KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null KAZ Minerals-тың маскоты қандай болмақ?

26.10.2018

Қарау саны: 129

; assetEntryID = 694687

KAZ Minerals Тобының үздік кейіпкер тұмарын (маскот) анықтайтын конкурс жарияланады!

Кейіпкер тұмар (маско́т, ағылшын тіліндегі mascot сөзі – «сәттілік әкелетін адам, жануар немесе нысан») – белгілі бір ұжымды (мектепті, спорттық команданы, қауымдастықты, әскери бөлімшені, іс-шараны немесе брендті) сипаттайтын кез-келген танымал кейіпкер.

Конкурсқа KAZ Minerals Тобының қызметкерлері қатыса алады. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылардың атынан сыйлықтар тапсырылады. Үздік туындылар www.kazminerals.info сайтында жарияланады.


KAZ Minerals Тобының үздік кейіпкер тұмарын (маскот) анықтайтын конкурстың

ЕРЕЖЕСІ

Конкурс компанияның ортақ корпоративтік тұмарын (маскотты) жасау үшін үздік идеялар мен ұсыныстарды анықтау мақсатында өткізіліп отыр. Конкурсты өткізу жаңажылдық мерекелерге арналып отыр.

  1. Өткізу мерзімі

Конкурс оны өткізу туралы ресми хабарланғаннан кейін ашық деп есептеледі. Өтініштер 2018 жылғы 3 желтоқсанға дейін қабылданады

  1. Конкурсқа қатысушылар

Конкурсқа KAZ Minerals Тобындағы өндірістік кешендер мен компаниялардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Конкурсқа KAZ Minerals Тобымен еңбек қатынастары жоқ адамдар қатыса алмайды. Конкурсқа қатысу еркін.

  1. Ұйымдастырушы

KAZ Minerals Тобының Корпоративтік байланыстар департаменті

  1. Жеңімпаздарды анықтау

Жеңімпаздар жаңажылдық мерекелерге дейін анықталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталады.

  1. Өтініштерге қойлатын талаптар

Конкурсқа қатысу үшін:

  • Маскотты өзіңізге ыңғайлы тәсілмен (қолмен немесе векторлық бағдарламалар арқылы бейнелеу, тігу, тоқу, мүсіндеу) жасау;
  • Туындыңызды фотосуретке түсіру немесе сканерден өткізу;
  • Файлды  editor@kazminerals.com поштасына жолдау қажет.

Хатта: 1) қатысушының ТАЖ;

2) лауазымын;

3) компанияның/кәсіпорынның атауын;

 4) жасалған тұмардың (маскоттың) атауын; 5) сипаттама – неге дәл осы кейіпкер KAZ Minerals Тобының тұмарына айналу керек екендігін жазу керек.

Назар аударыңыздар! Жоғарыда жазылған талаптардың барлығы толығымен орындалмаса, өтініштер қабылданбайды.

  1. Конкурстың қазылары

Қазылар құрамы түрлі департаменттер мен қызметтердің өкілдерінен қалыптасады. Қазылар үздік туындыларды таңдап, оларды бағалайды.

  1. Авторлық құқық

Конкурсты ұйымдастырушы маскоттар туралы идеяларды жинайды, бірақ жеңімпаздың туындысы KAZ Minerals Тобының ресми маскоты болады деген кепілдік бермейді.

Конкурсқа қатыса отырып, қатысушылар жолданған идеяларды пайдалануға/өңдеуге, сонымен қатар, Топтың медиа-ресурстарында (сайттар, әлеуметтік желілер, промо-өнімдер және т.б.) тегін пайдалануға рұқсат береді.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов