KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Кім озды?

18.11.2016

Қарау саны: 41

; assetEntryID = 712687

"Шығыстүстімет" ЖШС 2016 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша алдыңғы қатарлы қызметкерлерді марапаттады.   Компания басшылар, қызметтер мен бөлімдердің жетекшілері қатысқан алқалы комиссия мүшелері үздік қызметкерлерді анықтады. Өкінішке қарай ауа райының қолайсыздығына орай өндірістік кешендердің өкілдеріне марапаттар жергілікті жерде тапсырылды. Марапаттау салтанаттарын өткізуге "КәсіпҚазақмыс" кәсіподағы көмек көрсетті. 

«Әдетте кәсіпорындар белгілі бір номинацияға өз қызметкерлері арасынан үміткерлерді ұсынады. Біз өз тарапымыздан оларды мақұлдаймыз. Сыйақының көлемін жұмыс беруші өзі тағайындайды», - деді Мадина Асылжанова, "КәсіпҚазақмыс" кәсіподағының ШҚФ ұйымдастырушы менеджері.

2016 жылдың 3 тоқсанында Белуосов кен байыту фабрикасы үздік фабрика атағын жеңіп алды. Ол 70 жылдық тарихына қарамастан әлі күнге дейін үздік нәтижелер көрсетіп келеді. 

«Бұл вымпелді жеңіп алу біз үшін үлкен құрмет. Белоусов кен байыту фабрикасының қызметкерлері үнемі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істейді. Осы артылған сенімді ақтап, алдағы уақытта да жақсы нәтижелер көрсетеміз деп ойлаймын. Фабрика ұжымын жеңістерімен құттықтаймын!», - деді Мұрат Уахитов, Белоусов кен байыту фабрикасының бастығы.

"Үздік цех, корпус" номинациясында екінші рет қатарынан Николаев кен байыту фабрикасының бас корпусы жеңімпаз атанды. 

Жалпы наградалар 12 номинация бойынша тапсырылды. "Үздік шебер", "Үздік басшы", "Үздік маман" номинацияларында 4 жеңімпаздан анықталды. Дегенмен негізгі номинациялардың бірі - ол "Кәсібіндегі үздік". Бұл атақты және арнайы вымпелдарды "Шығыстүстімет" ЖШС-нің 32 қызметкері жеңіп алды. Сонымен қатар үздік бригадалар мен учаскелер де марапатталды. 

«Өндіру учаскеміздің қоян-қолтық жұмысының арқасында осы нәтижеге қол жеткіздік. Бұл біздің ұжымның игі дәстүріне айналады деп сенемін. Төртінші тоқсанда да "Үздік өндіру учаскесі" вымпелын жеңіп алмақшымыз. Бірлеулер мұны тым мақтаншақтық деп ойлар. Ойлай берсін! Ал біз жоспарлы көрсеткіштерді 100% және одан жоғарыға орындауға тырысамыз», - деді Эльдар Сыздықов, "Үздік учаске" атағын жеңіп алған Орлов шахтасының №1 өндіру учаскесінің бастығы .

 

Ермек Дюзкенев

Өскемен

 

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов