KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null KAZ Minerals Тобы көктемгі 2 конкурс жариялайды

02.02.2017

Қарау саны: 43

; assetEntryID = 709886

KAZ Minerals Тобы көктемгі 2 конкурс жариялайды. Оларға Топ қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері қатыса алады.

Халықаралық әйелдер күніне орай – ең айрықша аспаздық рецепт конкурсы. Дайындалған ас мамандыққа байланысты болуы тиіс (мәселен, шахтердің таңғы асы, қаржыгердің кешкі асы). Конкурсқа дайын тағамның фотосуреті және оның сипаттамасы (тағамның көлемі мен көрсету форматын қатысушылардың өзі анықтайды). Туындыларды 3 наурызға дейін тапсыру қажет. Жеңімпаздардың есімдері 7 наурызда жарияланады. Олар ас үй техникасымен марапатталады.

Наурыз мейрамына орай – «Өндірістегі көктем» атты балалар суреттерінің конкурсы. Конкурсқа Топ қызметкерлерінің 12 жасқа дейінгі балаларының салған суреттері қабылданады. Туындылар 10 наурызға дейін қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері 16 наурызда жария етіледі. Олар балаларға арналған GPS-сағаттармен марапатталады.

Конкурсқа қатысудағы басты қағидат – адалдық. Ұйымдастырушылар басқа адамдар жасаған туындыларды жолдамауды сұрайды.

Конкурстарға қатысу үшін аталған мерзімдерге дейін туындыларды «8 наурыз» немесе «Наурыз» деп белгілеп editor@kazminerals.info электронды поштасына жолдау қажет.

Ең үздік туындылар kazminerals.info жария етіледі.

Конкурстарда сәттілік тілейміз!    

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов