KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null KAZ Minerals-тағы «жылдам, күшті, әрі биік» қызметкерлер кім?

10.07.2017

Қарау саны: 139

; assetEntryID = 702257

KAZ Minerals Тобы алғаш рет спорттық онлайн-жарыс өткізеді. Енді орналасқан жеріне және тұрғылықты еліне қарамастан Топтың барлық қызметкерлері күш сынаса алады!

Жарысқа қатысу үшін төмендегі тізімде көрсетілген бір немесе бірнеше жаттығудың орындау барысын ұялы телефонға түсіріп, бейнежазбаны немесе бейнежазба орналасқан жердің сілтемесін ұйымдастырушыларға жолдау қажет. Келіп түскен жазбаны тәуелсіз жаттықтырушылар талдап, жеңімпаздарды анықтайды.

Әр жеңімпаз дипломмен, арнайы медальмен және ішінде пайдалы дүниелері бар компанияның рюкзагымен марапатталады. Үздік орындалған жаттығулар KAZ Minerals Тобының арнайы бейнеклипіне енеді. Сонымен қатар KAZ Minerals Инфо корпоративтік газетінде  спортшыларға арналған мақала жарық көреді.   

Жарыстың мерзімі

Қатысуға өтінішті 2017 жылғы 11 тамызға дейін жолдау қажет. Жеңімпаздардың тізімі тамыз айының екінші жартысында жарияланатын болады.

Жарысқа қатысушылар

KAZ Minerals Тобының құрамындағы барлық кәсіпорындар мен компаниялардың қызметкерлері.

Жаттығулар тізімі

«Отырып-тұру»: 1 минут ішінде барынша көп рет отырып-тұру

«Жерден кеудені көтеру»: 1 минут ішінде кеудені жерден барынша көп рет көтеру

«Ұзындыққа секіру»: орыннан барынша ұзындыққа секіру

«Секіртпемен секіру»: 1 минут ішінде секіртпемен барынша көп рет секіру

«Ситаптар»: 1 минут ішінде барынша көп рет қайталау

«Берпи»: 30 (қыздар) және 50 (жігіттер) берпиді барынша тез жасау

«Планка»: барынша ұзақ уақыт шыдап тұру

«Тартылу»: бір асылған кезде барынша көп қатаң тартылу жасау

«Пистолет»: 1 минут ішінде бір аяқпен барынша көп рет отырып-тұру

«Гір тасын көтеру»: 8 кг (қыздар) және 16 кг (жігіттер) гір тасын бір қолмен кеуде тұсынан барынша көп рет итеру

«Таң қалдыр!» арнайы номинациясы: қайталануы қиын ерекше жаттығу немесе трюк көрсету қажет. Арнайы номинацияда жеңімпаздар «45 жасқа дейін» және «45+» жас санатында анықталатын болады.

 

Қатысу тәртібі:

1) Жаттығулардың дұрыс және бұрыс орындалуы туралы бейнероликтерді қарау;

2) Әріптестеріңізден оператор және төреші болуды өтіну. Маңызды ескертпе – бейне түсірілім кезінде телефонды көлденең ұстау қажет;

3) Камераға қарап тұрып өзіңізді таныстыру (аты-жөні, лауазымы және жұмыс орны), пайдаланатын құралдарды (егер тапсырманы орындау мұны қажет етсе) көрсету қажет. Сөйтіп, бірден жаттығуды орындауға кірісіңіз. Маңызды ескертпе – бір бейнежазба бір өтініш болып табылады. Егер бірнеше жаттығу орындасаңыз, бейне жазбалардың саны да сондай болуы керек.

4) Түсірілген бейне жазбаны файл айырбастау ресурсына немесе YouTube-қа салып, оның іслтемесін editor@kazminerals.com поштасына жолдаңыз. Хаттың тақырыпбында «онлайн-жарыс» деп жазып, ал хаттың өзінде қатысушының аты-жөнін, лауазымын және балйаныс телефондарын көрсету қажет. Маңыды ескертпе – бір хатта бірнеше жаттығудың сілтемелерін жолдауға болады!

Назар аударыңыз:

  • Бейнежазбаны монтаждауға немесе кадрларды кесіп, жапсыруға болмайды. Монтаж жасалды деген күдік туғызатын кез-келген бейнежазбасы бар өтініш қабылданбайды;
  • Біреудің атын пайдаланып қатысуға болмайды. Ұйымдастырушылар кез-келген қатысушыны Топтың кәсіпорындары мен компанияларындағы қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімдер арқылы тексеретін болады;
  • Даулы жағдайларда тәуелсіз жаттықтырушылар белгілі бір жаттығудың қайталап орындалуын сұрауы мүмкін.

Ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты байланыс мәліметтері:

+7 727 244 03 53, ішкі 15225

Yuliya.Kuznetsova@Kazminerals.com

 

 

 

 

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов