ұсынылады. Жоғары тұрған лауазымға тағайындаған кезде бұрын маман болған қызметкерге «Біз саған мүмкіндік бердік. Өзіңді көрсете біл. Көп жыл бойы шетелдік компанияларда жұмыс істеген басшының атқарған процесстерін игеріп көр» дегендей жағдай жасаймыз», – дейді Оксана Омельченко.

Жақында өткен сауалнаманың нәтижесі бағдарламаға қатысушылардың 80% оған риза екендігін көрсетті. Оған қоса, резервистер оқыту процессін жетілдіру жөніндегі өзінің ұсыныстарын да беріп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ұсыныстар біртіндеп іске асуда. Айталық, алдағы жоспарға сәйкес Топтың барлық өндірістік алаңдары мен компанияларындағы резервистердің кездесуін ұйымдастыру көзделген.

Резервист атану үшін компанияның Оқыту және дамыту бөліміне хабарласу қажет. Өзін-өзі ұсынған қызметкер резервист атана ма, әлде жоқ па – оны KPI бағалау мен тікелей және жоғары тұрған басшымен сұхбаттың нәтижелері көрсетеді.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов