KAZ Minerals жыл сайын өзінің қызметкерлеріне арналған көптеген жобаларды іске асырады.

null ПЛАСТИК АҚША

22.10.2015

Қарау саны: 0

one_employee
 

Ұлттық банктің биылғы мамыр айына берген мәліметтеріне сүйенсек , Қазақстанда халықтың 87 пайызы (15 млн жуық адам) төлем карточкаларын пайдаланады екен. Пластик карталарды несиелік және дебеттік деп аталатын негізгі екі түрге бөлуге болады. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы қандай? Артықшылықтары бар ма? «Пластик ақшаның» мүмкіндіктері жайлы Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығының жоба үйлестірушісі Эльмира Қайрақпаева әңгімелеп береді.

- Дебеттік картасы бар адам тек картаның есеп-шотындағы ақшаны ғана пайдалана алады. Ол есеп-шоттағы ақшадан артық қаражат жұмсауға мүмкіндік бермейді. Банктер мұндай карталарды кредит алмаған, кредит жазбалары жоқ клиенттерге бергенді жөн санайды, – дейді сарапшы. – Әдетте, дебеттік карталар жалақы немесе зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді алу үшін беріледі.

Ал, кредиттік картаның дебеттік картадан айырмашылығы неде? Ол пайыздық өсіммен қарызға ақша алуға мүмкіндік береді. Бірақ қарыз банк тарапынан заемшының кредит жазбалары мен төлем қабілетін ескере отырып белгіленген мөлшерде ғана беріледі.

- Несиелік картаның артықшылығы мынада: қарызды өтеуге нақты бір уақыт беріледі. Ол уақыт ішінде қарызыңызды жауып үлгерсеңіз банк алынған соманы пайдаланғаныңыз үшін пайыздық үстеме қоспайды. Сондай-ақ, берілген жеңілдік мерзімінде алған ақшаны толық қайтарсаңыз несиеге пайыздық үстеме қосылмайды, – дейді Эльмира Қайрақпаева.

Қазіргі таңда Visa, MasterCard, AmericanExpress сынды халықаралық төлем жүйелері жұмыс істейді. Төлем жүйелерінің карталарының барлығы дерлік ұстаушының мақсаты мен мүмкіндіктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Мәселен, VisaElectron және CirrusMaestro карталары әлемдегі ең қарапайым әрі арзан халықаралық карта болып есептеледі. Олар сақтандыру депозитін салуды талап етпейді. Мұндай карталар негізінен бұрын банктен несиеле алмаған, сондай-ақ, карточка пайдалану тәжірибесі аз клиенттерге беріледі. Олар азаматтардың белгілі бір әлеуметтік тобына, яғни, студенттер, зейнеткерлер, табысы шектеулі клиенттер мен төлем картасын алғаш рет алып отырған адамдарға арналған.

VisaClassic, MasterCardStandard карталары төлем жүйелерінің карточкаларын пайдаланып жүрген клиенттерге арналған. Бұл карталар әсіресе, табысы орташа тұтынушылар арасында кеңінен таралған. POS-терминалдар мен банкоматтар арқылы пайдаланылатындықтан оларды қолдану өте ыңғайлы. Сонымен қатар, бұл карталарды импринтер деп аталатын механикалық құрылғылар желісінде де пайдалануға болады.

VisaGold, MasterCardGold – беделі жоғары алтын карталар. Иесінің қаржылық жағдайын паш ететін бұл карталар да кез-келген тауар мен қызмет түрі үшін ақы төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл карталардың бірқатар артышылықтары да бар. Мәселен, отельде, билет сатып алғанда мұндай карта иелеріне жеңілдік жасалады.

VisaPlatinum, MasterCardPlatinum – несиелік лимиті жоғары және әлемнің кез-келген жерінде қабылданатын карталар. Олар да бірқатар артықшылықтарға ие. Бұл карталар барынша қорғалған. Ал, саяхат кезінде аталған карта иелеріне шұғыл медициналық көмек пен заңгерлік көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, карта жоғалғанда немесе ұрланған жағдайда білікті мамандардың көмегін пайдалануға болады.

VisaInfinite төлем карталары Visa ұсынатын қызмет түрлерінің көшін бастап тұр. Ол иесіне эксклюзивті қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен, карта иесі ол арқылы саяхатын толық сақтандыра алады, әуежайлардағы VIP-аймақтарына кіреді, тауар сатып алғанда жеңілдіктер пайдаланады.

 

Сандарды сөйлеткенде

Халық арасында дебеттік карточкалар кең таралған. Олардың үлесі – 77,7%. Несие карталарының үлесі 16,4%. Несие лимиті бар дебеттік карталар – шамамен 2%. Ал, алдын ала төленген карточкалар – 4% сәл-ақ асады.

Айтпақшы

Жоғарыда атап көрсетілген карталармен қатар, тек қана интернет желесінде пайдаланылатын карталар да болады. Мысалы, VisaVirtual және MasterCardVirtual деп аталатын бұл карталар интернет желісі арқылы сауда жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін виртуалды картаға дебеттік немесе кредит картасынан қажетті соманы аударса жетіп жатыр. Содан соң интернет арқылы тапсырыс берген заттың ақысы виртуалды карта арқылы төленеді. Бұл негізгі төлем карточкасындағы қалған соманы алаяқтардан қорғауға көмектеседі.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов