KAZ Minerals құрамында карьерлер, жерасты кеніштері, Қазақстан мен Қырғызстанда өндірілетін мыс кенін байытатын фабрикалары бар.

null НИКОЛАЕВ КЕН БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫ

23.03.2020

Қарау саны: 0

Артемьев және Юбилейный-Снегирихин кен орындарының кенін қайта өңдеп, байытады.
 
"Шығыстүстімет" ЖШС құрамына кіреді.
Орналасқан жері: Өскемен қаласынан солтүстік-шығысқа 150 км жерде (ШҚО Усть-Таловка кентінің маңында).
Құрылған жылы: 1980 жылы іске қосылды. Компания құрамына 1997 жылы кірді.
Қызметкерлер саны: 550 астам адам
 


Қуаты мен өндіріс көлемі:

  • Кәсіпорынның өндірістік қуаты - жылына  2,2 млн тонна кен.
  • Шығарылатын өнімнің жоспарлы жылдық көлемі (2014 жыл) – 32 400 тонна мыс концентраты; 53 983 тонна мырыш концентраты.
  • Шығарылған өнімнің жылдық нақты көлемі (2014 жыл) – 27751,028 тонна мыс концентраты; 41 700,559 тонна мырыш концентраты.

 
Жабдықтар:

  • 104 дана (орташа пайдалану мерзімі  – 7 жыл) технологиялық жабдық.
  • 256 дана (орташа пайдалану мерзімі – 6.2 жыл) қосалқы жабдық.

 
Технология:

  • Шахтадан келген кен ЩДП 12*5 үгіткішінде бір ғана үгіту сатысынан өтеді.
  • Кенді ұсақтау 4 сатыдан өтеді. Бірінші сатыда кен сулы жартылай өздігінен ұсақтау диірменіне түседі. Екінші, үшінші және төртінші сатыларда шар диірмендерінде ұсақталады.
  • Мыс, мырыш және қорғасын концентраттарын қоюландыру диаметрі 25 және 15 метрлік қоюландыру құрылғыларында жүзеге асырылады.

 
Қызықты мәлімет:

  • Қайта өңделген кеннің ең үлкен көлемі – 2003 жылы 2 610 285 тонна кен.
  • Үгіту бөліміндегі конвейердің ұзындығы 137 метрді құрайды

 
Болашағы:
Николаев КБФ қайта құру жұмыстары аяқталуға жақын. Жобаның құны - $89,536 млн. Қайта құрудың арқасында фабриканың өнімділігі 1,8 млн тоннадан 2,2 млн тонна кенге дейін жетеді. Қайта құрудан кейін мыс, мырыш және қорғасынды тиісті концентраттарға бөліп алу ұлғаяды деп күтілуде.
 
Жобаның аясында ұсақтау, флотация, реагенттерді дайындау бөлімдері мен дозалау алаңын қайта құру бағдарламалары жасалды. Қолданыстағы диірмендерді жаңғырту, сорғы-гидроциклонды құрылғыларды құрастыру көзделген. Технологиялық жабдықтарды, құбырларды құрастыруға, фасонды бұйымдарды әзірлеуге, құбырларды тіреулерін, флотомашиналардың құрылыстарын, пресс-фильтрлерді құрастыруға дайындық жүріп жатыр.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов