KAZ Minerals өзінің қызметкерлеріне және сыртқы аудиторияға арналған медиа өнімдерді шығарады.

null Керемет тұмарлар

24.12.2018

Қарау саны: 0

Әріптестер арасында жаңажылдық конкурс өткізу KAZ Minerals-тың игі дәстүріне айналды. Бұған дейінгі жылдары компания қызметкерлері қардан мүсіндер жасаған еді. Ал биыл Топтың корпоративтік тұмарын жасаумен айналысты.

Тұмар-кейіпкер (маско́т, ағылшын тілінен mascot – «сәттілік әкелетін адам, жануар немесе нысан») – белгілі бір ұжымды, айталық, мектепті, спорттық команданы, қауымдастықты, әскери бөлімшені, іс-шараны немесе брендті бейнелейтін танымал кейіпкер.

Биыл ұйымдастырушылардың атына KAZ Minerals Тобының барлық кәсіпорындарынан 60-қа жуық өтініш келіп түсті. Олардың арасында көртышқандар, түлкілер, роботтар, биг-бегтер, құстар, айдаһарлар, тіпті ғарышкерлер болды! Компанияны бейнелей алатын кейіпкерлер аз емес екен. Келген бейнелердің арасында саны бойынша көртышқан алдыңғы қатарда болды. Бұл таң қалатын дүние емес – шахталар мен карьерлер көртышқанның салған індеріне ұқсайды.

«Альбинос-көртышқанның жүні ақшыл-сұр және көздері қара – ол бірегей және еңбекқор жануар. Ол тундрадан бастап шөл далаға дейінгі аумақтарда мекендейді. Бұл жануар біздің компаниямызды елестетеді – бірегей, тиімді және тез дамып келе жатқан компания», – деп жазды өзінің өтінішінде Оксана Жунинская, ERP жүйелерін дамытудың бастығы (KAZ Minerals Management).

Алайда тек көртышқан ғана ін қазбайды екен. Бозшакөлдің слесарь-жөндеушісі Алексей Синяковскийдің туындысы қазылар алқасына ерекше әсер етті: «Керемет панголин деген бұл жануарды көргенде оның қабыршақтары минералды қыртыстарды елестетті. Ал  қабыршақтарының формасын KAZ Minеrals-тың логотипіне ұқсаттым. Мен оның денесін сары-көк түске бояғанымды елестеттім. Оның тырнақтары кен қазатын экскаватор шөмішінің тістеріне ұқсайды».

Тұмар ретінде ұсынылған жануарлардың арасында түлкі де танымал болып шықты. Түлкілер өркендеу жобаларының маңайында көп мекендейді. Қоршаған ортаны қорғау инженері (Ақтоғай КБК) Бейбіт Кенесариннің айтуы бойынша, түлкі от пен жер сияқты екі стихияға тән жануар, «бұл компаниямыздың бағытына сай келеді. Әсіресе, бұл KAZ Minerals-тың екі түсті эмблемасына сәйкес. Өкінішке қарай мен вахтада жүргенде түлкіні бояу үшін түрлі-түсті бояулар таба алмадым. Ол өзі қызғылт, ал құйрығы мыс купоросы сияқты көгілдір болуы керек еді. Бұл идея маған экологиялық бақылау ұңғымаларын тексеріп жүргенде келді. Топырақтағы сулардың сынамаларын алып тұрған кезімде түлкіні байқап қалдым. Ол менен алшақтады да, тоқтап тұрып, менің іс-әрекетімді бақылай бастады. Содан кейін қашып кетті. Ал мен машинаға жақындағанда логотипімізге назар аударып, осындай тұжырымға келдім».

Айта кететін жәйт, қазылар алқасы тұмарлардың бейнесін ғана емес, оларға берілген сипаттаманы да бағалады. Себебі, корпоративтік тұмар – бұл жәй ғана бейне емес, ол компанияның мәні мен мінезін сипаттайтын кейіпкер. Бизнесті дамыту департаментінің жобалар менеджері Сергей Васильев өзінің ұсынған тұмарына жан-жақты сипаттама беріпті.

«Ұсынылып отырған кейіпкер – Джанго атты жоңғар атжалманы. Ол Оңтүстік-Батыс Сібірдің (Қазақстанның далалары), Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының шөлді, шөлейт, далалық өңірлерінде мекендейді. Дәл осы жерлерде KAZ Minerals Тобының кәсіпорындары орналасқан. Жоңғар атжалманы біздің компания сияқты індері мен шұңқырларын байыппен қазады, ол үнемі қор жинайды – біздің команияның да шикізат түріндегі қорлары және ақшалай қаражаттары бар. Бұл атжалманның иісі жоқ, өте таза, сол себепті оны көбінісе үйде асырайды – бұл біздің жемқорлыққа қарсы саясатымызға және қызметкерлерге деген саясатымызға сәйкес келеді. Яғни, жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдік. Жоңғар атжалманының түстері компания логотипінің корпоративтік түстеріне ұқсайды. Ұсынылған Джангоның басындағы тақиясы – оның Отаны Қазақстан екенін ескертеді. Джангоның аяғында жүнді теріден тігілген жылы етік. Ол ауа райы суық жерлерге арналған. Бұл Чукоткадағы Баимская кен орынын меңзеп тұр! Ал есіміне келсек, Джанго барлық дерлік тілдерде бірдей айтылады және бостандыққа шыққан Джангоны еске салады. 2014 жылы KAZ Minerals тәуелсіз компания ретінде пайда болды».

Көп жылдарға компанияның тұмарына айналып, кәдесый, қуыршақтар түрінде ішкі іс-шараларда қолданылатын бірыңғай кейіпкерді таңдау тиянақты жұмысты және біршама уақытты талап етеді. Сондықтан әріптестеріміз ұсынған кейіпкерлердің қайсысы KAZ Minerals Тобының тұмарына айналатынын осы нөмірді дайындау барысында анықтау мүмкін емес. Корпоративтік байланыстар департаменті бұл туралы конкурстың ережесінде де айтқан. Дегенмен үздік туындыларды бөліп алу қолымыздан келді.

Қазылар алқасының ең көп дауыстарын жинаған топ-8 туынды:

  • «Мыс Адам» (Мұрат Әлдібек, ЕҚ және ҚТ жөніндегі үйлестіруші, Ақтоғай КБК)
  • «Керемет панголин» (Алексей Синяковский, слесарь-жөндеуші, Бозшакөл КБК)
  • «Казмин» (Айдар Болтыбаев, кран операторы, Ақтоғай КБК)
  • «Биг-бег» (Шынар Ғабдулина, гидрогеолог, Ақтоғай КБК)
  • «Копербой» (Анатолий Кадырменов, электрмонтер, Бозшакөл КБК)
  • «Джанго» (Сергей Васильев, бизнесті дамыту департаментінің жобалар менеджері, «KAZ Minerals Management» ЖШС)
  • «Мистер Купрум» (Архат Жағыпар, құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгер-кеңесшісі, «Шығыстүстімет» ЖШС)
  • «Lady FoTu» (Бейбіт Кенесарин, қоршаған ортаны қорғау инженері, Ақтоғай КБК)

Бұл туындылардың авторларына жаңажылдық сыйлықтар жолданады. Ал қалған қатысушыларға пазлдар табысталады.

Ұйымдастырушылар конкурсқа қатысқан барлық әріптестерімізге ұсынған туындылары үшін алғыс айтады! KAZ Minerals-тың корпоративтік маскотының тағдыры қандай болатынын корпоративтік газеттен 2019 жылы оқыңыздар.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов