KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

null Олег Новачуктың құттықтау сөзі

06.01.2020

Қарау саны: 11

; assetEntryID = 692759

Құрметті әріптестер!

Жаңажылдық мерекелердің қарсаңында дәстүр бойынша өткен жылды жалпы қорытындылайық.

Күзде біз компанияның бес жылдығын атап өттік. Бұл өте қажырлы жылдар болды. Біз Бозшакөл және Ақтоғай ірі кеніштерін салып, оларды 100%-дық қуаттылыққа шығардық, ресми түрде Бозымшақты іске қостық, Ақтоғай II-нің құрылысына кірісіп кеттік, Чукоткадағы Баим мыс жобасын сатып алдық. Шығыс өңірде өндірісті қолдауды жалғастырудамыз, Көксай кен орынын игеруді жалғастырудамыз.

Мұның бәрі күрделі экономикалық жағдай аясында елеулі мәнге ие болады. Мыс бағасының төмендеуі, біздің негізгі сатып алушы – ҚХР-ның АҚШ-мен қиын сауда-саттық қарым-қатынасы, Топ акцияларының тұрақсыз болуы, біздің қазіргі заманғы кәсіпорындар салынған қаражат бойынша несиені төлеу.

Бірақ мен әрдайым KAZ Minerals-тың басты қозғаушы күші озық технологиялар мен жаңа техника емес, адамдар деп айтамын. Біз 15 мың адамбыз. Көптеген адамдар компанияны бір үлкен отбасы деп санайды және менің басты міндеттерімнің бірі - қауіпсіздік, әл-ауқат және компанияның ұзақ жылдарға арналған тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.

Қауіпсіз еңбек туралы айта отырып, мен біздің ашық түрдегі кеніштердің ұжымдарына тағы да алғыс айтамын. Бозшакөлде, Ақтоғайда және Бозымшақта олардың бүкіл өндірістік тарихында өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар болған жоқ.

Өкінішке қарай, биыл шілде айында Шығыстүстіметтегі екі әріптесімізден айырылып қалдық. Біз олардың жақындарының қайғыларына ортақтасамыз. Мен тағы да қайталамаймын: кез-келген жазатайым оқиғаның алдын алуға болады.

Соңғы жылдары біз жер асты кеніштерінде қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау саласындағы көрсеткіштерді жақсартдық, 2019 жылдың бірінші жартысында "Goal Zero"ауқымды бастамасы іске қосылды. Компания қауіпсіздік ережелерін бұзу мүмкін болмайтындай жағдай жасауы тиіс.  Бірақ, егер сіз өте мұқият болмасаңыз, бірде-бір құрылған жүйе сізді қорғай алмайды. Егер қауіпті болса, дереу жұмысты тоқтатыңыз.

Өндіріске келетін болсақ, біз әдетте жыл басында қорытынды жасаймыз, бірақ бүгін компания өз стратегиясына сәйкес алға жылжып келе жатқанын айта аламын. Біздің төмен шығынды активтеріміз өсімге арналған берік іргетас жасады. Біз өндірістік жоспарларды сенімді орындаудамыз және өндірістік қызметкерлерге жылдық сыйақы төлеу туралы шешім қабылдадық. Бозшакөл мен Ақтоғай үшін бұл бірінші жылдық сыйақы.

Тағы бір жағымды жаңалық - 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Топ қызметкерлерінің базалық еңюекақысын қайта қаралады. Бұл туралы барлық қызметкерлерді қосымша хабардар етемін.

Алда бізде күрделі және қызықты міндеттер көп, сіздер үлкен командамыздың бір бөлігі екеніне қуаныштымын. Жаңа жылдарыңызбен, әріптестер! Сіздерге денсаулық, сәттілік және амандық серік болсын!

Құрметпен,

Олег Новачук

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов