KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Ревизор келді

05.06.2017

Қарау саны: 49

; assetEntryID = 703461

KAZ Minerals-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүріп жатыр. Бұл не? Оны кім және қалай өткізеді? Safe-Call-ға хабарласқан адамдар көбінесе не туралы айтады? Бұл kazminerals.info редакциясына «KAZ Minerals Management» ЖШС құқықтық бақылау бөлімінің басшысы Айдар Нұразханов айтып берді.  

- Биыл KAZ Minerals-та сыйбалас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ішкі ережелерін сақтау жөніндегі аудит жүріп жатыр. Бұл қандай аудит және оны не үшін өткізеді? Бұл қалай басталды? 

- Әлемдік тәжірибеде ірі компаниялардың Директорлар кеңестері түрлі бағыттар бойынша ішкі тексерістер туралы бастаманы өздері көтереді. Бұл мақсатта қолданыстағы процедураларды, ережелерді, тәжірибелерді және компания тарапынан бақылауды бағалайтын тәуелсіз аудиторды жұмылдырады. Өзіңіз білетіндей KAZ Minerals Тобы 2014 жылы құрылды. Биыл көктемде компанияға 3 жыл толады. Сөйтіп, KAZ Minerals Тобының Директорлар кеңесі осы уақыт аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты енгізу саласында қандай жұмыстар атқарылғанын бағалау туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты британиялық Good Сorporation компаниясы жалданды. Олар біздің құжаттарымыз - саясаттармен, регламенттермен, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдердің матрицасымен танысты және Алматы қаласында осындай тәуекелдерге бейім болуы мүмкін негізгі функциялар мен бағыттардың басшылармен сұхбаттар өткізді.

Бұл аудит екі блоктан турады. Біріншісі - сыйбалас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған плакаттар мен регламенттерге дейінгі құжаттарды зерттеу. Ал екінші блок  -компания қызметкерлерімен сұхбаттасу. Күзге таяу олар біздің барлық процедураларымыз бен құжаттарымызды мұқият зерттеуді аяқтайды. Содан соң тәуелсіз аудиторлар қызметкерлермен сұхбаттаса бастайды. Яғни, олар біздің өндірістік кешендерімізге баруды жоспарлап отыр. Біздің болжамымыз бойынша олар Шығыс дивизоны мен өркендеу жобаларының бірін қамтиды. Сөйтіп, жергілікті жерде біздің құжаттарымыздың қаншалықты орындалатынын анықтайды. Қолданыстағы ережелерді қызметкерлеріміз қаншалықты түсінетінін, күнделікті жағдайда олар қаншалықты қолданылатынын көреді. 

- Аудиторлардың алғашқы әсерін болжай аласыз ба? Енді сіз олардың алматылық кеңсеге жасаған сапарына қатыстыңыз ғой. 

- Аудитті өткізу тәртібіне сәйкес біздің оған қатысуға құқығымыз жоқ. Біз тек қана оларға қажетті ақпаратты беріп, қажет деген адамдармен кездесу ұйымдастырамыз. Барлық сұхбаттар құпия түрде өтетін болады. Сол себепті олар қандай әсер алатындарын болжау қиын. Ал нәтиже қандай боларын анықтау тіптен мүмкін емес. Дегенмен бұл саладағы жағымды тәжірибеміз бар. Менің білуімше 2013 жылы (мен компанияға 2014 жылы келдім) Қазақмыста мұндай аудит өткен. Мен оның нәтижесі бойынша жасалған есепті көргем. Сондықтан бұл уақыт пен қазіргі кезеңнің арасындағы айырмашылықты байқадым. Әрине, атқарар жұмыстар әлі өте көп. Дегенмен оң өзгерістер бар екені анық. 

- Сол өзгерістер туралы айтып берсеңіз... Нені нақты байқадыңыз?

- Өзіңізде көріп жүргендей, біз қазір оқытуға көп көңіл бөліп отырмыз. Тренингтер өткіземіз. Саясат сияқты құжаттар нақты жұмыс істеуі үшін адамдарға олар туралы түсінікті тілмен айту керек. Бір сөзбен айтқанда қабылданған ережелерді түсіндіру керек. Мұндай бағытта біз 2015 жылдың соңынан бастап жұмыс істеп келеміз. Топтың HR-қызметімен бірлесіп барлық санаттағы қызметкерлерді оқытып келеміз. Егер аудит аясында негізінен басшылар, яғни директорлар, бөлім басшылары қамтылса, оқыту барысында біз қызметкерлерді кеңінен қамтуға тырысудамыз. Ең алдымен жемқорлық тарапынан қауіпті салаларға көңіл бөлінеді. Айталық, белгілі бөлшерде мемлекеттік органдармен, тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды жеткізушілермен жұмыс істейтін бағыттар. Олардың арасында заңгерлік қызметтер, жабдықтау қызметі, күрделі құрылыс тобы, экологтар, жер бөлімі, HR, қаржы бөлімі, кеңсе және т.б..

Қызметкерлерді оқыту мақсатында біз Топ қызметкерлері арасынан оқытушыларды дайындадық. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі жеке блок жаңадан қабылданған қызметкерлерге арналған тұсаукесер бағдарламасына да енгізілді. 

Яғни, сыйбайлас жемқорлық тәуекелінің деңгейіне байланысты әртүрлі қызметкерлер түрлі оқытудан өтеді. Бірлеулер тереңдетіп оқыса, біреулер назарға алар ақпарат ретінде қабылдайды. 

- Сіздің ойыңызша Топ қызметкерлері қаншалықты қолданыстағы саясаттар туралы хабардар? Тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын біле ме? 

- Барлық қызметкерлер міндетті түрде хабардар болуы тиіс. Жаңадан келген қызметкерлер біршама ақпаратты жұмысқа орналасқанда алады. Біздегі әрбір еңбек шартында қызметкер компанияның ішкі саясаттарын біліп, сақтайды деген міндеттеме бар. Сонымен қатар, барлық құжаттармен танысқаннан кейін қызметкерлер арнайы тестілеуден өтеді. Сол себепті біздің барлық әріптестеріміз белгілі деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттармен таныс деп айта аламыз. Ал қаншалықты жақсы біледі? Бұл басқа мәселе. Білім деңгейін көтеру үшін біз арнайы тренингтер ұйымдастырамыз. 

- Өткен жылдың соңында сіз компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін бұзуға қатысты түскен шағымдар туралы статистикамен бөліскен едіңіз. Биылғы жыл бойынша мұндай мәліметтер бар ма?

- Биыл Safe-Call-ға хабарласулар саны артты. Иә, бір қарағанда шағымдар көбейген сияқты. Дегенмен бұл шағымдардың көпшілігінің сыйбайлас жемқорлық бұрмалаушылықтарға қатысы жоқ. Көбінеки ұжымдағы өзара келіспеушіліктер туралы айтып жатады. Айталық, сынақ мерзімінен өте алмау, бастық пен қызметкер арасындағы қарым-қатынастар. Осындай шағымдар Ақтоғай мен Бозшакөлден көп келеді. Ол түсінікті жағдай. Жобалар енді толық жұмыс істей бастағандықтан ұжымдағы қызметкерлер бір-бірін енді танып келе жатыр. Шығысьағы дивизионнан, КAZ Мinerals Мanagement-тен де хабарласады. Бір қызығы биыл Бозымшақтан әзірге бір де бір шағым болған жоқ. 

- Ал былтыр ол жақтан шағымдар болды ма?

- Әрине болды. Әрбір шағымды қарастыруға 20-30 күн кетеді. Мұндай уақыт аралығында барлық құжаттарды тексеріледі, есеп жасалады, ол алматылық кеңседегі басшылықпен келісіліп, Лондондағы Корпоративтік Хатшыға жолданады. Ал жалпы алсақ, 2016 жылы бізде 18 шағым болды. Ал биылғы жылдың 5 айында 21 шағым келіп үлгерді. 

- Олардың нешеуін тексеріп үлгердіңіздер? 

- 11-і тексерілді. Ал қалған 10 шағымды әлі үлгерген жоқпыз. Тексерістерді созбас үшін біз басқа қызметтердегі әріптестерімізді де жұмылдырамыз. Айталық, қауіпсіздік департаментін. Біз шамамен 4-5 жағдайды солардың құзыретіне өткіздік. Себебі, бұл шағымдар шағын ұрлықтарға қатысты болды. Яғни, сыйбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ деген сөз.  Әдетте сыбайлас жемқорлық жағдай екі тарап қатысқан кезде пайда болады. Яғни, пара беретін және пара алатын жақ. Заңгерлік тілмен айтсақ, коммерциялық тұрғыдан параға жығу. Біздің заңнаманың британиялық заңнана айырмашылығы сол - егер мемлекеттік қызметкерлердің қатысы болса, ол пара деп саналады, ал егер ақшаны заңсыз түрде коммерциялық ұйымдарда орын алса, ол коммерциялық тұрғыдан параға жығу деп аталады. Сондықтан егер жүргізуші бензин ұрласа немесе қоймашы қоймадағы затты заңсыз түрде үйіне алып кетсе, ол жемқорлық емес, жымқыру болып табылады және қауіпсіздік департаментінің құзыретіне жататын жағдай.

Қызметкер мен басшы арасындағы қарым-қатынасқа қатысты шағымдар болып жатса, бұл жағдайларды HR-команданың көмегімен қарастырамыз. Кейде шағымдарды қашықтан-ақ қарастыра береміз, ал кейде оқиға орнына баруға тура келеді. Қалай болғанда да Speak-Up арқылы келген әрбір шағымды міндетті түрде қарастырамыз. 

- Сіз қазір ішкі аудитория, яғни қызметкерлерге қатысты жұмыстардың біршамасын тілге тиек еттіңіз. Ал мемлекеттік органдар немесе мердігерлерге қатысты қандай жұмыстар жүріп жатыр? 

- Сұрағыңыз өте орынды. Мұндай жұмыстарды да біз міндетті түрде атқарамыз. Біз өзіміздің агенттерімізді дұрыс іс-әрекетке, мінез-құлыққа үйретеміз. Агенттер - бізбен шарт арқылы жұмыс істейтін, біздің мүддемізді мемлекеттік органдарда қорғайтын компаниялар мен адамдар. Мұндай компаниялардың тізімі де бар. Олар кеден брокерлері, биржа брокерлері және тағы басқа компаниялар. Олардың арасында тіпті пошта немесе бандероль жеткізетін компаниялар да бар. Тренингтерде біздің саясаттар, жұмыс істеу қағидаттарымыз туралы айтамыз. Олар біздің атымыздан жұмыс істеген кезде британиялық заңнаманы сақтау не үшін маңызды екенін түсіндіреміз. Егер олар пара беру сияқты қылмыстарға қатысса, KAZ Minerals та жауапкершілікке тартылатынын жеткіземіз. Британияда агенттерге ғана емес, тапсырыс беруші компанияға да айыппұл салынады. 

- Сонда мердігер KAZ Minerals-қа қатысы жоқ жұмыстар бойынша коррупциялық қылмысқа қатысса да бізге айыппұл сала ма? 

- Жоқ. Айыппұл тек бізге қатысты жұмыстар бойынша ғана қарастырылады. Дегенмен ықтималды тәуелділік бәрібір бар екенін айтамыз. Бұл қияли қатер емес. Бұл мәселеге жоғары басшыларымыз өте мұқият қарайды. 

- Ал біздің агенттер сыбайлас жемқорлық жағдайы туындап жатқандығы туралы айта ма? Мұндай жағдайда олар қалай жұмыс істейді? 

- Әрине. Біздің агенттен әртүрлі жағдайда жұмыс істеуге үйренген. Сол үшін біз оларды оқытамыз. Егер біреулер жемқорлыққа емеурін білдірсе, агенттер мұндайға бармайтындарын және қолданыстағы ережелерге сәйкес қана жұмыс істейтіндерін айтуы тиіс. Әрине сыбайлас жемқорлықты толтықтай жою мүмкін емес шығар. Егер тарихқа үңілсек, Бірінші Петр да күресті, Иван Грозный да қылмыскерлердің басын алды. Ал жемқорлық әлі бар. Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 176 елдің ішінде 131 орында тұр. Бұл жақсы көрсеткіш емес. Біз жағдайды білеміз және компаниямызға қатысы бар салаларда бұл көрсеткішті барынша азайтуға тырысамыз. Агенттерге де тек заң аясында жұмыс істеу керектігін айтамыз. Егер біреу ашық түрде пара талап етсе, агенттеріміз құзыретті органдарға жүгінеді деп ойлаймын. Өз тарапымыздан агентімізге барынша қолдау көрсетеміз. 

- Сіздің ойыңызша осы саясаттарды енгізгеннен кейін және акеңінен насихаттала бастағаннан кейін мемлекеттік органдар мен немесе басқа компаниялармен жұмыс істеу жеңілдеді ме?

- Қазір бұл сұраққа жауап беру қиын.  Өкінішке қарай қолымда Топ бойынша анықталған бұрмалаушылықтар және төленген айыппұлдар туралы мәлімет жоқ. Негізінен мемлекеттік органдардың салған айыпппұлдары мен анықтаған олқылықтарына сүйену керек шығар. Мемлекеттік органдар келген кезде олардың басты мақсаты - бұрмалаушылықты анықтап, айыппұл салу. Егер батыстағы реттеуші органдар бизнеске көмектесуге тырысса, біздікілер әдетте айыппұл салады. Ал айыппұлдың көлемі қандай болары ол басқа әңгіме. 

- Егер аудит тақырыбына қайта ауыссақ. Оның нәтижелері қашан дайын болады және компания қандай шешімдер қабылдайды? 

- Тәуелсіз аудиторлық есептің нәтижелерін жыл соңына дейін аламыз деп үміттенемін. Қазірдің өзінде олардың шамалы көзқарастары қалыптасты деп ойлаймын. Есептің қорытындысы бойынша олардың ұсынымдарын көреміз, тағы нені енгізу керектігін саралаймыз. Аудиттің де мақсаты - олқылықтарды анықтап, олардың жою жолдарын ұсыну. Елде сыбайлас жемқорлық белең алып тұрса да, біздің компаниямызда мұндай жағдайлардың жолың кесу тетіктері бар екеніне сенімді болуымыз керек. Мәселен, егер компания британиялық заңнамаға сәйкес қандай да бір іске қатысты болып жатса, ол өз тарапынан барлық тиісті шараларды қолданғанын көрсету үшін қажет. Сол арқылы бізде бақылау тетіктері бар екенін, қарастырылып отырған жағдай заңдылық емес, жай ғана адами фактор екенін дәлелдей аламыз. Неге мен қайта-қайта британиялық заңнаманы алға тартып отырмын дейсіз ғой? Біздің кеңселеріміздің бірі Лондонда, компания акциялары Лондон биржасында айналымда, яғни біз Қазақстанда немесе Қырғызстанда жұмыс істесек те, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнасына бағынуға тиіспіз. Аталған заңнамада мынадай бір тармақтар бар - егер компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы ешқандай әрекет жасамаса, оқыту ұйымдастырмаса, онда жемқорлық қылмысқа қатысы болмаса да, жауапкершілікке тартылады немесе айыппұл төлейді. 

- Яғни, олар бұл арқылы компанияларды сыбайлас жемқорлықсыз жұмыс істеуге ынталандырады ғой?   

- Дәл солай. Олар компаниялардың жемқорлыққа қарсы ішкі процедуралардың болғанын ынталандырады. Айтпақшы, көрші Ресейдің заңнамасында құқықтық формасына қарамастан барлық заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелері болуы тиіс деген тармақтар бар. 

- Ал бізде тек шетелдік заңнаманың ықпалына тәуелді компанияларға солай жасай ма?

- Иә, әзірге бізде британиялық немесе американдық заңнаманың ықпалындағы компаниялар ғана солай істейді. Жеке бизнесте бұл үрдіс әлі бәсеңдеу. Дегенмен белгілі деңгейде оң өзгерістер бар. Айталық, "Самрұқ-Қазынадағы" әріптестерімнен оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелер енгізіле бастағанын білдім. Сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясында да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған.  Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс түрлі деңгейлерде жүріп жатыр деуге болады және болашақта жалпы елдегі жағдайдың оңалғанын көреміз деп сенемін. 

Сұхбаттасқан Юлия Кузнецова, Алматы

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов