KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Мыс алыбы Бозшакөл

10.10.2018

Қарау саны: 91

; assetEntryID = 694845

KAZ Minerals қызметкері Бозшакөлге өлең арнады

Мысы піскен Бозшакөлдің қойнында,

Майын шығара кенеліпті байлыққа,

Жердің асты  сүбеге толы қазақтың,

Жайылыпты  Сарыарқаның жазында.

 

Шұбары  бастау алып карерьден,

Самосвалмен тонна кенді жеткізген,

Жираторка жұтып қойып майдалай,

Шығарады екен кесектерін кезекпен.

 

Болса да конвейері ұзын-ақ,

Қойманы таудай қылып толтырмақ.

Одан қалды күтіп тұрған кендерді,

ПСИ - деген аты оның дәу шақпақ.

 

Жан шығарып, ұнтақтайды кендерді,

Уақыт созбай шығара одан пульпаны,

Гидроциклонға жол алады шулай ол,

Бөлініп одан сұйықтар мен құм жағы.

 

Кей қырсық ұнтақталмай кесектер,

Бара жатыр  Гальечныйға дірілдер,

Тәртіпке салып ұсақтайды кендерді,

Басып үлкен арасында  пресстер.

 

Одан қалды тоқтамайды процессің,

Циклон арқылы бөліседі сұйығың,

Айналып, құмы қалып, пульпаңды,

Күтеді асыға флотация кең бөлімі,

 

Қосылып  реагенттері сан түрлі,

Элементтер шығады араласа көбігі,

Ажыратып мыс пен басқа металды,

Шығып жатыр мыстың керек бөлігі.

 

Қалған қалдық кетеді енді хвостарға,

Ол да негіз тапқаны бар қойнауда,

Қалдығын ажыратып көп судан,

Сорғы арқылы айдап отыр  дамбаға.

 

Процестердің бәрін өтіп пульпамыз,

Негізгі атын Концентрат деп аламыз,

Мәртебесін Мыс - деп алып тазалап,

Жалғасады тоқтамайды көп жұмыс.

 

Ағып мысың  сүзгілеуге барады ,

Тығыздайды  концентратты қолайлы,

Сығады, қысып, кептіреді құп-құрғақ,

Мысың дайын, осылай бізден шығады.

 

Енді қызық, міне қара, басталады,

Концентратты қаптама өзі алады,

Әдемілеп екі тонна биг-бегке,

Концентрат әдеппенен құйылады.

 

Тізіліп тұрған вагондарға тиеліп,

Мотовозбен кезек-кезек итеріп,

Вагонмен концентратың асығып,

Бозшакөлден ұзап барады тізіліп.

 

Осының бәрі еңбегі болар адамның,

Жана берсін жұмысымыз, адалмыз,

Жиналсақ та  әр қаладан мамандар,

Баласындаймыз бәріміз бір атаның.

 

                                            Дастан Төлеутаев

                                      Сүзгілеуші, Бозшакөл

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов