KAZ Minerals өзінің қызметкерлеріне және сыртқы аудиторияға арналған медиа өнімдерді шығарады.

null Президентпен телекөпір. Байланыста - Бозшакөл

22.12.2015

Қарау саны: 0

11 желтоқсанда «Қазақстандық жаңа индустрияландыру: 2015 жылдың нәтижелері» атты жалпыұлттық телекөпір өтті. ҚР Президентімен тікелей байланысқа 18 қатысушы компаниямен қатар Бозшакөл де шықты.

Телекөпір барысында айтылып өткендей - 2015 жылы Қазақстанда 800 млрд теңгенің 120 жобасы іске асырылды. Олардың 90% жеке инвестициялардың еншісінде. 

KAZ Minerals Тобының атынан компанияның басқарма төрағасы Олег Новачук сөз алды. Оның айтуынша, КБК іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. "Кәсіпорын жобалық қуатына толық жеткеннен кейін мұнда күніне 20 вагон мыс концентраты өндіріледі. Бозшакөл 40 жылдан астам жұмыс істейді. Сала бойынша көшбасшыға айналуы тиіс жоба Қазақстанның мыс индустриясының болашағын қамтамасыз етеді", - деді ол. 

Телекөпірге дайындық Бозшакөлде 2 апта бұрын басталған еді. Оған вахталық әдіспен жұмыс істейтін және телекөпірге қатысуға мүмкіндігі бар қызметкерлер атсалысты. Басты дайындық тікелей байланысқа бірнеше сағат қалғанда басталды.

  

Техника сынақтан өтіп, тиісті техникалық шешімдер іске асып жатты. 

Ал бос уақытында ұйымдастырушылар басқару пернесін өздері басып көрді. 

Ресми іс-шара аяқталғанда павлодарлық журналистер микрофондары мен диктофондарын алып, басшылардан саланың болашақ көшбасшысының даму ерекшеліктері туралы сұрады. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов