KAZ Minerals құрамында карьерлер, жерасты кеніштері, Қазақстан мен Қырғызстанда өндірілетін мыс кенін байытатын фабрикалары бар.

null Мыс тауына жол тапқан майталмандар

22.12.2015

Қарау саны: 0

Алексей Цой басқаратын тиеу-жеткізу машиналар бригадасының мүшелері шахтада ауа райы рөл ойнамайды дейді. Шынымен-ақ, дала аптап ыстық болсын, нөсерлі жаңбыр болсын немесе шықырлаған аяз болсын бәрбір жер астында қызу жұмыс тоқтамай жүріп жатады. Жұмыс вахтасының аяқталып қалды. Алда кәсіби мереке – Шахтерлар күні. Осы мереке қарсаңында біз «Шығыстүстімет» ЖШС қарасты Юбилейно-Снегириханский кенішінде болып қайттық. 

Кеншілердің жұмысы анау-мынау романтикадан аулақ. Оның үстіне кеніштің таудағы қалың орманның арасында орналасуы жұмыс жағдайын күрделене түседі. Мұның бәрі Павел Бажовтың Мыс тау туралы және оның қожайындары жайлы ертегісін еске түсерді. Кеніштің күрделі жағдайларында рухы биік, шыңдалған, өзінің ісіне жан-тәнімен берілген азаматтар ғана еңбек ете алады. 
Біз кенішке таңертен ерте келдік. Алайда бұл жерде түн мен күн туралы түсінік өзгеше. Түңгі ауысым жер бетіне енді ғана көтерілді. Қазір олар үшін ұйқы мен демалыс уақыты. Дегенмен шаршағандарына қарамастан олар бізбен бірер сәт кездесуге келісті.
– Вахталық әдіспен жұмыс істейміз, – деп түсіндірді бригадир Алексей Цой. – Вахтаның ұзақтығы он бес күн. Ол аяқталған 15 күн демаламыз. Бригадамда барлығы он екі адам бар. Олар алты адамнан құралған екі бөлімге біріктірілген. Жігіттер жер астына түсіп, кенді тиеп, жоғарыға көтереді.
Бұл бригада кеніштегі үздік ұжымдардың қатарында. Белгіленген тапсырманы бұлжытпай орындап, барлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамачыз етеді.
Бізбен сұхбат құрғандар қатарында звено басшысы Айбек Әлімғожин және оның әріптестері Виктор Перепутько, Максим Климов, Бекежан Болусаев, Раджан Әскербеков болды. Олардың айтуынша ұжымда өзара түсіністік орнаған. Олар облыстың түрлі өңірлерінен болса да, барлығын жұмысқа, қызметтік дәстүрлерге және сүйікті істеріне деген адалдық біріктіреді.
– Жалпы алғанда біз жарты жыл жұмыстамыз, ал жарты жыл үйдеміз, – деп қалжындайды Айбек Әлімғожин. – Егер қалжынсыз сөйлетін болсақ кенді жер бетіне шығару деген оңай шаруа емес, өзара түсіністік пен өзара қатынасты талап етеді. Бізде әр сәт, әр минут санаулы. Егер әрбір рейс барысында бірнеше минуттан жоғалтатын болсан ауысым аяғында толықтай бір рейске қажетті уақытты жоғалтасын. Шахтада бәрі бірінің артынан бірі жүреді. Басып озатын жол жоқ. Егер біреу жолда тежеп қалса, онда барлығымызға кідіруге тура келеді. Сол себепті звенодағы жұмыс сағатттай тықылдап өтуі тиіс.
Бекежан Болусаев кеніштің негізі қаланған кезден бастап осы жерде жұмыс істеп жүр. Қазір жас әріптестеріне нұсқау болуда. Өзі Глубокий ауданының Березов кентінде тұрады. Раджан Әскербеков вахтаға Малоубинка ауылынан келсе, Виктор Перепутько Алтайский кентінен, Максим Климов – Белоусовка кентінен жол тартады. Айтпақшы, Максим жергілікті кәсіптік-техникалық училищеде оқыды және туған ауылындағы шахтада қызмет етті. Кейін кен байыту фабрикасына жұмысқа ауысты, бірақ мұны жаны қаламады. Қайтадан шахтаға барғысы келді. Сөйтіп, қазір осында.
–Үйдегі демалыстың уақыты аяқталған кезде жұмысқа оралу туралы, жолға шығу керектігі туралы ойлап, мазаң кетеді. Жұмысқа асығасын, – деп ағынан жарылды Виктор Перепутько. – Кеніштің тартып тұратын күші бар сияқты.
Ардагер кенші бір кездері өзінің туған ауылында жұмыс істеген, бір кездері кеншіліктен кетіп те қалған. Дегенмен қайта оралды. Өмірлік және еңбек тәжірибесі мол қызметкерлер үнемі керек. Оның үстіне кеніште жас мамандарды қамқорлыққа алу, бағыт-бағдар беру тәсілі жұмыс істейді. Ал мамандарды дайындау бөлімі кәсіби өсімге жағдай жасайды. Күрделі техникада жұмыс істеу жас болсаңда, тәжірибелі болсаңда үнемі шыңдалуды талап етеді.   
– Бригада да, звенода да бірыңғай жақсы кадрлар жиналған, – дейді кеніштің бас инженері Мұрат Нұрғалиев. – Жалпы кеніштің ұжымы өте ұйымшыл. Мен өзім осында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп жүрмін. Жас мамандардың алғаш келген сәтін, сосын тәжірибелі ағаларынан тәлім алып, уақыты өте білікті маман болғанын, қызмет бабымен өскенін көріп жүрмін.
Жару жұмыстарының мамандары Уәлихан Дүйсекеев пен Ербол Якупбаев та өздерінің кезекті ауысымдарын аяқтады. Олар да тәжірибелі кеншілер. Біреу Жезкентте, екіншісі Семейде тұрады. Өздерінің айрықша жауапты жұмысы туралы әзіл-қалжыңсыз айтып отыр. Олардың сөзіне қарағанда шахта қатілектер мен немқұрайлықты кешірмейді. Әрдайым жинақы, әрі тиянақты болу қажет. Жұмыс барысында тіпті сөйлесудің де қажеті жоқ екен. Жару-қопару мамандары бірін бірі сөзсіз түсінеді.
– Шахтерлар күні мен үшін шынымен ерекше мереке, – дейді Ербол Якупбаев. – отбасымызды жеті баламыз- алты ұл, бір қыз. Олардың ішінде шахтаға келген мен ғана. Анамның әсері болған сияқты. Ол кезінде Көкпекті ауданындағы алтын қазатын Балажал кенішінде жұмыс істеген.    
– Бірінші рет шахтаға түскен адам қандай әсерде болады деймісіз? – дейді Уәлихан Дүйсекенов. – Метроға кірген сияқтысын. Алайда қыдыруға емес, жұмыс істеуге, ақша табуға келдің. Көрген дүниенің барлығы қызықты, кез келген құбылыс туралы сұрастырып, жұрттың мазасын аласын. Ол дұрыс та. Өйткені қанша жыл шахтаға қызмет етпесеңде үнемі ізденіп, үйрену қажет.
Жұлдыз жорамалды сүйетін адамдар әр адамның өзінің асыл тасы болады дегенге сенеді. Ал біздің кейіпкерлер үшін құрамында мыс бар тас ең асыл және қымбат болып табылады..    
Мейір Тоқабаев
Глубокий ауданы 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов