KAZ Minerals құрамында карьерлер, жерасты кеніштері, Қазақстан мен Қырғызстанда өндірілетін мыс кенін байытатын фабрикалары бар.

null Отбасымның махаббаты қолдайды

26.08.2016

Қарау саны: 0

Шахтерлер әулетінің мүшесімін! Менің атам Қалу Мырзаханов шахтер еді. Соғыс жылдарында майданға қанша сұранса да, оны өндірістен босатпады. Ол Күршімнің шахталарында алтын қазған озат үңгуші болған.  Ал мен 17 жыл бойы Орлов шахтасында жұмыс істеп жүрмін. Әдеттегідей жұмысты үңгу учаскесінде оқушы болып бастадым.

Тәлімгерім Бейсен Жамалиев жару жұмыстарының ғылымын үйретті, оның қыр-сырын ашты, оған деген сүйіспеншілікті көрсетті. Қауіпті еңбек те, қиын жолмен тапқан қаржы да – барлығы отбасыларымыз үшін. Біз балаларымызға үлгі болатындай жұмыс істеп, өмір сүреміз. Кезінде әкелеріміз бен аталарымыз солай істеген. Бұның тәрбиелік мәні өте зор. Біз өскелең ұрпаққа аға буынның даңқты еңбегі туралы естеліктерді, оларға деген құрметті жеткізуіміз керек. Бұл отбасының күретамыры.

Ботақандарым мені үнемі жұмысқа шығарып салады және қарсы алады. Мен жұмысқа кеткенде «Құдай сақтасын!» деп жібереді және үйге келгенде қуана алдымнан шығады. Жан жарым, сүйіктім Күлбақыт туралы үнемі ойлап жүремін. Мүмкін осы махаббат пен сүйіспеншілік мен қолдап, шахтердің қиын жұмысында көмектесетін шығар.

Достар, шахтер бауырлар, барлықтарыңызды Шахтер күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңа бақ-береке тілеймін!»

Айдар Маймақов, жарушы

Орлов өндірістік кешені, «Шығыстүстімет» ЖШС

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов