KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Маңызды мамандықтың майталмандары

24.07.2019

Қарау саны: 74

; assetEntryID = 693105

Металлургтер күніне орай kazminerals.info редакциясы біздің кәсіпорындардағы тағы бір маңызды мамандықтың иелері – кен байытушылар арасында сауалнама жүргізді. Біз түрлі дивизиондардағы әріптестерімізге бірдей сұрақтар қойдық. Нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз.

Алдымен танысып алайық: Татьяна Царькова, Артемьев ӨК Николаев кен байыту фабрикасы бас ғимаратының флотаторы; Берік Шығырбаев, Ақтоғай КБК сульфидті кендерді байыту қызметі бастығының орынбасары; Маргарита Ситкина, Ертіс ӨК Белоусов кен байыту фабрикасы бас ғимаратының флотаторы; Ұлан Абылаев, Бозымшақ КБК кен байыту фабрикасының инженер байытушы-технологы; Наталья Милевская, Орлов ӨК кен байыту фабрикасының бас технологы (байытушы); Рүстем Бижанов, Бозшакөл КБК кен байыту фабрикасының сульфидті кендерді байыту учаскесінің бастығы.

Неге кен байытушы мамандығын таңдадыңыз?

Татьяна Царькова: Шемонаиха ауданында негізгі қала құраушы кәсіпорын – ол Артемьев өндірістік кешені. Сондықтан кен байыту фабрикасы мен үшін үздік таңдау болды. Сол себепті кен байытушы мамандығын оңай таңдадым. Осы жерден өзімді тапқандай сезімде болдым. Достарым, туысқандарым мені қолдады. Фабрикадағы жұмыс тұрақты, ал мамандық құрметке ие екенін барлығы біледі.

Берік Шыгырбаев: Мен металлург боламын деп жоспарлаған емеспін. Мектепті тәмамдаған соң «Автоматты жүйелер» мамандығына барғым келген. Бірақ БҰТ-де жинаған нәтижем бұл мамандыққа жетпеді. Сондықтан «Металлургия және машина жасау», «Көлік», «Өндіріс, құрастыру, пайдалану және жөндеу», «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» салаларының арасында таңдау жасау керек болды. Мен «Түсті металлургия» мамандығын таңдадым. Тіпті мамандығым мені өзі таңдады деуге әбден болады. Университетті аяқтағаннан кейін 23 күннен кейін мен өз еңбек қызметімді бірден байыту саласында бастадым. Мен 9 жыл бұрын жасаған өз таңдауым туралы ешқашан өкінген емеспін. Маған қазір бұл жай мамандық емес – мен мұнымен өмір сүремін.

Маргарита Ситкина: Байыту фабрикасына жұмысқа орналасқанға дейін мен байыту мамандығы менің негізгі мамандығым болады деп ойлаған емеспін. Мен Белоусов фабрикасына мұнда анам, әкем және ағам жұмыс жасағандықтан келуді шештім. Күнделікті жұмыс жөнінде, барлық үдеріс жөнінде, мұның қаншалықты ауыр және сонымен қатар қызықты екенін еститінмін. Мен 18 жасымда жұмысқа орналастым, қазір менің жасым 31-де, мен өз таңдауым туралы ешқашан өкінген жоқпын.

Ұлан Абылаев: Мен Ыстықкөл облысының Жеті-Өгіз ауданында туып-өскенмін. Біздің ауданда «Кұмтор» алтын өндіру кәсіпорны орналасқан. Бала кезімде сол жерде жұмыс жасайтын көршілердің аяқтан нық тұрып жатқанын: жаңа үй салып, жаңа машина сатып алып жатқанын көріп, тау-кен өндіру саласында жұмыс жасауды армандадым. Кұмторда жұмыс жасау, қаражат табу және ата-анама қамқор болу, олардың батасын алу балалық арманым болатын. Осы балалық арманыммен мен тау-кен өндіру саласына келдім. Мен математика, физика, химия, география пәндерін жеңіл игеретінмін. Мектептен кейін Бішкектегі Тау-кен ісі және тау-кен технологиялары институтына түстім. Бес жылдан кейін «байытушы инженер-технолог» мамандығын алдым.

Сізге өз жұмысыңызда не ерекше ұнайды?

Татьяна Царькова: Маған әртүрлілік, бір сарынның жоқ болғаны ұнайды. Әр ауысым әртүрлі өтеді, әрдайым ойлану, шешімдер қабылдау қажет. Жұмыс қызықты, әрине, сәйкес білімдерге ие болу, логикалық ойлана білу қажет. Дегенмен физикалық, сол сияқты моральды шыдамдылықты да ұмытпау қажет.

Берік Шығырбаев: Біздің жұмыста «Мен» дегенге орын жоқ. Өйткені, бұл командалық жұмыс, мұнда ұжыммен жақсы қарым-қатынас орнату және бір бүтін сияқты жұмыс жасау қажет. Біздің мамандығымыз оңайлардың бірі емес, мұнда қайсар мінез қажет. Ол тау-кен-металлургия саласында ең құрметті мамандық болған және болып қалады. Сондықтан мен өз жұмысымды мақтаныш етемін және бағалаймын.

Наталья Милевская: Он екі жылдан астам уақыт өткеннен кейін де мен қалаған жерімде екенімді, өз сүйікті ісіммен айналысып жүргенімді сенімділікпен айта аламын. Дегенмен жұмысқа шәкірт ретінде орналасқан кезде мен байытушы болудың мәнін түсінген де емеспін. Қиыншылықтар, әрине, әрбір жұмыста бар, онсыз болмайды. Жұмыста түрлі жағдай болады. Дегенмен біз ұжыммен бірлесіп мәселелерді талқылап, шешімін табамыз. Менің әріптестерімнің әрқайсысы – бұл жеке тұлға, барлығы тамаша адамдар. Өйткені басшы – бұл тек жоспардың орындалуын талап ету ғана емес, сонымен қатар, ниеттес болу, жеке басының жағдайларында қолдау көрсету, кеңес беру, жанында болу. Біз бір үлкен жанұямыз, бұл рас.

Рүстем Бижанов (Бозшакөл): Жұмыстың өзі маған ұнайды және ол тек жағымды сәттерден тұрады. Бала кезімнен маған командада ойнау, техникамен және механизмдермен жұмыс жасау, оларды шашу және қайта жөндеу ұнайтын. Бұл менің балалық арманым болған десе де болады.

Ұлан Абылаев: Менің жұмысымдағы ең қызықтысы – жұмыс нәтижелерін жеңілдету және жақсарту үшін жаңа идеяларды ойлап табу. Біздің компаниямызда мұндай өнертапқыштық мадақталады. Мысалы, біз апта сайын жиналатын, пікір алмасатын «Даму» атты клубымыздың аясында 2018 жылы 53 идея іске асырылған болатын. Олардың арасында – «Флотацияда микрокөпіршіктерді қолдану» 2018 жылы корпоративтік құндылықтар саласындағы ең үздік жоба болып танылған. Осы жылы біз конкурсқа 2 жобаны жібердік және тағы да жүлделі орынды аламыз деп үміттенеміз. Байыту фабрикамыздың директоры Кенжетай Мангулов әрдайым жобаларды жазуға, идеяларды іске асыруға ынталандырады, бағыттайды және қолдайды.

Сіздің жұмысыңызда ең ауыры не?

Маргарита Ситкина: Менің ойымша, жұмысымыздағы ең ауыры – бұл жоспарлы көрсеткіштерді тұрақты ұстап тұру және адами қасиетті сақтап қалу.

Берік Шығырбаев: Кез-келген жұмыстағыдай, біздің мамандығымызда жауапкершілік түсінігі бар. Менің көзқарасым бойынша, ең ауыры – бұл өз қызметіне жауапкершілік арту, өйткені посткеңестік аумақта бірінші басымдық болып өндірістік жоспарларды орындау есептелген, ал денсаулық пен қауіпсіздік екінші орында болған. Ал бүгінгі күні біздің компаниямызда барлығы керісінше, басымдықта – жеке қауіпсіздік және қауіпсіз еңбек мәдениеті. Сондықтан басында мұндай жағдайға үйрену өте қиын болды. Бірақ бұл біздің жұмысымызда негізгі және түйінді құндылық болды, өйткені біздің ұранымыз – қауіпсіздік техникасы бәрінен де жоғары, ал мақсат – бұл жарақаттануға жол берму және жұмыс күшін жоғалтпай жұмыс жасау.

Наталья Милевская: Жұмыстың бірінші жылы Орлов БФ бас технолог-байытушысы лауазымында ауыр болды. Бұл 2017 жыл еді. Не істеу қажет және қалай істеу қажет екенін білген кезде, бар міндеттің мәнін қызметкерлерге, әрқайсысында жағдайдың нақты түсінігі болатындай жеткізу маңызды. Оның нақты позициясында немесе учаскесінде ғана емес, барлық жалпы сұлбаның көрінісі болатындай.

Ұлан Абылаев: Менің жалпы өндірістік үдерісті бақылауымның себебінен, мобильді телефон ешқашан өшпейді. Өйткені мен тәулік бойы байланыста болуым керек, әріптестерімнің сұрақтарына, өтініштеріне жауап беруге дайын болуым қажет. Тәулігіне 24 сағат бойы сергек болу оңай емес.

Байытушы деген кім? Білмейтін адамға мамандығыңыздың мәнін қалай түсіндіруші едіңіз? Қандай салыстыруды қолданушы едіңіз?

Берік Шығырбаев: Біздің мамандығымызда нақты теоремалар мен аксиомалар жоқ және бірдей ережелер бойынша жұмыс жасау мүмкін емес. Пайдалы қазбаларды байыту – күнделікті тәжірибені және тұрақты білімді талап ететін саланың бір бөлігі. Мен байытушыны, тастың көріксіз сұр үйіндісінен металдан тұратын концентраттың кішкентай бөлшектерінің пайда болуына көмектесетін сиқыршыға теңер едім. Ия, әрине, ол бұны жалаңаш қолмен немесе сиқырлы таяқтың көмегімен жасамайды. Мықты технологиялар ғасырында машиналар қолданылмайтын адам қызметінің саласын елестету мүмкін емес. Бірақ бұл қандай машиналар! Үлкен диірмендер маңғазданып, тамсандыра аударылады. Ақылды үстелдер таңқаларлық ырғақпен және үйлесімділікпен қозғалады. Конвейер суы мол өзен сияқты. Олар тірі сияқты, бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Олар – бірыңғай жаратылыс, олардың жұмысы нәтижесінде біз ғажап көрініс көреміз. Алайда байытушы болуды шешкен адамның білімінсіз бұл мүмкін емес болар еді. Бұл білімдердің көлемі әсер береді! Менің ойымша, бұл мамандықтағы адам химия, физика, геология, математика, экономика сияқты түрлі ғылыми салалардағы ақпаратқа ие болуы қажет.

Рүстем Бижанов: Байытушы — бұл қарапайым тастар құрамынан бағалы және пайдалы металдарды ала алатын маман. Мұны тамақ дайындаумен салыстыруға болады.

Сіздің еңбек жолыңыздағы қызықты/өзгеше/ауыр жағдаймен бөліссеңіз...

Берик Шығырбаев: Мен компанияға 2016 жылғы 26 қазанда жұмысқа орналастым және мен үшін бір вахта бойы біздің үйренуіміз таңқаларлық болды. Тек екінші вахтада ғана бастап мен жұмысқа кірістім. Бұл күні, 23 қарашада, менің есімде жақсы бар: Ақтоғай станциясында пойыздан шыққан кезде, далада -43 градус аяз тұрған. Шынымды айтсам, менде үрей болды, егер қарашада осылай суық болса, желтоқсан және қаңтар айларында не болады? Ішімнен ойладым, кеш болмай тұрғанда, мүмкін, өзімнің туған Ақтөбеме кері қайтатын ба деп (жымияды). Бірақ, кейін анықталғандай, бұл климаттық іркіліс болыпты, менің бірінші вахтамда фабрикада барлық жабдық қатып қалыпты – оны бір аптадан астам жылытқан. Бұл менің есімде жақсы қалыпты және жадымда қалды.

Маргарита Ситкина: Ең өзгеше күн – бұл фабрикадағы бірінші жұмыс күнім болды. Шынымды айтсам, мен шуылдан және машиналар мен жабдықтардың көп мөлшерінен қорықтым. Маған барлығы соншалықты күрделі және мен түсіне алмайтындай көрінді. Бірақ көз қорқақ, қол батыр.

Сіздің көзқарасыңыз бойынша, KAZ Minerals Тобының жалпы жұмысына байытушылар (сіз, әсіресе) қандай үлес қосады?

Берік Шығырбаев: Сұрақ айтарлықтай күрделі. Әр адамға оның мамандығы, әрине, маңызды және мәнді болып табылады, бірақ біздің жағдайда өндіруші-байытушы – бұл үзіліссіз өтетін мамандық. Біз үшін «тоқтау» сөзі жоқ және қолданылмайды, жоспарлы тоқтатуды ескермегенде. Тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн бойы фабрикада барлығы қозғалыста және айналуда, механизм үзіліссіз жұмыс жасайды, мұнда бізден тұрақты мониторинг, жоғарғы концентрация және беріліп жұмыс істеу талап етіледі. Мысалы, бізде фабрикада барлық жұмыс автоматтандырылған. Ауыр физикалық жұмыс жоқ, бірақ бізге, байытушыларға, соңғы нәтиже үшін барлық жауапкершілік жүктелген. Бұл үлкен жауапкершілікті ғана артпайды, сонымен қатар, мені тәртіпке үйретеді. Артылған үмітті ақтауымыз қажет, мен оны айқын түсінемін.

Маргарита Ситкина: Компанияда мамандықтар өте көп, бірақ менің ойымша, флотатор – бұл біздің компаниядағы маңызды мамандықтардың бірі. Кеншілермен өндірілген кен фабрикада ұсақталуға, бөлшектенуге және флотацияға ұшырайды. Флотацияда пайдалы компоненттердің бос жыныстан бөліну үдерісі жүреді.

Ұлан Абылаев: Менің ойымша, біз жалпы іске, компанияның дамуына тікелей үлес қосамыз. Өйткені жылдық өндірістік жоспарды орындау, алынған кеннің сапасы мен саны біздің жұмысымыздың нәтижелілігіне байланысты. Компанияның қызметкерлер құрамын оқыту және дамыту бағдарламасы аясында біз іс жүзінде KAZ Minerals Тобының барлық кәсіпорындарында болдық. Осындай сапарлардың бірінде KAZ Minerals Management бас байытушысы Ұлпан Жетібаева Бозымшақ КБК ұжымын, әсіресе байыту фабрикасын мақтап, бозымшақтықтар жақсы жұмыс істеп қана қоймай, түрлі конкурстарға белсенді қатысатынын, өздерін жоғары деңгейде көрсететінін атап өтті. Мен біздің команда жалпы іске үлкен үлес қосатынын сезіндім және қуандым.

Наталья Милевская: Егер механик – бұл жабдық, энергетик – электр жабдығының жұмысын қамтамасыз ету және электр энергиясын беру, БӨА – бұл үдерістерді автоматтандыру болса, онда технолог-байытушы жабдықты да, электр бөлімін де, үдеріс автоматикасын да, және көптеген ілеспе жағдайларды білуі қажет. Өзіндік құн бойынша шығындарды азайту арқылы дайын өнімге металдарды алуды арттырып, біз осылайша компанияға табыс әкелеміз.

Рүстем Бижанов: Маман-байытушы біздің қазіргі заманда маңызды үлесті қосады, өйткені бір адамға мысты тұтыну халқымыздың жағдайының өсуімен бірге өседі. Сондай-ақ, электромобильдердің шығуымен бірге мыстың үлкен көлемі қажет. Біз, байытушылар, экологиялық таза көліктің дамуына өз үлесімізді қосамыз және сәйкесінше, біздің Топ та электромобиль көлігінің дамуына және мемлекеттегі, дүниежүзіндегі экологияның жақсаруына өз үлесін қосады.

Кәсіби мерекеге орай өз әріптестеріңізге қандай тілек айтушы едіңіз?

Берік Шығырбаев: Жақын ұжымыма, барлық әріптестеріме жаңа еңбек жетістіктерін, мықты денсаулық, амандық, бақыт және жақсылық тілеймін. Өмір күн сияқты жарық болсын, үрейсіз тек қуаныш сіздің босағаңызды аттасын! Әр кезде фабрикада еңбек еткен және қазіргі уақытта еңбек ететін әр адам ризашылықтың ең шынайы сөздеріне лайықты. Біз өзіміздің ортақ үйімізді – байыту фабрикасын мақтан тұтамыз. Әдеттегідей, мұнда келген адам, осында біржола қалады. Барлығына шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, амандық, молшылық және жақсылық тілеймін. Барлық қол жеткен мақсаттар жаңа шыңдар үшін ынталандыру болсын. Әр адамның үйі қуанышқа, берекеге және сүйіспеншілікке толы болсын.

Татьяна Царькова: Әріптестеріме жұмыста табыс, саулық және жан-жақты жеке дамуды тілеймін!

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов